"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық– санитариялық инспекторының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №547 ұсынысы негізінде, Қоскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі Қоскөл ауылы аумағында қой және ешкі арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №1 "Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі Қоскөл ауылы аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3794 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпандағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Қоскөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Жұмақай) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Б.Жақсығалиев |