"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13097 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 521 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.12.2017 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ 12 бұйрығымен бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру
жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидия қаражатын аударуға арналған төлем шоты.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы
тәртібінің сипаттамасы

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 9-1/986 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12431 болып тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттардың (бұдан әрі – өтінім) болуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

      1) "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - оператор) кеңсесі қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минуттан көп емес;

      2) құжаттарды оператор бөлімінің басшысына беру – 30 (отыз) минут ішінде;

      3) құжаттарды оператор басшысының қарауы және оператордың жауапты орындаушысын айқындауы – 30 (отыз) минут ішінде;

      4) қаржы агенті болмаған жағдайда, құжаттарды оператордың жауапты орындаушысының қарауы, ұсынылған құжаттардың стандарт талаптарына сәйкестігін тексеру, тиісті қорытынды ресімдеу, әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемін есептеу, құжаттарды оператор басшысына қарар жазуы үшін ұсыну, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын, көрсетілетін қызметті алушылардың стандарт талаптарына сәйкес/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын жолдау – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде:

      оператор мен қаржы институты арасында қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік/кредиторлық міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартын (бұдан әрі – субсидиялау шарты) жасасу – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

      оператор мен көрсетілетін қызметті беруші арасында субсидиялау шартын жасасу – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде;

      аударуға арналған өтінім сомасының көрсетілетін қызметті алушының субсидиялау кестесіне сәйкестігін, субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есепті тексеру, көрсетілетін қызметті берушіге субсидиялау үшін ақша аударуға арналған өтінім қоса берілген хатты енгізу – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты басшысы және құрылымдық бөлімшесінің бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы қол қойған төлем шотын қалыптастыру және қазынашылық органдарға ұсыну – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде;

      5) қаржы институттарының көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарауы құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады;

      6) субсидиялар бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысы және көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарау, комиссияның өтінішті мақұлдағаны/мақұлдамағаны туралы шешім хаттамасына қол қою – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

      7) оператордың жауапты орындаушысының қаржы институттарына электрондық және қағаз жеткізгіштерде комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме жолдауы – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

      8) қаржы институттары қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмені алғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде көрсетілетін қызметті алушыларға қаржылық сауықтыру шараларын қабылдайды;

      9) қаржы агентінің қатысуы жағдайында құжаттарды оператордың жауапты орындаушысының қарауы, ұсынылған құжаттардың стандарт талаптарына сәйкестігін тексеру, тиісті қорытынды ресімдеу, әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемін есептеу, құжаттарды оператор басшысына қарар жазуы үшін ұсыну, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын, көрсетілетін қызметті алушылардың стандарт талаптарына сәйкес/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын жолдау – 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде:

      оператор мен қаржы институты арасында қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік/кредиторлық міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартын (бұдан әрі – субсидиялау шарты) жасасу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      оператор мен көрсетілетін қызметті беруші арасында субсидиялау шартын жасасу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      аударуға арналған өтінім сомасының көрсетілетін қызметті алушының субсидиялау кестесіне сәйкестігін, субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есепті тексеру, көрсетілетін қызметті берушіге субсидиялау үшін ақша аударуға арналған өтінім қоса берілген хатты енгізу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты басшысы және құрылымдық бөлімшесінің бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы қол қойған төлем шотын қалыптастыру және қазынашылық органдарға ұсыну – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      10) қаржы институттарының көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарауы құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      11) субсидиялар бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысы және көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарау, комиссияның өтінішті мақұлдағаны/мақұлдамағаны туралы шешім хаттамасына қол қою – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      12) оператордың жауапты орындаушысының қаржы институттарына электрондық және қағаз жеткізгіштерде комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме жолдауы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      13) қаржы агенті қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді–көшірме алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаржы институттарымен қарыз туралы негіздемелік келісім/нысаналы мерзімдік банктік салым шартын жасасады;

      14) қаржы агентінің қатысуымен қарыз туралы негіздемелік келісім жасалғаннан кейін, қаржы институттары 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілетін қызметті алушыларға қаржылық сауықтыру шараларын қабылдайды.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіз болып табылатын рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:

      кіріс нөмірі бар тіркелген өтінім;

      құжатты оператордың жауапты орындаушысына беру;

      ұсынылған құжаттардың толықтығы;

      комиссияның өтінімдерді мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімі;

      қорытынды және субсидиялау шартына қол қою;

      субсидия қаражатын аударуға өтінім жолдау;

      төлем шотын қалыптастыру және қазынашылық органдарға ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің және оператордың құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:

      1) оператордың кеңсе қызметкері;

      2) оператордың бөлім басшысы;

      3) оператордың басшысы;

      4) оператордың жауапты орындаушысы;

      5) субсидияларды бөлу жөніндегі комиссия;

      6) комиссия хатшысы;

      7) комиссия төрағасы;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      10) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы;

      12) қаржы институтының жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы (әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті барлық рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы келтірілсін):

      1) оператордың кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады:

      құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес;

      қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес;

      2) оператордың кеңсе қызметкері қабылданған құжаттарды оператордың басшысына жолдайды – 30 (отыз) минут ішінде;

      3) оператордың басшысы құжаттарды қарайды және оператордың жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут ішінде;

      4) қаржы агенті болмаған жағдайда, құжаттарды оператордың жауапты орындаушысының қарауы, ұсынылған құжаттардың стандарт талаптарына сәйкестігін тексеру, тиісті қорытынды ресімдеу, әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемін есептеу, құжаттарды оператор басшысына қарар жазуы үшін ұсыну, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын, көрсетілетін қызметті алушылардың стандарт талаптарына сәйкес/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын жолдау – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде:

      оператор мен қаржы институты арасында қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік/кредиторлық міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартын (бұдан әрі – субсидиялау шарты) жасасу – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

      оператор мен көрсетілетін қызметті беруші арасында субсидиялау шартын жасасу – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде;

      аударуға арналған өтінім сомасының көрсетілетін қызметті алушының субсидиялау кестесіне сәйкестігін, субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есепті тексеру, көрсетілетін қызметті берушіге субсидиялау үшін ақша аударуға арналған өтінім қоса берілген хатты енгізу – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты басшысы және құрылымдық бөлімшесінің бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы қол қойған төлем шотын қалыптастыру және қазынашылық органдарға ұсыну – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде;

      5) қаржы институттарының көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарауы құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады;

      6) субсидиялар бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысы және көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарау, комиссияның өтінішті мақұлдағаны/мақұлдамағаны туралы шешім хаттамасына қол қою – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

      7) оператордың жауапты орындаушысының қаржы институттарына электрондық және қағаз жеткізгіштерде комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме жолдауы – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

      8) қаржы институттары қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмені алғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде көрсетілетін қызметті алушыларға қаржылық сауықтыру шараларын қабылдайды;

      9) қаржы агентінің қатысуы жағдайында құжаттарды оператордың жауапты орындаушысының қарауы, ұсынылған құжаттардың стандарт талаптарына сәйкестігін тексеру, тиісті қорытынды ресімдеу, әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемін есептеу, құжаттарды оператор басшысына қарар жазуы үшін ұсыну, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын, көрсетілетін қызметті алушылардың стандарт талаптарына сәйкес/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын жолдау – 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде:

      оператор мен қаржы институты арасында қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік/кредиторлық міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартын (бұдан әрі – субсидиялау шарты) жасасу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      оператор мен көрсетілетін қызметті беруші арасында субсидиялау шартын жасасу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      аударуға арналған өтінім сомасының көрсетілетін қызметті алушының субсидиялау кестесіне сәйкестігін, субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есепті тексеру, көрсетілетін қызметті берушіге субсидиялау үшін ақша аударуға арналған өтінім қоса берілген хатты енгізу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты басшысы және құрылымдық бөлімшесінің бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы қол қойған төлем шотын қалыптастыру және қазынашылық органдарға ұсыну – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      10) қаржы институттарының көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарауы құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      11) субсидиялар бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысы және көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарау, комиссияның өтінішті мақұлдағаны/мақұлдамағаны туралы шешім хаттамасына қол қою – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      12) оператордың жауапты орындаушысының қаржы институттарына электрондық және қағаз жеткізгіштерде комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме жолдауы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      13) қаржы агенті қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаржы институттарымен қарыз туралы негіздемелік келісім/нысаналы жедел банктік салым шартын жасайды;

      14) қаржы агентінің қатысуымен қарыз туралы негіздемелік келісім жасалғаннан кейін, қаржы институттары 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілетін қызметті алушыларға қаржылық сауықтыру шараларын қабылдайды.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

      10. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранымын өңдеудің ұзақтығы.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің операторына өтінім береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі стандарттың 8-тармағында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызмет стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) өзара іс-қимылдары бірізділігінің толық сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің www.mgov.kz, оператордың www.kam.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін
қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық
мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау"
мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
(қаржы агентінің қатысуынсыз)


"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру
жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау"
мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
(қаржы агентінің қатысуымен)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады