"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 9-1/986 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 желтоқсанда № 12431 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 279 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.07.2017 № 279 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 18 қараша



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 9-1/986 бұйрығымен
бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру
жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы операторға тапсырылған сәттен бастап:

      қаржы агенті болмаған жағдайда күнтізбелік 70 (жетпіс) күн;

      қаржы агенті қатысқан жағдайда 80 (сексен) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидия қаражатын аударуға арналған төлем шоты.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және оператордың жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін (қоса алғанда), сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) операторға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін өтінім (бұдан әрі - субсидиялау үшін өтініш);

      банк операцияларын жүзеге асыру құқығына арналған қаржы институты/төлем агенті лицензиясының көшірмесі;

      қаржы институты куәландырған көрсетілетін қызметті алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері жөніндегі шарттардың көшірмелері;

      көрсетілетін қызметті алушының кредитті/лизингті мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы, кредиттік/лизингтік шартта көрсетілген қарыз алушының шотынан үзінді-көшірме, кредитті мақсатты пайдалану актісі, лизинг нысанасын қабылдау-беру актісі) немесе көрсетілетін қызметті алушының кредиторлық берешекті мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар;

      көрсетілетін қызметті алушының қаржылық сауықтыру жоспары;

      қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру шартының жобасы, қаржы институты куәландырған пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігінің бағанын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінің бағанын қамтитын, жаңартылған өтеу жобасы, оның ішінде электронды түзетілетін форматтағы жобасы.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды операторға тапсырған кезде, қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдану күні мен уақыты көрсетіле отырып, оператордың кеңсесінде тіркелгені туралы белгі немесе құжаттамадағы почта жөнелтілімдерін жүзеге асыратын почта ұйымының белгісі растайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, оператордың және (немесе) оның жұмыскерлерінің
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, оператордың және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), почталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органга шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мен анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары:

      көрсетілетін қызметті берушінің www.mgov.kz,

      оператордың www.kam.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін
қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық
мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде
сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға өтінім

      20___ ж "____" ______________.

      Кімге:

      _____________________________________________________________________

      (оператордың атауы)

      Кімнен:

      _____________________________________________________________________

      (қаржы институтының атауы, почталық заңды мекенжайы, байланыс

      телефондары, бизнес сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелері)

Қарыз алушы туралы мәліметтер

1.

Атауы


2.

Толық почталық (заңды) мекенжайы


3.

Байланыс телефондары


4.

Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі


5.

Банктік деректемелер


6.

Қарыз алушының өтінімі түскен күн


7.

Субсидиялау сомасы


8.

Өтеу кестесі(-лері)інің көшірмесі


9.

Қаржы институты мен қарыз алушы тарапынан ұсынылатын іс-шаралар және заттай және қаржылық мәнде қаржылық сауықтырудан күтілетін әсер көрсетілген қаржылық сауықтыру жоспары



      Осымен:

      1) қарыз алушының кредиттік және лизингтік шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде, сондай-ақ республикалық бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлтық қоры қаражаттары есебінен мемлекеттік қолдау көрсетілмейтіні;

      2) қарыз алушылардың қаржылық берешегін қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсіміндегі немесе оңалту рәсіміндегі қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату, оңалту немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны расталады.

      Қаржы институтының бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы _________________

      Мөр орны (бар болса)

      Өтінімді беру күні 20___ж. "__"_______________

      Өтінімді қабылдау күні 20___ж. "__"_______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады