Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 253 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      Аудан әкімі С.Әлиев

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 253 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 299 "2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4180 тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 9 "Тасқала ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4252 тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысы;
      3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 26 "Тасқала ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4286 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады