Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 ақпанда 13198 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 48 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 03.06.2019 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 19) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Қоса берілген Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сонымен қатар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет минстрілігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
27 қаңтардағы 2016 жылғы № 15
бұйрығымен бекітілген

Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заның, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заның орындау үшін әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қағидалар, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кәсіпкерлік Кодекс) 146-бабына сәйкес тіркелуге жатпайтын, бақылау мен қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жіберетін хабарлардың есебін жүргізу тәртібін анықтайды.

      3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау және қадағалау органдары уәкілетті органға жіберетін хабарлардың есебін жүргізу (бұдан әрі – хабарлардың есебін жүргізу) – құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына жолданатын мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүргізу туралы хабарларды есепке алу, сонымен қатар тиісті ақпараттық есепке алу құжаттармен қамтамасыз ету шаралар кешені;

      2) есеп жүргізудің субъектілері – жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдардың, филиалдардың және заңды тұлғалардың өкілдіктерінің қызметіне тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдары уәкілеттік берген мемлекеттік органдар;

      3) тексерілетін объектілер – бақылауға және қадағалауға жататын, тексерілетін субъектіде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде болатын мүлік;

      4) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      5) уәкілетті орган - өз құзыретінің шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті іске асыратын, бақылау және қадағалау органдары жолдайтын хабарлардың есебін жүргізуге өкілеттігі бар мемлекеттік орган.

      6) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі - ЭАЕҚ) – құқықтық статистика және арнайы есепке алудың деректері қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпаратты электрондық түрде тасымалдаушы.

      4. Хабарлардың есебін жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізген тексерулер және бақылау мен қадағалаудың басқа нысандары нәтижесінде қалыптасқан сенімді және жеткілікті құқықтық статистикалық ақпаратты жинау, есепке алу, зерттеу және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Хабарлардың есебін жүргізу рәсімі келесіні қамтиды:

      1) бақылау және қадағалау органдары уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың уәкілетті органда есебін жүргізу;

      2) электрондық ақпараттық есепке алу құжаттармен қамтамасыз ету.

2. Бақылау және қадағалаудың басқа нысандарының есебін жүргізу тәртібі мен хабарлардың есебін жүргізу

      6. Хабарлардың есебін жүргізу тексерілетін субъект (объект) орналасқан жері бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.

      7. Хабарлардың есебін жүргізу бақылау және қадағалау органдары уәкілетті органға № 1-Х нысаны бойынша жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу бойынша мәліметтердің есебін жүргізу карточкасын көрсету арқылы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – № 1-Х карточкасы).

      8. Уәкiлеттi органның қызметкері № 1-Х карточкасын алғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей есеп жүргізудің субъектілеріне хабарлардың есебін жүргізу туралы хабарлама жолдайды.

      9. Кәсіпкерлік Кодекстің 137 бабы 8 тармағына сәйкес есеп жүргізудің субъектілері бақылаудың нәтижелері туралы актіні дайындағаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей бақылау және қадағалау өзге де нысандарын талдау нәтижелері туралы деректерді № 1-Х карточкасын толтыру арқылы Тексеру субъектілері және объектілерінің бірыңғай тізілімі (ТСОБТ) деректер қорына енгізеді.

      10. ЭАЕҚ деректемелері – № 1-Х карточкаларын мемлекеттің бақылау мен қадағалауды жүргізетін адам толтыруы тиіс.

      ЭАЕҚ сандық ақпараттық, соның ішінде сөздік деректемені қамтитын көрсеткіштерінде уәкілетті орган белгілеген кодты белгілердің нөмірлері көрсетіледі.

      Енізілген мәліметтердің сенімділігін, тұтастығын, объективтілік пен уақыттылығын қамтамасыз ету мемлекеттік органның басшысына және ЭАЕҚ толтырған жауапты тұлғаларға, ал алқалы мемлекеттік органдарда осы бағыттты қадағалайтын алқалы мемлекеттік органдардың мүшелеріне және ЭАЕҚ толтырған жауапты тұлғаларға жүктеледі.

      11. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бірыңғай нысанда және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес № 1-Х карточкаларының мәліметтер негізінде "Бақылау және қадағалау органдарының уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу туралы" № 1-Х нысанды есеп құрастырады (бұдан әрі - № 1-Х есеп) (Excel электрондық кесте форматында).

      Әр облыс және мемлекеттік органдар үшін № 1-Х есептерді есептеу негізінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне тоқсан сайын қағаз және электрондық түрде жасайды және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің есептерінің деректері негізінде уәкілетті органның орталық аппараты өңірлер мен субъектілер бөлінісінде жиынтық есепті құрастырады.

      Уәкілетті орган республика бойынша № 1-Х жиынтық есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұсынады.

  Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде
Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген
тәртіпте құқықтық статистика және арнайы есепке алу
саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын
уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Бақылау және қадағалау органдары уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу бойынша мәліметтердің есебін
жүргізу № 1-Х карточкасы

1. Хабарды жіберген мемлекеттік органның атауы: [органның коды бойынша сөздік деректер]

2. Мемлекеттік органның деңгейі: [республикалық -1, аймақтық – 2, қалалық -3, аудандық – 4, ауылдық – 5]

3.Тексерілетін субъектінің түрі: [1-жеке тұлға; 2-заңды тұлға; 3-жеке кәсіпкердің субъектісі, сонымен қатар: 3-1 – шағын кәсіпкерлік, 3-2 – кіші кәсіпкерлік, 3-4 – орта кәсіпкерлік, 3-5 – үлкен кәсіпкерлік; 4 – мемлекеттік мекемелер, соның ішінде: 4-1 –мемлекеттік орган, 4-2 – мемлекеттік кәсіпорындар; 5 –коммерциялық емес мекемелер]

3.1. Ұйымдастыру – құқықтық нысан: [сөздік дерек]

3.2. Тексерудегі субъект қызметінің түрі (негізгі): [қызмет саласы бойынша сөздік дерек]

3.3. Тексерудегі субъектінің ЖСН/БСН: [нөмір]

3.4. Тексерілетін субъектінің атауы: [мәтін]

3.5. Тексерілетін субъектінің мекен-жайы: [мәтін]

4. Тексерілетін субъектінің қызметінің түрі: [қызмет саласы бойынша сөздік дерек]

4.1. Тексерілетін объектінің атауы: [мәтін]

4.2. Тексерілетін объектінің мекен-жайы: [мәтін]

4.3. Объектінің тұрған учаскесінің алаңы: [мәтін]

5. Тексерілетін субъектінің қауіп дәрежесі(объектінің): [тәуекел топтары бойынша сөздік деректемесі]

6. Хабар субъектісінің тіркеу нөмірі: [нөмір]

7. Хабар күні: [күні]

8. Бақылау және қадағалау жүргізудің өзге нысанының (мемлекеттік) мерзімі –: [күні] бастап

8.1. [күні] дейін

9. тексерілетін мерзім – [күні] бастап

9.1. [күні] дейін

10. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның қолы (тұлғалардың) лауазымы А.Т.Ә. [мәтін]

11. Хабар негізі (ХХХ): [1ХХ – тексерілетін субъектілерге (объектілер) бару арқылы бақылау мен қадағалаудың басқа нысандарын жүргізу; 2 – бағыттау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген хабарлар]

11.1. Олардың арасында тексерілетін субъектілерге (объектілер) бару арқылы бақылау мен қадағалаудың басқа нысанын келесі негізде жүргізеді: [1 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 1)-тармақшасы, 2 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасы, 3 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасы, 4 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 4)-тармақшасы, 5 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 5)-тармақшасы, 6 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 6)-тармақшасы, 7 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасы, 8 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 8)-тармақшасы, 9 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 9)-тармақшасы, 10 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 10)-тармақшасы, 11 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 11)-тармақшасы, 12 - Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 12)-тармақшасы, 13 - бюджет заңнамасы]

11.2. Хабарлар бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу аясы, оны бағыттау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген: [заңнама саласы бойынша сөздік деректеме]

12. Бақылаудың басқа түрін жүргізбеген себебі: [1 – бас тарту, 2 – тоқтату, 3 – (заңсыз) жарамсыз деп тану, 4 - басқа]

12.1. Шешім қабылдады: [1 – мемлекеттік орган, 2 – сот, 3 – прокурор, 4 – уәкілетті орган]

12.2. Шешім күні: [күні]

13. Хабарлар бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері туралы мәліметтер, оларды бағыттау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген: [1 - бұзушылықтар анықталған жоқ; 2 - бұзушылықтар анықталды]

14. Мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қорытынды құжат әзірленді: [1- анықтама, 2 – қол қою, 3 – қорытынды, 4 – басқа]

Уәкілетті органның қызметкері толтырады

15. Уәкілетті органның бөлімшесі: органның коды бойынша сөздік деректемесі]

16. Хабарлардың есебін жүргізу күні: [күні]

17. Есептің реттік нөмірі: [нөмір]

18. А.Т.Ә., лауазымы, хабарды қабылдаған уәкілетті органның қызметкерінің қолы: [мәтін]

  Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті
шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке
алу саласында статистикалық қызметті жүзеге
асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың
есебін жүргізу қағидаларына
2-қосымша

"Бақылау және қадағалау органдарының уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу туралы"

      Нысан





Барлық келіп түскен хабарлар

жеке кәсіпкерліктің субъектілері

2-ші бағаннан

жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар

мемлекеттік кәсіпорындар

мемлекеттік мекемелер

Олардың ішінен мемлекеттік органдар (9-шы бағаннан )

коммерциялық емес ұйымдар

соның ішінде кіші кәсіпкерліктің объектілері

олардың ішінен микро кәсіпкерліктің субъектілері (3-ші бағаннан)

соның ішінде орта кәсіпкерліктің объектілері

соның ішінде ірі кәсіпкерліктің объектілері





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Бақылау мен қадағалау органдары уәкiлеттi органға жолдайтын хабарлар шығарылған тексерілетін субъектілер (объектілердің) саны

1












Соның ішінде олар бойынша бара отырып бақылау және қадағалаудың өзге нысандарын жүргізу туралы хабарлар шығарылған тексерілетін субъектілердің (объектілердің) саны (1-ші жолдан)

2












Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізілмеген деп есептен алынған тексерілетін субъектілер (объектілер) саны (1-ші жолдан)

3












Олардың ішінен бара отырып мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары жүргізілмеген деп есептен алынған тексерілетін субъектілер (объектілер) саны (3-ші жолдан)

4












Олар бойынша бұзушылықтар анықталған тексерілетін субъектілер (объектілер) саны (1-ші жолдан)

5












Соның ішінде олар бойынша бара отырып бақылау және қадағалаудың өзге нысандары нәтижесі бойынша бұзушылықтар анықталған тексерілетін субъектілер (объектілер) саны (6-шы жолдан)

6













Бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарының түрлері

Кәсіпкерлік кодексінің  137-бабы3-тармағының 1)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 4)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 5)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 6)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 8)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 9)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 10)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 11)-тармақшасы

Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 12)-тармақшасы

Бюджет заңнамасын сақтау

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24
















































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады