Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі Оян ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 4099 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Оян ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қосшы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі Оян ауылының "Комсомольск" көшесі – "Мұхамед-Салық Бабажанов" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Қосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М. Кабылгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қосшы ауылдық округінің әкімі Г. Мухамбеткалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады