Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің Алмаз ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қазанда № 4113 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Алмаз ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алмаз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің Алмаз ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Набережная" көшесі – "Сүндетқали Есқалиев" көшесі;
      "60 лет Октября" көшесі – "Жоламан Тіленшіұлы" көшесі;
      "Советская" көшесі – "Қалампыр Рахимова" көшесі;
      деп қайта аталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округі әкімінің 09.11.2015 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алмаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Э. Давлетова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алмаз ауылдық округінің әкімі Г. Каиргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады