Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бап 8 тармағына, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 814 ереженің 19 бап, 262 тармағына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 134 ұсынысы негізінде Шағатай селолық округіне қойылған карантин режимін тоқтату туралы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шағатай ауылдық округіне 2015 жылғы 17 ақпандағы қойылған карантин режимі тоқтатылсын.
2. Шағатай селолық округі әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 3829 Әділет департаментінде тіркелген 2015 жылғы 17 ақпандағы № 2 шешімінің күші жойлсын.
3. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Р. Мутиев |