Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 ақпанда № 13147 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 16/қе бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 11.04.2023 № 16/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесіне жариялау үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Комитет Төрағасы

В. Жұмақанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 22 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздің комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген

Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық
деректер тізбесі

Ашық деректер жиынтығының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөздер (ашық деректер интернет-порталыныңа автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы)

Жауапты тұлға

1

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы

Қажеттілігіне қарай

2016 жылғы ақпан

Ашық деректер интернет-порталы АЖО


2

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары және оқу орындары

Қажеттілігіне қарай

2016 жылғы ақпан

Ашық деректер интернет-порталы АЖО



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады