1. Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылының кейбір көшелері:
"Советская" көшесі – "А. Кердері" көшесі;
"Центральная" көшесі – "Абай" көшесі;
"Победы" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
"Зеленая" көшесі – "Саябақ" көшесі;
"Школьная" көшесі – "Астана" көшесі;
"Мирная" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
"Степная" көшесі – "Жайлау" көшесі деп қайта аталсын.
2. Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А. А. Шингалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі | М. Мурзакаев |