"Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13187 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 200 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, төлем жүйелеріне кіруді қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды жетілдіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 422-V Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7950 тіркелген, 2012 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 809-814 (27885) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
      кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне (бұдан әрі – төлем жүйесі) қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аутентификация - төлем жүйелерінің хабарламаларымен алмасу кезінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық) және төлем жүйесін пайдаланушылардың қатысу түпнұсқалылығын растауға, сондай-ақ осындай хабарламалардың түпнұсқалылығын растауға арналған шаралар кешені;
      2) кіруді бақылау құралдары - техникалық, бағдарламалық немесе объектілерге кіру туралы ақпаратты тіркеуге мүмкіндік беретін басқа құралдар;
      3) негізгі ақпарат – криптографиялық кілттер немесе ақпаратты криптографиялық қайта өзгертуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа ақпарат;
      4) операциялық тәуекел – ақпараттық жүйелердің жұмысындағы немесе ішкі процестердегі бұзушылықтармен, адамдардың қателерімен, төлем жүйесін басқарудағы іркілістермен немесе бұзушылықтармен байланысты, оның ішінде сыртқы оқиғалардың салдарынан болған тәуекел;
      5) рұқсат етілмеген кіру - төлем жүйесінің пайдаланушысы белгілеген тәртіпті бұза отырып ақпараттық және бағдарламалық ресурстарға кіру;
      6) рұқсат етілмеген кіруден қорғайтын бағдарламалық-аппараттық кешен – дербес компьютерді бөтен адамдардың пайдалануынан, сондай-ақ тіркелген пайдаланушылардың ақпараттық және бағдарламалық ресурстарға кіру бойынша өкілеттіктерін шектеуге арналған қорғау жүйесі;
      7) стандартты емес жағдайлар – операциялық тәуекелдің туындауы салдарынан төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысында іркілістерге (бұзушылықтарға) апаратын жағдайлар;
      8) төлем жүйесінің пайдаланушысы – Орталықпен төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарт жасаған заңды тұлғалар және Орталық;
      9) төлем жүйесі пайдаланушысының ақпараттық жүйесі – төлем жүйесінің пайдаланушысы төлем жүйесінің терминалы арқылы одан әрі төлем жүйесіне жіберуге арналған электрондық құжаттарды қалыптастыру немесе өзгерту үшін пайдаланатын бағдарламалық қамтамасыз ету;
      10) төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешені – пайдаланушының төлем жүйесінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, төлем жүйесін пайдаланушының ақпараттық жүйесін, жұмыс орнын, төлем жүйесінің терминалдарын, төлем жүйесімен коммуникация (деректер беру) құралдарын қамтитын техникалық, бағдарламалық немесе басқа да құралдар;
      11) төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенінің негізгі орталығы (бұдан әрі – негізгі орталық) – пайдаланушының төлем жүйесінде әдеттегі (күнделікті) режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешені;
      12) төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенінің резервтік орталығы (бұдан әрі – резервтік орталық) – төлем жүйесі пайдаланушысының стандартты емес жағдайлар туындаған немесе негізгі орталықта жоспарлы тест жұмыстары жүргізілген кезде пайдаланушының төлем жүйесінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін резервтік бағдарламалық-техникалық кешені;
      13) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны – төлем жүйесіне кіруді қамтамасыз ететін төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютер (сервер);
      14) төлем жүйесі пайдаланушысының қауіпсіздік бөлімшесі – төлем жүйесі пайдаланушысының ақпараттық және бағдарламалық ресурстарының қауіпсіздігі мен олардың қорғалуын қамтамасыз ететін төлем жүйесі пайдаланушысының құрылымдық бөлімшесі;
      15) төлем жүйесінің терминалы – төлем жүйесінің пайдаланушыларында орнатылған, төлем жүйесіне кіруді қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету;
      16) төлем жүйесі терминалының қосымшасы - төлем жүйесінің терминалымен қашықтықтан жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Төлем жүйесінде қолданылатын хабарламалар алмасу рәсімдерін және форматтарын Орталық белгілейді.
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      5. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны кіруі шектеулі үй-жайда (бұдан әрі – Үй-жай) орналастырылады. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны операторларының функцияларын орындайтын қызметкерлердің жұмыс орындарын қоспағанда, Үй-жайда төлем жүйесімен жұмыс істеуге арналмаған жұмыс орындарын орналастыруға жол берілмейді.
      6. Үй-жай механикалық және (немесе) электромеханикалық құлыптар орнатылатын металл және (немесе) кіруден қорғайтын күшейтілген кіретін есіктерімен жабдықталады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Үй-жайға кіретін жерде, сондай-ай төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнында бейнедабылдарды жазып алу мүмкіндігі бар бейнебақылау орнатылады. Объектілердің қозғалысына бейнедабылдардың жазылуының іске қосылуына жол беріледі. Жазылған бейнедабылдар мұрағаты төлем жүйесі пайдаланушысының ішкі құжаттарында белгіленген төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының жүйелік блогындағы мөрлердің немесе пломбалардың бүтіндігін бақылау кезеңінен аз болмайтын уақытқа сақталады.»;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Үй-жайға кіру рұқсаты төлем жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдарда болады. Төлем жүйесінде жұмыс істеуге рұқсаты жоқ адамдардың Үй-жайға кіруіне, стандартты емес жағдайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, төлем жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат берілген адамның қатысуымен ғана жол беріледі.»;
      17-тармақ алынып тасталсын;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Төлем жүйесінің терминалы төлем жүйесінің хабарларын төлем жүйесінде қолданылатын хабарламалар алмасу рәсімдеріне және форматтарына сәйкес өңдейді.»;
      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
      «25-1. Төлем жүйесінің терминалымен жұмыс істеу төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнынан жүзеге асырылады. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнында қашықтықтан кіру жүйелерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына орнатылған қашықтан кіру қызметтері алынады немесе ажыратылады.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралын пайдалану төлем жүйесі пайдаланушысын төлем жүйесіне қосудың міндетті талабы болып табылады, ол мыналарды:
      1) электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру тетігін;
      2) ақпараттың конфиденциалдылығын (деректерді шифрлеуді);
      3) берілетін ақпараттың тұтастығын (деректерді имитациялық қорғауды);
      4) сақталатын ақпараттың және бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын (хэштелген деректерді) қамтамасыз етеді.»;
      49505152535455 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      49. Төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат етілген адамдар мынадай санаттарға бөлінеді:
      1) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнын басқарушы – төлем жүйесінің терминалын басқаруды тікелей жүзеге асыратын адам;
      2) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының операторы – төлем жүйесі пайдаланушысының негізгі ақпаратын пайдалана отырып, төлем жүйесінің хабарларын дайындауды, беруді және қабылдауды, сондай-ақ Орталықта төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының қауіпсіздік офицерінің қатысуымен негізгі ақпаратты әзірлеуді және тіркеуді тікелей жүзеге асыратын адам;
      3) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының қауіпсіздік офицері – төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнында ақпаратты рұқсат етілмеген кіруден қорғайтын бағдарламалық-аппараттық кешенді, ақпаратты электромагнитті арналар бойынша жария болудан қорғайтын құралдарды орнатуды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың жұмыс қабілеттілігін және қауіпсіздік талаптарының орындалуының мониторингін жүзеге асыратын адам.
      50. Қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру кезінде төлем жүйесінің терминалы не оның қосымшасы арқылы МТ 100 және (немесе) МТ 102 форматында төлем хабарларын жасау функциясы болған жағдайда бір адамның Талаптардың 49-тармағында көрсетілген әртүрлі адамдар санаттарының функцияларын (толық немесе ішінара) атқаруына жол берілмейді.
      51. Төлем жүйесі пайдаланушысы мынадай ішкі тіркеу журналдарын жүргізуді жүзеге асырады:
      1) төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілмеген адамдардың Үй-жайға келу журналын, онда мыналар көрсетіледі:
      келуші кірген/шыққан күні, уақыты мен келу мақсаты;
      келушінің тегі және қолы;
      төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың қатарынан бірге ілесіп жүретін адамның тегі мен қолы;
      2) негізгі ақпаратты пайдалану журналы, онда мыналар көрсетіледі:
      негізгі ақпаратты пайдалануды бастау және аяқтау күні, уақыты;
      негізгі ақпаратты пайдаланатын адамның тегі және қолы;
      ауыстыру себебі көрсетілген негізгі ақпаратты ауыстыру күні;
      3) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының жүйелік блогын пломбалау және пломбалар мен мөрлердің бүтіндігін тексеру журналы, онда мыналар көрсетіледі:
      пломбалаудың немесе пломбалардың немесе мөрлердің бүтіндігін тексеру күні мен уақыты;
      пломбалауды немесе пломбалардың немесе мөрлердің бүтіндігін тексеруді жүзеге асырған адамның тегі және қолы;
      пломбалаудың немесе пломбалардың немесе мөрлердің бүтіндігін тексерудің себептері;
      сүргі салу нысандары және сүргі салуға арналған пломбаның немесе стикердің материалы.
      52. Талаптардың 51-тармағында көрсетілген ішкі тіркеу журналдары нөмірленеді, тігіледі және төлем жүйесі пайдаланушысының мөрімен (ол болған кезде) бекітіледі. Ішкі тіркеу журналдарындағы қате жазбалар түзетілуге тиіс және төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген жауапты адамның қолымен расталады.
      53. Төлем жүйесінің пайдаланушысы Талаптардың 51-тармағында көрсетілген ішкі тіркеу журналдарын соңғы жазба жасалған күннен бастап кемінде бір жыл сақтайды.
      54. Төлем жүйесі пайдаланушысының ішкі құжаттарында мыналар айқындалады:
      1) жұмыс пен үзілістердің уақытын, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс тәртібін, сондай-ақ төлем жүйесінің операциялық күні ұзартылған жағдайларды көрсете отырып, төлем жүйесімен жұмыс істеу режимі;
      2) әрбір қызметкер бойынша:
      төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының басқарушысы, операторы немесе қауіпсіздік офицері;
      төлем жүйесіне берілген және төлем жүйесінен алынған электрондық құжаттарды мұрағаттау және сақтау;
      төлем жүйесі пайдаланушысының жүйелік блогында мөрлердің немесе пломбалардың бүтіндігінің мониторингі бойынша орындайтын функцияларын көрсете отырып, төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген қызметкерлердің (лауазымы, тегі және инициалдары көрсетілген) тізімі;
      3) қол жеткізу деңгейі мен орындайтын функцияларын көрсете отырып, Талаптардың 45-тармағында көрсетілген ресурстарға кіруге рұқсаты бар қызметкерлердің (лауазымы, тегі және инициалдары көрсетілген) тізімі;
      4) рұқсат беру мақсаттары көрсетіле отырып, желі және деректерді берудің өзге де техникалық арналары арқылы төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына рұқсаты бар қызметкерлердің (лауазымы, тегі және инициалдары көрсетілген) және ресурстардың тізімі;
      5) төлем жүйесіне берілген және төлем жүйесінен алынған электрондық құжаттарды сақтаудың талаптары, мерзімдері және орындары сондай-ақ осы мұрағаттарға кірудің тәртібі көрсетіле отырып, оларды мұрағаттаудың және одан әрі сақтаудың тәртібі;
      6) техникалық құралдарды, парольдерді немесе төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына кіруді қамтамасыз ететін басқа да ақпаратты сақтау талаптары мен орындарын, оларға кіру рәсімдерін және ауыстыру мерзімдерін көрсете отырып, оларды сақтау және пайдалану тәртібі;
      7) төлем жүйесі пайдаланушысының ақпараттық жүйесінде дайындалған электрондық құжаттарды төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына беру тәртібі;
      8) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнында орнатылған, рұқсат етілмеген кіруден қорғайтын бағдарламалық-аппараттық кешенмен және бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын қамтамасыз ету құралдарымен жұмыс істеу тәртібі;
      9) төлем жүйесі терминалымен жұмыс істеу тәртібі мен рәсімдері;
      10) бір арнадан басқасына өту жағдайлары мен рәсімдерін көрсете отырып, деректер өткізудің негізгі және резервтік арналарымен жұмыс істеу тәртібі.
      55. Төлем жүйелерінің пайдаланушысы төлем жүйесінде жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлерден төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына кіруді қамтамасыз ететін техникалық құралдарды, парольдерді немесе басқа ақпаратты, сондай-ақ конфиденциалды және негізгі ақпаратты жария етпеу және таратпау туралы арнайы міндеттеме алады.
      56. Қауіпсіздікке қатысты ағымдағы және жедел мәселелерді шешу қажет болғанда, төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының операторы мен қауіпсіздік офицері төлем жүйесінің қауіпсіздігі бөлімшесімен өзара іс-әрекет жасайды.»;
      57-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Операциялық тәуекелді басқаруға және төлем жүйесі пайдаланушысы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
      57-1. Операциялық тәуекелді басқару мақсатында төлем жүйесі пайдаланушысы мыналарды:
      1) операциялық тәуекелді басқару әдістерін;
      2) төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмыс істеу сапасын мен сенімділігін бағалау тәртібін;
      3) төлем жүйесі пайдаланушысы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын айқындайтын ішкі құжаттарды жүргізуді қамтамасыз етеді.
      57-2. Төлем жүйесі пайдаланушысы стандартты емес жағдайларда төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысын қалпына келтіру үшін, төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнына және оның орналастыруға, төлем жүйесінің терминалына, Орталықпен өзара іс-қимыл жасауға, негізгі ақпаратты пайдалану және сақтау тәртібіне, қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмыстарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды қоса алғанда, Талаптардың 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін резервтік орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      57-3. Төлем жүйесі пайдаланушысы Орталықтың төлем жүйесімен коммуникациялаудың (деректер берудің) резервтік арнасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Коммуникацияның резервтік арнасын төлем жүйесінің резервтік және (немесе) негізгі орталығының желілік (коммуникациялық) жабдығына қосу мүмкіндігі қарастырылады.
      57-4. Төлем жүйесі пайдаланушысы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарында мынадай негізгі талаптар қамтылады:
      1) резервтік орталықтың орналасқан жері;
      2) стандартты емес жағдайдың туындағаны туралы, оның реттеу нәтижелері туралы төлем жүйесі пайдаланушысының басшылығын және Ұлттық Банкті хабардар ету тәртібі;
      3) резервтік орталықта қалпына келтіру талап етілетін, пайдаланушының Орталықтың төлем жүйесімен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық немесе басқа да құралдардың тізбесі;
      4) резервтік орталықта пайдаланылатын, төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмыс істеуін қызметкерлердің жұмысын қолдауға арналған тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (электрмен жабдықтау, жылу, желдеткіш, сумен жабдықтау, кәріз, өрт сөндіру және өрт дабылы, ғимараттарды күзету) тізбесі;
      5) төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа қайталау және резервтеу тәртібі;
      6) резервтік орталықта қалпына келтіруге жататын төлем жүйесі пайдаланушысының бизнес-процестері;
      7) әрбір бизнес-процесс бойынша төлем жүйесі пайдаланушысының қалпына келтіру командаларының, олардың резервтік орталықтың жұмысына ауысқан кездегі іс-қимылдарының тәртібі сипатталған тізімі;
      8) төлем жүйесі пайдаланушысының қалпына келтіру командасына жұмысты резервтік орталыққа ауыстыру және оны резервтік орталық орналасқан жерге тасымалдау қажеттігі туралы хабарлау тәртібі;
      9) сыртқы өзара іс-қимыл жасауға арналған байланыс;
      10) резервтік орталықтың жұмысын тестілеуден өткізу тәртібі.
      57-5. Негізгі орталықта стандартты емес жағдай туындаған кезде төлем жүйесі пайдаланушысы:
      1) төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстыруды қамтамасыз етеді.
      Төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстыру бойынша стандартты уақыт нормативі стандартты емес жағдай туындаған сәттен бастап үш сағаттан аспайды.
      Стандартты уақыт нормативін сақтауға мүмкіндік болмаған кезде төлем жүйесі пайдаланушысы Орталықтың төлем жүйесінің операциялық күні аяқталғанға дейін төлемдер мен ақша аударымдары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау қажеттігін ескере отырып, төлем жүйесі пайдаланушысының жұмысын резервтік орталыққа ауыстыру үшін қажетті шараларды қабылдайды;
      2) Ұлттық Банкке төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстыру туралы қабылданған шешімі туралы осы шешімді қабылдағаннан кейінгі үш сағат ішінде, келесі жұмыс күні хаттың түпнұсқасын ұсыну шартымен факс арқылы хабарлайды;
      3) Ұлттық Банкке төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстырудың нәтижелері туралы ауыстыру жұмыстары аяқталғаннан кейін үш сағат ішінде, келесі күні хаттың түпнұсқасын ұсыну шартымен факс арқылы хабарлайды;
      4) Ұлттық Банкке төлем жүйесі пайдаланушысының бағдарламалық-техникалық кешенін кері негізгі орталыққа ауыстырудың нәтижелері туралы ауыстыру жұмыстары аяқталғаннан кейін үш сағат ішінде, келесі күні хаттың түпнұсқасын ұсыну шартымен факс арқылы хабарлайды.
      57-6. Төлем жүйесі пайдаланушысы жылына кемінде бір рет төлем жүйесі пайдаланушысының жұмысын резервтік орталықты пайдалануға жоспарлы ауыстыру жолымен резервтік орталықтың жұмыс істеуін тестілеуді жүргізеді. Төлем жүйесі пайдаланушысы жоспарланып отырған тестілеу мерзімдері туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке төлем жүйесі пайдаланушысының жұмысын резервтік орталықты пайдалануға жоспарлы ауыстыру басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын ұсынады.
      Төлем жүйесі пайдаланушысы тестілеудің нәтижелері туралы мәліметтерді, болған кезде анықталған проблемалар мен оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді көрсете отырып, Ұлттық Банкке төлем жүйесі пайдаланушысының жұмысын негізгі орталыққа қайтару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
      57-7. Төлем жүйесі пайдаланушысы операциялық тәуекелді басқару әдістерін реттейтін құжатты және төлем жүйесі пайдаланушысы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын өзектендіру қажеттілігі тұрғысынан жыл сайын талдауға тиіс.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Төлем жүйесі пайдаланушысы мен Орталықтың арасында төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы жасалған шарт бұзылған (қолданылу мерзімі аяқталған) кезде Орталық бұл туралы шарт бұзылған сәттен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей шартқа сәйкес Ұлттық Банкке хабарлайды.».
      2. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сарсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы, осы қаулының 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының сексен тоғызыншы – бір жүз он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Д. Ақышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады