"Тасқала ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 52 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3857 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 22.01.2018 № 8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тасқала ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т. Д. Нарушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Серғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Әлиев

  2015 жылғы 25 ақпандағы № 52
аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен
бекiтiлген

"Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
      3. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлерiмен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 091000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесi, 23.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады.
      15. Мiндеттерi:
      1) ветеринария саласында Тасқала ауданының жергiлiктi атқарушы билiк органының қызметiн сапалы және мерзiмдi ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге мiндеттердi жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшiн жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтiп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделi тұлғаларға өткiзiлiп жатқан ветеринариялық iс-шаралар туралы ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелерi бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
      6) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтеу;
      9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндi немесе шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
      10) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
      11) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер тiзiмiн бекiту;
      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзу;
      14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актiсiн беру;
      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      iшкi сауда объектiлерiнде;
      жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
      экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асыру;
      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасау;
      18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
      19) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастыру;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттiлiктi айқындау және облыстың жергiлiктi атқарушы органына ақпарат беру;
      22) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну;
      23) облыстың жергiлiктi атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық iс-шаралар жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      24) облыстың жергiлiктi атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      26) облыстың жергiлiктi атқарушы органына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар туралы ұсыныстар енгiзу;
      27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      28) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органына жүктелетiн өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпараттарды алуға;
      мемлекеттiк органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншiк нысанды кәсiпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажеттi ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсiндiрмелердi сұратуға және алуға;
      мемлекеттiк органдардың иелiгiндегi ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
      мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар және ұйымдармен аудан мемлекеттiк органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтiк хат алмасуға;
      Президент актiлерiнiң, Үкiмет қаулыларының, әкiмдiк қаулыларының, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын тексеруге, анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар алуға құқылы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      заңнамада белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      19. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) мекеменiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауап бередi;
      2) заңдарға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;
      4) мемлекеттiк мекеменiң актiлерiне қол қояды;
      5) мемлекеттiк мекеменiнiң басқа мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда мүддесiн бiлдiредi;
      6) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi және жұмысқа дербес жауап бередi;
      7) бөлiмге жүктелген мiндеттердiң, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң, Үкiметi қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмдерiнiң, облыс, аудан әкiмi мен әкiмдiгi актiлерiнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмаларының, облыстық, аудандық мәслихаттың өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң жедел және нақты орындалуы үшiн дербес жауап бередi;
      8) Қазақстан Республикаларының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.
      "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бiрiншi басшы өз қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Тасқала ауданының ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады