Теректі ауданы Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 26 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қазанда № 4105 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Федоровка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Федоровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылының мынадай көшелері:
      "Ленин" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Крупская" көшесі – "Достық" көшесі;
      "Чапаев" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Федоровка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н. Бисенгалиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Федоровка ауылдық округінің әкімі М. Энгелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады