Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 11 "Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің Алмаз ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 14 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қарашада № 4137 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Алмаз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің Алмаз ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы" № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4113 санымен тіркелген, аудандық "Серпін" газетінің 2015 жылғы 7 қарашадағы санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "Школьная" көшесі – "Көшелек Еламанұлы" көшесі деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Алмаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Э. Давлетова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алмаз ауылдық округінің әкімі Г. Каиргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады