Теректі ауданы Новопавловка ауылдық округінің Новопавловка ауылының атаусыз көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Новопавловка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 тамызда № 4010 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Новопавловка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Новопавловка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Новопавловка ауылдық округінің Новопавловка ауылының атаусыз көшесіне мынадай атау берілсін:
      "1К" жобалық көшесі – "Жастар" көшесі.
      2. Новопавловка ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы (А. Джасыбекова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Новопавловка ауылдық
      округінің әкімі Ә. Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады