2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 299 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 4180 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 253 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 29.09.2016 № 253 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 439 "2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3749 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Тасқала ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (А. Ибраева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Әлиев

  2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 299
Тасқала ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. Алты айдан жоғары жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелгендер.
      2. Елу жастан асқан жұмыссыз әйелдер.
      3. Елу бес жастан асқан жұмыссыз ерлер.
      4. Аудан орталығынан тыс елді мекенде тұратындар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық жұмыстарға).
      5. Он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар.
      6. Отбасында бірде-бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар.
      7. Уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар.
      8. Бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар (алғаш жұмыс іздеушілер).
      9. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады