"Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 51 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3858 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 22.01.2018 № 8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 121 ""Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3543 тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т. Д. Нарушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Серғалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Әлиев

  2015 жылғы 25 ақпандағы № 51
аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен
бекiтiлген

"Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
      3. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлерiмен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 091000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесi, 23.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады.
      15. Мiндеттерi:
      1) ауыл шаруашылығы саласында Тасқала ауданының жергiлiктi атқарушы билiк органының қызметiн сапалы және мерзiмдi ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге мiндеттердi жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн осы саладағы заңнамаға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзу;
      4) елдi мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
      5) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзедi және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      6) тиiстi өңiрде азық-түлiк тауарлары қорларын есепке алуды жүргiзу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) есептiлiк ұсыну;
      7) "Агроөнеркәсiп кешенiндегi үздiк кәсiп иесi" конкурсын өткiзу;
      8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
      9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
      10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асыру;
      11) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер берудi жүзеге асыру;
      12) заңнамада белгiленген тәртiппен жұмысшы орган ретiнде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органына жүктелетiн өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпараттарды алуға;
      мемлекеттiк органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншiк нысанды кәсiпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажеттi ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсiндiрмелердi сұратуға және алуға;
      мемлекеттiк органдардың иелiгiндегi ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
      мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар және ұйымдармен аудан мемлекеттiк органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтiк хат алмасуға;
      Президент актiлерiнiң, Үкiмет қаулыларының, әкiмдiк қаулыларының, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын тексеруге, анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар алуға құқылы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      заңнамада белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      19. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) мекеменiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауап бередi;
      2) заңдарға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;
      4) мемлекеттiк мекеменiң актiлерiне қол қояды;
      5) мемлекеттiк мекеменiнiң басқа мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда мүддесiн бiлдiредi;
      6) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi және жұмысқа дербес жауап бередi;
      7) бөлiмге жүктелген мiндеттердiң, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң, Үкiметi қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмдерiнiң, облыс, аудан әкiмi мен әкiмдiгi актiлерiнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмаларының, облыстық, аудандық мәслихаттың өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң жедел және нақты орындалуы үшiн дербес жауап бередi;
      8) Қазақстан Республикаларының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.
      "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бiрiншi басшы өз қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады