2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 3805 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 25.01.2016 № 13 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 176 "2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3699 тіркелген, 2014 жылғы 5 желтоқсандағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) туралы" күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (К. Суйеугалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шахаров

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 10 қаулысына
  қосымша

2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

Балабақша (республикалық бюджет)

Қаратөбе ауылы
"Қаратөбе ауданының әкімдігінің Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы - балалар бақшасы" МКҚК

120

23 886

23 886

5 600

Балабақша (жергілікті бюджет)

Қаратөбе ауылы
"Жазира" бөбекжайы - балалар бақшасы" МКҚК

90

22 083

22 083

5 600

Шөптікөл ауылы
"Шұғыла" бөбекжайы - балалар бақшасы" МКҚК

30

44 541

44 541

5 600

Қоскөл ауылы
Қоскөл селолық округіндегі "Қарлығаш" балалар бақшасы МКҚК

25

50 603

50 603

5 600

Қарақамыс ауылы
Саралжын селолық округіндегі "Айгөлек" балалар бақшасы МКҚК

20

45 587

45 587

5 600

Егіндікөл ауылы
Егіндікөл селолық округіндегі "Балбұлақ" балалар бақшасы МКҚК

20

48 362

48 362

5 600

Сулыкөл ауылы
Сулыкөл селолық округіндегі "Балапан" балалар бақшасы МКҚК

25

34 476

34 476

5 600

Үшана ауылы
Сулыкөл селолық округіндегі "Раушан" балалар бақшасы МКҚК

25

44 750

44 750

5 600

      Аббревиатураның толық жазылуы:
      МКҚК – Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады