1. Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат, Магистральный, Әйтиев ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
1) Ақсуат ауылы бойынша:
"1К" жобалық көшесі – "Жаңа өмір" көшесі;
"2К" жобалық көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
"3К" жобалық көшесі – "Әділет" көшесі;
2) Магистральный ауылы бойынша:
"1К" жобалық көшесі – "Достық" көшесі;
"2К" жобалық көшесі – "Астана" көшесі;
"3К" жобалық көшесі – "О. Исаев" көшесі;
3) Әйтиев ауылы бойынша:
"1К" жобалық көшесі – "Тәуелсіздік".
2. Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М. Саматова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауылдық округінің әкімі | Л. Искалиева |