Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 91 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің аумағында ірі қара малдар арасынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М. С. Мустафиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын және осы шешімнің орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Р. Мутиев |