РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Қаратөбе ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 10 "2015 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3805 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (К.Суйеугалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Өмірзақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Шахаров |
2016 жылғы 25 қаңтардағы № 13 Қаратөбе ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшері
Р/с № | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік және аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарына ата–ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Балабақша (республикалық бюджет) | ||||||
1 | Қаратөбе ауылы | "Қаратөбе ауданының әкімдігінің Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы – балалар бақшасы" МКҚК | 120 | 18 731 | 18 731 | 5 600 |
Балабақша (жергілікті бюджет) | ||||||
2 | Қаратөбе ауылы | "Жазира" бөбекжайы – балалар бақшасы" МКҚК | 90 | 25 058 | 25 058 | 5 600 |
3 | Шөптікөл ауылы | "Шұғыла" бөбекжайы – балалар бақшасы" МКҚК | 30 | 48 122 | 48 122 | 5 600 |
4 | Қоскөл ауылы | Қоскөл селолық округіндегі "Қарлығаш" балалар бақшасы МКҚК | 25 | 68 300 | 68 300 | 5 600 |
5 | Қарақамыс ауылы | Саралжын селолық округіндегі "Айгөлек" балалар бақшасы МКҚК | 20 | 43 683 | 43 683 | 5 600 |
6 | Егіндікөл ауылы | Егіндікөл селолық округіндегі "Балбұлақ" балалар бақшасы МКҚК | 20 | 52 417 | 52 417 | 5 600 |
7 | Сулыкөл ауылы | Сулыкөл селолық округіндегі "Балапан" балалар бақшасы МКҚК | 25 | 36 070 | 36 070 | 5 600 |
8 | Үшана ауылы | Сулыкөл ауылдық округіндегі "Раушан" балалар бақшасы МКҚК | 25 | 46 540 | 46 540 | 5 600 |
Р/с – реттік сан;
МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны