Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің Қоскөл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 3794 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 10.01.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылдың 07 қарашасындағы № 430 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің Қоскөл ауылы аумағында қой және ешкі арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қоскөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б. Жұмақай) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі А. Ш. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады