Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13201 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.10.2024 № 811 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділем министрлігінің Республикалық құқтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ.Демеуовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 52 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылымиәдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.10.2024 № 811 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) әзірленген және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ІІМ білім беру ұйымдары) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) академиялық күнтізбе – демалыс (каникулдар мен мерекелер) күндерін

      көрсете отырып, оқу жылы ішінде оқу және бақылау іc-шараларын, практикаларды өткізу күнтізбесі, оны Ғылыми кеңес шешімінің негізінде ІІМ білім беру ұйымының бастығы бекітеді. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, каникулдардан және практикалардан тұрады. Бітіруші курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады. Академиялық кезеңді (семестр, триместр, тоқсан) және оның ұзақтығын ІІМ білім беру ұйымдары дербес анықтайды;

      2) курсант - әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      3) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;

      4) дәріс - білім алушылардың теориялық даярлығының негізін құрайтын оқу сабағының түрі. Дәрістер ғылыми білімнің жай-күйін және тиісті саласын дамыту перспективаларын ашатын, білім алушылардың назарын анағұрлым күрделі мәселелерге аударатын, олардың белсенді танымдық қызмет пен шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыратын пән және (немесе) модуль бойынша ғылыми білімдердің жүйелі негіздерін қамтиды;

      5) жұмыс оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және біліктілік талаптары, сипаттамалары негізінде ІІМ білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;

      6) жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) – білім беру бағдарламаларының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша ІІМ білім беру ұйымы дербес әзірлейтін құжат;

      7) зертханалық жұмыс - зертханалық жұмыстар теория мен практиканы бір-бірімен байланыстырушы буын болып табылады және оқытылатын пәннің және (немесе) модульдің ғылыми-теориялық ережесін білім алушыларға практикалық нысанда үйретуге, олардың тәжірибелі зерттеулер өткізудің тәсілдерін игеріп, алынған нәтижелерді сараптай білуін, зертханалық қондырғылар, бақылау-өлшеу аспаптары мен анықтау техникалары арқылы жұмыс жүргізу қабілеттерін жетілдіру мақсатында өткізілетін оқу сабағының түрі;

      8) кәсіптік практика - ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрін орындау процесінде теориялық білімді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

      9) білім беру бағдарламасының оқу - әдістемелік кешені (бұдан әрі – ОӘК) - кәсіптік практикадан өту, дипломдық жұмыстарды (жобаларды), магистрлік (докторлық) диссертацияларды (жобаларды) орындау бойынша және білім алушыларды қорытынды аттестаттау бойынша әдістемелік нұсқауларды қамтитын құжаттар жиынтығы;

      10) оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру процесін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша ІІМ білім беру ұйымының қызметі;

      11) оқу-жаттығу - теориялық білімді тексеруге, нақтылауға және бекітуге, жедел-қызметтік міндеттерді шешуде білім алушыларға машықтарды дарытуға ықпал ететін практикалық оқыту нысаны. Оқу-жаттығу арнайы әзірленген жоспар (сценарий) бойынша өткізіледі, онда тақырып, оқу мақсаттары, қатысушылар, өткізу ауданы (орны) және уақыты, қысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар беріледі. Практикалық қызметкерлерді тарта отырып, оқу-жаттығу өткізілген кезде жоспар практикалық ІІО басшылығымен келісіледі;

      12) оқу процесі - ІІМ білім беру ұйымдарында білім беру мазмұнын іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық және дидактикалық іс-шаралардың жүйесі;

      13) ғылыми кеңес - ғылыми және оқу - әдістемелік қызметтің мәселелері бойынша басшылықты жүзеге асыратын ІІМ білім беру ұйымы басқармасының жоғары алқалы органы;

      14) оқу сабақтарының кестесі - оқу процесінің буындары мен элементтерін бірыңғай жүйеге байланыстыратын және білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрам мен қосалқы оқу персоналының оқыту жұмысын реттейтін құжат. Сабақтардың оқу кестесін ІІМ білім беру ұйымы бастығының орынбасары бекітеді, білім алушылар мен оқытушыларға оқу процесі басталардан екі апта бұрын кешіктірілмей хабарланады;

      15) пәннің оқу-әдістемелік кешені (бұдан әрі - ПОӘК) - білім алушылардың оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған, жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) негізінде әзірленетін бірыңғай оқу және әдістемелік материалдар жиынтығы;

      16) практикалық сабақ - дәріс және семинар сабақтарында алынған теориялық білімді тереңдету, кеңейту, нақтылау және оны практикалық қолдана білу денгейіне дейін арттыру мақсатында өткізілетін сабақ түрі;

      17) семинар - оқу пәнінің анағұрлым күрделі мәселелері (тақырыптары, бөлімдері) бойынша өткізілетін және оқу пәнінің және (немесе) модульдің мазмұнын тереңдетіп зерделеу, білім алушыларға оқу ақпаратын өз бетінше іздеу және талдау дағдыларын үйрету мақсаты бар оқу сабағының түрі;

      18) транскрипт (Transcript) - кредиттер мен бағаларды көрсете отырып, тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерін қамтитын құжат;

      19) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - ҮОБ) - "Білім туралы" Заңның 5- бабы 5-2) тармақшасына сәйкес оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті айқындайтын білім беру бағдарламасының міндетті компоненті пәнінің оқу құжаты.

2-тарау. ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

      3. ІІМ білім беру ұйымдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауды:

      1) ІІМ білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесіне;

      2) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (бұдан әрі - МЖМБС);

      3) академиялық күнтізбеге;

      4) білім беру бағдардамаларына және жұмыс оқу жоспарларына;

      5) пән және (немесе) модуль бойынша үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.

      4. ІІМ білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім берудің мазмұнын таңдау, оқу процесін жоспарлау, оқу сабақтарын өткізудің әдістері мен түрлерін таңдау, білім алушылардың өзіндік жұмыстары, білім алушылардың оқу жетістіктерін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау нысандары арқылы жүзеге асырылады.

      5. Білім беру мазмұнының құрылымы МЖМБС талаптарына, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезендердің ұзақтығына, академиялық сабақтардың түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылған талаптарға сәйкес анықталады.

      Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім берудің мазмұнын анықтайтын, олардың қатысын, өлшемін және есебін көрсететін әртүрлі оқу жұмыстарынан қалыптасады.

      6. Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 764 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17755 болып тіркелген) бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ ЖОЖ, академиялық күнтізбеге, сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      ЖОЖ-да әрбір оқу пәнінің және (немесе) кредиттердегі міндетті компонент пен жоғары оқу орны компонентінің модулінің тізбесі мен еңбек сыйымдылығы, оларды зерделеу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау нысандары айқындалады.

      ЖОЖ оқу жылына әзірленеді және ғылыми кеңестің шешімі негізінде ІІМ білім беру ұйымының бастығы бекітеді. ЖОЖ оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады.

      ЖОЖ-ның нысанын, құрылымын ІІМ білім беру ұйымы дербес әзірлейді.

      ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің жұмысы және оны сайлау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 574 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5038 болып тіркелген) бекітілген Жоғары оқу орнының Ғылыми Кеңесі қызметінің үлгі ережесіне және оны сайлау тәртібіне сәйкес анықталады.

      7. Оқу жоспарларының барлық нысандарында пәндерді бірыңғай кодтау жүйесі қолданылады, ол оқу жоспарының әр пәніне және (немесе) модуліне тиісінше әріптік және сандық белгісімен код береді.

      8. Оқу пәнін және (немесе) модульді бірнеше академиялық кезенде меңгеруі игеріледі. Пәнді және (немесе) модульді зерделеу аяқталған соң, білім алушылар емтихан нысанында қорытынды бақылау тапсырады. Егер пән ұзақтығы екі және одан көп академиялық кезеңнен тұрса, әр академиялық кезеңнің соңында емтихан нысанында аралық бақылау өткізіледі. Кәсіптік практикалардың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) және магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары (тәжірибелік-зерттеу) қорғау арқылы бағаланады.

      9. Қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін және (немесе) модульдерді зерделеу және студенттердің өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орындарында кредиттерді игеру, үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 4 аптаны құрайтын жазғы семестр (бітірушілер курсын қоспағанда) енгізіледі.

      10. Оқу сабақтарының кестесінде әрбір курс, оның жекеленген ағындары мен оқу топтары үшін сабақ өтетін орындары, уақыты мен түрлері, сабақты өткізетін адамдар мен зерделенетін тақырыптар көрсетіледі.

      Оқу сабақтарының кестесі оқу жоспары мен бағдарламаларға сәйкес келеді, негізгі педагогикалық талаптарға жауап береді, пәнді және (немесе) модульдерді зерделеудің әзірленетін құрылымдық-логикалық сызбаларын ескере отырып, дайындалады.

      Оқу сабақтарының кестесіне өзгерістер оқу жұмысын бақылайтын ІІМ білім беру ұйымы бастығы орынбасарының рұқсатымен және дәйекті жазылған баянат (еркін нысандағы) негізінде енгізуге жол беріледі.

      11. Білім беру бағдарламалары ОӘК және ПОӘК, пәндердің және (немесе) модульдердің жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) негізінде жүзеге асырылады.

      ОӘК және ПОӘК, пәндердің және (немесе) модульдердің жұмыс оқу бағдарламаларының (силлабустардың) нысанын, құрылымын ІІМ білім беру ұйымы дербес әзірлейді.

      ОӘК білім беру бағдарламасын, ЖОЖ, практиканың барлық түрлерін өту, білім алушылардың дипломдық жұмыстарды (жобаларды), магистрлік (докторлық) диссертацияларды (жобаларды) орындау, аттестаттау қорытындысын өткізу бойынша әдістемелік нұсқауларды қамтиды.

      ОӘК "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 22 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13135 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес әзірленеді.

      12. ПОӘК-ке өзгерістер мен толықтырулар енгізу парағы, пәннің және (немесе) модульдің үлгілік оқу бағдарламасы (міндетті компонент пәні үшін), пәннің және (немесе) модульдің жұмыс бағдарламасы (силлабус), пәнді және (немесе) модульді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы, дәрістердің тезистері, пәнді және (немесе) модульді зерделеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, бақылау, курстық жұмыстарды (жобаларды) және зертханалық практикумдарды (егер ол ЖОЖ көзделген болса), білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдарды, оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуді, қолданылу мақсатын көрсете отырып мамандандырылған аудиториялардың, кабинеттердің, зертханалардың (егер олар болса) тізбесін қамтиды.

      ПОӘК кафедра отырысында қаралады және бекітіледі. ПОӘК әзірлеу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін ІІМ білім беру ұйымдары дербес анықтайды. ПОӘК әзірлеу жаңадан енгізілген пәндер және (немесе) модульдер үшін көзделген. Өзгерістер мен толықтырулар қолданыстағы ПОӘК-ге енгізіледі.

      ПОӘК тиісті кафедрада сақталады. Мыналар: ПОӘК бекіту туралы кафедраның отырысының хаттамасы (үзінді-көшірме); ПОӘК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы парақ; пәннің және (немесе) модульдің жұмыс бағдарламасы (силлабус) басып шығарылған күйінде ұсынылады. ПОӘК-нің қалған элементтері электронды нұсқада сақталады. Сақталу тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын, таралуы шектеулі пәндер және (немесе) модульдер бойынша әзірленетін ПОӘК-ге бұл ереже қолданылмайды.

      Кафедра жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) негізінде кешенге енгізілген ПОӘК және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді

      13. Барлық оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің мазмұны жұмыс оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен анықталады.

      14. Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) МОӘК құрылымына кіреді, кафедра және ІІМ білім беру ұйымының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралады.

      Оқу бағдарламасының (силлабус) құрылымы титулдық парақты, алғысөзді, зерделенетін пәннің және (немесе) модульдердің сипатын, оның мақсаты мен міндетін; тақырыптық жоспарларды; пәннің және (немесе) модульдердің мазмұнын (тақырыптық жоспарға сәйкес әрбір тақырыптың қысқаша сипатын); ұсынылған әдебиеттердің тізімін; сабақтардың тақырыптары көрсетілген жоспарларды, сабақ түрлерін, қаралатын сұрақтарды, міндеттердің түрлері мен мазмұнын (міндеттердің тақырыбы, түрлері және мазмұны көрсетіледі), пән және (немесе) модульдер бойынша тапсырмаларды беру және орындау кестесін, курстың саясаты мен рәсімін, аралық бақылаудың сұрақтары мен тапсырмаларын, қорытынды бақылауға сұрақтар мен тапсырмаларды (болған жағдайда) қамтиды.

      15. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында оқу процесі оқытудың ұзақтығы мен мазмұнын айқындайтын оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Оқу бағдарламаларын ІІМ білім беру ұйымдары дербес әзірлейді және ІІМ бейінді қызметтерімен және кадр бөлінісімен келісіледі.

      ІІМ кадр бөлінісі аумақтық бөліністер үшін ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары қызметкерлерінің біліктілігін артыру және қайта даярлау жөніндегі жоспар-кестені әзірлейді.

      Жоспар-кесте аумақтық ішкі істер органдары өтінімдерінің негізінде қалыптастырылады.

      16. ІІМ білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, оқу-жаттығулар, кәсіптік практиканың барлық түрлері. ІІО білім беру ұйымдарының шешімі бойынша енгізілетін оқу сабақтарының басқа да түрлері өткізіледі.

      17. ІІМ білім беру ұйымында мынадай негізгі есепке алу құжаттамасы жүргізіледі:

      1) қорытынды бақылау ведомосі;

      2) жиынтық қорытынды ведомосi;

      3) кафедраның оқу сабақтарына өзара қатысуын есепке алу журналы, мұнда сабаққа қатысушы мен сабақты өткізушінің аты-жөні мен лауазымы, сабаққа қатысудың мақсаты мен мерзімі, пән атауы және тақырыбы, сабақты өткізу ұзақтығы, өткізу орны, сабақтың қысқаша сипаты көрсетіледі. Журналда сабаққа қатысу бойынша нәтижелер, сабаққа қатысушының алған оң тәжірибесі мен ерекше көзқарасы жазылады;

      4) диплом бланкілерін есепке алу журналы;

      5) транскрипт;

      6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі немесе ІІО білім беру ұйымдарының шешімі бойынша басқа да құжаттама.

      18. ІІМ білім беру ұйымдары оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары, біліктілікті арттыру, практикамен байланыс, қызмет өткеру және басқа да жұмыс түрлері қамтылған әртүрлі жұмыстардың еңбек сыйымдылығына олардың күрделілігін ескере отырып, нормативтерді дербес белгілейді. Жұмыстардың жалпы көлемі оқу жылы бойы 1840 сағаттан аспауы тиіс.

3-тарау. ІІМ-нің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін жүзеге асыру тәртібі

      19. ІІМ білім беру ұйымдарында оқу процесі осы Қағидаларға сәйкес оқу оқытудың кредиттік технологиясы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 245 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22653 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша жүзеге асырылады.

      20. Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді және (немесе) модульдерді реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.

      21. ІІМ білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу кредитпен өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады.

      22. Бір кредиттің еңбек сыйымдылығын ЖЖББС белгілейді.

      23. Оқытудың кредиттік технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.

      24. Білім беру бағдарламаларының мазмұны тиісті МЖМБС-да белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.

      25. ІІМ білім беру ұйымы оқу процесін ақпараттық көздермен: оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу пәндері және (немесе) модульдері бойынша әдістемелік құралдармен және әзірлемелермен, белсенді тарату материалдарымен және дербес жұмыстар жөніндегі нұсқаулармен, электронды оқулықтармен, желілік білім ресурстарына қолжетімдікпен толық көлемде қамтамасыз етіледі.

      26. ІІМ білім беру ұйымдарында кредиттік технологияны пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

      1) білім көлемін біріздендіру;

      2) білім алушылардың теориялық білімі мен практикалық машықтарын игеру үшін барынша жағдай жасау;

      3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;

      4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.

      27. Оқытудың кредиттік технологиясы:

      1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән және (немесе) модуль бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізуді;

      2) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды;

      3) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыруды;

      4) факультеттің (бөлім) және кафедралардың оқу процесін ұйымдастырудағы академиялық еркіндігін, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруды;

      5) оқу процесін қағаз және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді;

      6) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістерін;

      7) әрбір оқу пәні және (немесе) модульдер бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалануды қамтиды.

      28. Профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық жүктемесін жоспарлау академиялық сағатпен немесе кредитпен жүзеге асырылады. Бұл ретте аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының ағыммен, топпен, кіші топпен байланыстық жұмыс уақыты бойынша есептеледі.

      Әрбір білім алушымен жеке жұмыс түрлеріне жұмсалатын уақыт шығыны (білім алушының өзіндік жұмысының (бұдан әрі – БӨЖ) тапсырмаларын, курстық жұмыстарды (жобаларды), емтихан қабылдау, оның ішінде мемлекеттік атестаттау комиссияның (бұдан әрі – МАК) құрамында, бітіруші курс жұмыстарына жетекшілік ету) ІІМ білім беру ұйымдары дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі.

      29. Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты кем дегенде 40 минутты құрайды.

      30. Практикалардың ұзақтығын білім беру ұйымы МЖББС және білім беру бағдарламаларына сәйкес дербес айқындайды.

      31. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды және магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыстарын жоспарлауды МЖББС және білім беру бағдарламаларына сәйкес ІІМ білім беру ұйымы дербес жүзеге асырады.

      32. Оқу сабақтары негізінен белсенді шығармашылық нысандарда (кейсстади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар) жүргізіледі.

      Академиялық ағым мен топтың толығуын ІІМ білім беру ұйымы дербес анықтайды.

      33. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (БОӨЖ) және толығымен өзі орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ – БӨЖ).

      БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен расталады.

      34. Магистранттың оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмысы (бұдан әрі – МОӨЖ) және докторанттың оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ДОӨЖ) БӨЖ жалпы көлемінде білім беру ұйымы дербес анықтайды.

      БОӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланыстылығы аудиториялық жұмыс түрі болып табылады.

      Оқу бағдарламаларына анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмаларын орындау, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша консультациялар, семестрлік жұмысты, есептер және БӨЖ тапсырмаларының басқа да түрлерін бақылау БОӨЖ-ға кіреді.

      35. Білім беру бағдарламасын іске асырудың сапасын арттыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оқу процесіне және қорытынды бақылауға бөлінеді.

      36. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыруды білім беру сапасын мониторингтеу және бақылау (бағалау) бөліністері жүзеге асырады.

      37. Білім беру сапасын мониторингтеу және бақылау (бағалау) бөліністері білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын оқу кезеңі бойы жүргізеді, ол осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша транскрипте айқындалады.

      38. Транскрипт білім алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі.

      39. Оқытушы ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрлерін жүргізеді және білім алушының ағымдағы үлгеріміне сәйкес келетін (ағымдағы орташа арифметикалық бағасы және аралық бақылау) баға шығарады. Бұл ретте білім алушының оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады.

      40. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады.

      Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

      41. Пән бойынша академиялық берешегі бар білім алушы, келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде қайтадан осы пәнді дербес өзі өтеді, ағымдағы бақылаудың барлық талаптарын орындайды, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

      42. Білім беру сапасын мониторингтеу және бақылау (бағалау) бөлінісі оқу жылының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейінің орташа үлгерім балын (GPA) есептейді.

      43. Курстан курсқа көшіру үшін көшіру балын – білім алушыны келесі курсқа көшіруге рұқсат беретін үлгерімнің ең төменгі орта балы мәнін курстар бойынша ІІМ білім беру ұйымдары дербес белгілейді.

      44. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға тиісті білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, магистр дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор, (PhD) философия докторы дәрежесі және диплом мен транскрипт беріледі.

4-тарау. ІІМ-нің әскери, арнаулы оқу орындарының оқу-әдістемелік және ғылыми - әдістемелік қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі

      45. ІІМ білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс "Білім туралы" Заңға сәйкес ұйымдастырылады және білім мен ғылымды интеграциялау, профессорлық-оқытушы құрамның білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымдарында біліктілік арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      46. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру, сонымен қатар ІІО-ға қызметке кандидаттарды арнайы бастапқы оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ІІМ білім беру ұйымдарындағы оқуәдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттардан тұрады:

      1) білім беруді ақпараттандыру мен озық педагогикалық тәжірибені тарату және қорыту бойынша іс-шаралар өткізу;

      2) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың білім алушылардың ағымдық үлгеріміне тигізетін әсерін талдау;

      3) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді дайындау;

      4) білім беру процесін ІІМ ведомстволарының ғылыми және практикалық қажеттіліктерін есепке ала отырып, перспективті жоспарлауды ұйымдастыру;

      5) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс құжаттарын оқытудың қазіргі замаңғы технологиялары бойынша дайындау және енгізу;

      6) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді дайындап, конкурстарға қатыстыру және олардың нәтижелерін ІІО-ның практикалық қызметіне, норма шығару, сонымен қатар оқу процесіне енгізу;

      7) білім берудің оқу-материалдық, дидактикалық-әдістемелік құралдарын дайындау және енгізу;

      8) оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды, диссертацияларды, монографияларды, ғылыми мақалаларды, ғылымиәдістемелік әзірлемелерді, жобаларды сараптау;

      9) білім беру процесін оқу әдебиетімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру;

      10) ұқсас мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын біріздендіру бойынша ұсыным енгізу;

      11) нормативтік-құқықтық актілерді, жоғарғы және жоғарғы оқу орыннан кейінгі білім беру мамандықтарын жіктеуіштерді, МЖМБС жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу;

      12) оқу процесіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды, оқытудың автоматтандырылған жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық-кітапханалық жүйені енгізу;

      13) оқу бағдарламаларын дайындау, үлгілік оқу бағдарламаларының жобаларын дайындауға қатысу;

      14) пән бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен силлабустарға мемлекеттік білім берудің жалпы міндетті стандарт талаптарын есепке ала отырып, сараптама жасау;

      15) оқулықтарды, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын, басқа да оқу-әдістемелік әдебиеттерді, оның ішінде электронды тасымалдағыштардағы және дидактикалық материалдарды дайындау;

      16) оқытудың сапасын, білім алушының оқу жетістіктері деңгейін талдау;

      17) ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру жөніндегі тақырыптық ғылыми семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

      18) магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу, ғылымиәдістемелік жұмыстарының нысандары мен мазмұнына талдау жасау, бағытбағдар беру, ұйымдастыру;

      19) магистранттарды, докторанттарды дайындауды жүзеге асыру және ұйымдастыру.

      47. ІІМ білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарына ІІМ білім беру ұйымы бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары тікелей жетекшілік етуді жүзеге асырады.

      ІІМ білім беру ұйымдарының құрылымдық бөліністерінің оқу-әдістемелік жұмыстарына жалпы жетекшілікті сайланбалы өкілдік органдар - әдістемелік кеңестер жүзеге асырады.

      Әдістемелік кеңестерді құру тәртібі мен қызметін, құрамы мен өкілеттігін ІІМ білім беру ұйымы дербес анықтайды.

      48. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс оқу процесін үйлестіретін, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру, ІІО-ға қызметке кандидаттарды арнайы бастапқы оқыту бағдарламаларын іске асыратын ІІМ білім беру ұйымдарының барлық құрылымдық бөліністерінде (әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік комиссияларда, бөлімшелерде, бөлімдерде, кафедраларда, факультеттерде, институтттарда), оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөліністерде (оқу-әдістемелік бөлім (басқарма), орталық, кабинет) жүзеге асырылады.

      49. ІІМ білім беру ұйымдарының құрылымдық бөліністері мынадай оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады:

      1) институттардың, факультеттердің, кафедралардың, бөлімдердің, бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарына жетекшілік ету;

      2) оқу-әдістемелік және оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарға сараптама жасап, оларды әдістемелік кеңестерде қарау үшін ұсыну;

      3) оқу-тәрбие процесінің, әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды дайындау;

      4) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдерді талдау және басылымға ұсыну.

      50. Ұжымдық әдістемелік жұмыстардың нысандары кафедралардың әдістемелік комиссиялары, семинарлар мен конференциялар болып табылады.

      Әдістемелік пәндік комиссияның қызметі кафедраның жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады. Әдістемелік пәндік комиссия отырысының хаттамасы кафедра, цикл отырысы хаттамасына қосымша болып табылады.

      51. ІІМ білім беру ұйымдарында әдістемелік комиссияға жетекшілік етуді анағұрлым тәжірибелі оқытушылар арасынан тағайындалған төрағалар жүзеге асырады. Кафедралардың әдістемелік пәндік комиссиясының жұмысына басқа бөлімшелердің қызметкерлері тартылуы мүмкін.

      52. Оқу-әдістемелік құжаттаманы ІІМ білім беру ұйымдарының тиісті құрылымдық бөліністері әзірлейді, білім беру ұйымдарының әдістемелік комиссияларында, кафедраларында, әдістемелік кеңестерінде талқылаудан өтеді.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарында оқу процесін,
оқу-әдістемелік және ғылыми-
әдістемелік қызметті
ұйымдастыру және жүзеге
асыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы/ the name of High Educational Estabishment/

      ________________________________________________________________________

      наименование высшего учебного заведения)

      ________________________________________________________________________

      Транскрипт /The transcript/ Транскрипт

      Серия №

      Т.А.Ә./Name/Ф.И.О.

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

                              Факультеті/Faculty/Факультет

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Білім беру бағдарламасы/ Education programm/Образовательная программа _______

      _______________________________________________________________________

      Түскен жылы/Year/Год поступления ________________________________________

      Оқу тілі/Language/Язык ___________________________________________________

Пәндердің аталуы/Courses/Наименование дисциплины

Кредит саны/
Credit hours/
Количество кредитов

Бaғa/Grade/Оценка

Пайызбен/
In persent/
В процентах/

Әріптік/
Аlphabetіс/
Буквенная

Балмен/
In points/
В баллах

Дәстүрлі жүйемен/
Traditional/
Традиционная

1

2

3

4

5

6

7















      Кәсіптік практикадан өтті/Has passed professional practice/Прошел профессиональные практики

Кәсіптік практикалардың түрлері/
The form of professional practice/
Виды профессиональных практик

Практикадан өту кезеңі/
The period of passage of practice/
Период прохождения практики

Кредит саны/
Credit hours/
Количество кредитов

Баға/Grade/Оценка

Пайызбен/
In persent/
В процентах

Әріптік/
Alphabetic/
Буквенная

Балмен/
In points/
В баллах

Дәстүрлі жүйемен/
Traditional/
Традиционная





























      Білім алушыларды қорытынды аттестаттау/Final state attestation/ Итоговая аттестация обучающихся

Мемлекеттік емтиханды
тапсырды/
Has passed the state examinations/
Сдал государственные экзамены

МАК-тың хаттамасының күні және нөмірі/
Date and number of the report of SAC/
Дата и номер протокола ГАК

Баға/Grade/Оценка

Пайызбен/
In persent/
В процентах

Әріптік/
Alphabetic/
Буквенная

Балмен/
In points/
В баллах

Дәстүрлі жүйемен/
Traditional/
Традиционная

Мамандық бойынша/
On a speciality/
По специальности






Пәндер бойынша/
On disciplines/
По дисциплинам












      Қорытынды жұмысты орындады және қорғады/Has executed and has defended degree work/Выполнил(а) и защитил(а) выпускную работу

Қорытынды жұмыстың тақырыбы/
Theme of degree work/
Тема выпускной работы

МАК күні және нөмірі/
Date and number of the report of SAC/
Дата и номер протокола ГАК

Кредит саны/
Credit hours/
Количество кредитов

Баға/Grade/Оценка

Пайызбен/
In persent/
В процентах

Әріптік/
Alphabetic/
Буквенная

Балмен/
In points/
в баллах

Дәстурлі жүйемен/
Traditional/
Традиционная








      Жалпы кредит саны/ Total Hours Passed/Общее число кредитов __________

      GPA _____________________________________________________________

      ЖОО бастығы /RECTOR/ Начальник ВУЗа (қолы/signature/подпись)

      Факультет бастығы /the DEAN/

      Начальник факультета (қолы/signature/подпись)

      Хатшы /SECRETARY/Секретарь (қолы/signature/подпись)

      М.О М.П. тipкeу №/registration №/регистрационный №______

      20____жылғы/year/год "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады