2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 8 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 3813 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 15.01.2016 № 3 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32 "Шыңғырлау ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3432 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 наурыздағы "Серпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е. Р. Тұрмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Халелов

  2015 жылғы 22 қаңтардағы № 8
Шыңғырлау ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі:

      1. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
      2. 50 (елу) жастан асқан адамдар;
      3. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бітірушілері;
      4. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар;
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқуды бітірген тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады