Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 8 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 ақпанда № 5055 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзашқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Әлиев

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "22 қаңтардағы
№ 8 қаулысына қосымша

Тасқала ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 51 "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 20 наурызда № 3858 тіркелген, 2015 жылғы 8 сәуірде "Әділет" ақпаратттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 52 "Тасқала ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 20 наурызда № 3857 тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысы;

      3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 122 "Тасқала ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 мамырда № 3542 тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады