Теректі ауданы Подстепное ауылдық округінің Подстепное, Барбастау, Юбилейное, Тоқпай ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепное ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 32 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 қырқүйекте № 4017 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Подстепное, Барбастау, Юбилейное, Тоқпай ауылдары халқының пікірлерін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Подстепное ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Подстепное ауылдық округінің Подстепное, Барбастау, Юбилейное, Тоқпай ауылдарының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      1) Подстепное ауылы бойынша:
      жобалық көшесі "51" – "Жұбан Молдағалиев" көшесі;
      жобалық көшесі "46" – "Қажым Жұмалиев көшесі".
      2) Юбилейное ауылы бойынша:
      жобалық көшесі "4 К" – "Хиуаз Доспанова" көшесі.
      3) Барбастау ауылы бойынша:
      жобалық көшесі "1 К" – "Бауыржан Момышұлы көшесі";
      жобалық көшесі "2 К" – "Маншүк Мәметова көшесі";
      жобалық көшесі "3 К" – "Махамбет Өтемісов көшесі";
      жобалық көшесі "4 К" – "Бейбітшілік" көшесі;
      жобалық көшесі "5 К" – "Әлия Молдагулова көшесі";
      жобалық көшесі "6 К" – "Сырым Датұлы" көшесі;
      жобалық көшесі "7 К" – "Төлеген Тоқтаров" көшесі;
      жобалық көшесі "8 К" – "Ақжайық" көшесі.
      3) Тоқпай ауылы бойынша:
      жобалық көшесі "1 К" – "Абылай хан" көшесі;
      жобалық көшесі "2 К" – "Астана" көшесі;
      жобалық көшесі "3 К" – "Абай Құнанбаев" көшесі;
      жобалық көшесі "4 К" – "Қыз Жібек" көшесі;
      жобалық көшесі "5 К" – "Баян Сұлу" көшесі.
      2. Подстепное ауылдық округі әкімінің орынбасары (Т. Манатауов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Подстепное ауылдық округі әкімінің орынбасары Т. Манатауовқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі С. Мадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады