Аудан әкімінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 24 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 4039 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Казталов аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Казталов ауданы әкімінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3192 тіркелген, 2013 жылғы 8 наурыздағы "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) шешімінің қосымшасына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      40-тармақ алынып тасталсын.
      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Берденов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Казталов ауданының сайлау учаскелерiндегі өзгеріс туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Берденовке жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Бекқайыр

      КЕЛІСІЛДІ:
Казталов аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
___________Н. Құтхожин
14.08.2015 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады