Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес 2015 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.
2. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е. Р. Тұрмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
4. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 6 "2015 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы" қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Есалиев |
2015 жылғы 24 ақпандағы № 28 Шыңғырлау ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына қосымша |
2015 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың
ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк аумақтық орналасуы | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдары | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейiнгi ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) |
Балабақша (жергiлiктi бюджет) | |||||
Шыңғырлау ауылы | Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Айгөлек" бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 70 | 21 190 | 21 190 | 4 500 |
Тасмола ауылы | Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің "Балауса" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 27 708 | 27 708 | 4 500 |
Белогор ауылы | Шыңғырлау ауданы Белогор селосының "Қарлығаш" бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 40 623 | 40 623 | 4 500 |
Шыңғырлау ауылы | Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Әкімдігінің "Бөбек" балабақшасы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 80 | 21 458 | 21 458 | 4 500 |
Лубен ауылы | Шыңғырлау ауданы Лубен селосының "Арай" бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 23 958 | 23 958 | 4 500 |
Шыңғырлау ауылы | Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының "Шыңғырлау аудандық "Шұғыла" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 60 | 19 166 | 19 166 | 4 500 |
Шыңғырлау ауылы | Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің Шыңғырлау аудандық "Қызғалдақ" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 58 | 21 551 | 21 551 | 4 500 |
Шыңғырлау ауылы | Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Балдырған" бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 38 896 | 38 896 | 4 500 |