1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округінің Ақжайық ауылының мынадай көшелері:
"60 лет Октября" көшесі – "Ғабдрахим Хаймулдин" көшесі;
"Пионер лагерь" көшесі – "Бидайық" көшесі деп қайта аталсын.
2. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Туркеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық ауылдық округі әкімі | М. Г. Дуйсенгалиев |