Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округінің Полтава ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 3958 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Полтава ауыл халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Полтава ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округінің Полтава ауылының кейбір көше атаулары:
      "Советская" көшесі – "Достық" көшесі;
      "Комсомольская" көшесі – "Жастар" көшесі;
      "Коммунистическая" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Мира" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Восточная" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
      "Октябрьская" көшесі – "Астана" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Полтава ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (С. Журманова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Полтава ауылдық округі әкімі Т. Уразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады