Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13215 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының 12.08.2016 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының 12.08.2016 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрлігінің


Статистика комитеті төрағасының


міндетін атқарушы

Б. Иманәлиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      Т.Б. Дүйсенова _____________

      2016 жылғы 27 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 11 бұйрығымен бекітілген

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының 12.08.2016 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әдістеме еңбек нарығындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз халықтың статистикалық көрсеткіштерін өлшеу үшін негізгі аспектілер мен әдістерді және экономикалық қызмет түрлері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты есепке алу тәртібін айқындайды.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері жұмыс күшіне зерттеу жүргізу кезінде қолданылатын еңбек нарығы көрсеткіштерін әдіснамалық қамтамасыз ету және олардың нәтижелерін жалпылау үшін және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін қолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Әдістеме өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және жұмыссыздарды анықтаудың халықаралық стандарттарының және өлшемшарттарының негізінде әзірленді.

      5. Әдістемеде Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, "Мемлекеттік статистика туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында қабылданған ұғымдар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықтың санын анықтау

      6. Еңбек нарығын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпарат жинау жұмыс күші және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдардың саны және құрамы туралы ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында халыққа іріктемелі зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Халыққа сауал салу интервьюерлердің іріктемеге түскен үй шаруашылықтарына тікелей барып, сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Зерттеу сұрақтарының жауаптарына байланысты халық жұмыс күші құрамына қатысу мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға жіктеледі.

      Жұмыс күші жұмыспен қамтылғандардың саны және жұмыссыз халық санының сомасы ретінде анықталады.

      ХЕҰ ұсынымдарына сәйкес жұмыс күшін өлшеу үшін 15 және одан үлкен жас қабылданды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Жұмыс күші құрамына қатысу мәртебесін анықтау кезінде адамдарды жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға жатқызу басымдық қағидасын қолданумен жүргізіледі – жұмыссыздық алдында жұмыспен қамтуға басымдық береді, ал жұмыссыздық жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға қатысты басымдыққа ие.

      Ескерту. Әдістеме 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-2. Жұмыспен қамтылғандар екі топқа бөлінеді: жұмыста бар жұмыспен қамтылған адамдар және жұмыста жоқ жұмыспен қамтылған адамдар.

      Жұмыста бар жұмыспен қамтылған адамдарға жұмыс орнында зерттеу жүріп жатқан апта ішінде бір сағаттан кем емес жұмыс істегендер жатады.

      Жұмыста жоқ жұмыспен қамтылған адамдарға жұмыс орнында уақытша болмауына немесе жұмыс уақытын ұйымдастыруына байланысты (ауыспалы жұмыс, икемді график және басқалары) жұмыс орнында болмағандар жатады.

      Ескерту. Әдістеме 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жұмыспен қамтылған адамдар Жұмыспен қамтылғандар мәртебесінің халықаралық жіктелімінің негізінде жалдамалы қызметкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып бөлінеді.

      10. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қызметтегі жағдайы бойынша бөлу зерттеудің сұрақтарына респонденттердің берген жауаптарына сүйене отырып жүзеге асырылады:

      жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;

      жұмыспен жеке айналысатындар (табыс алу үшін жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылғандарды қоса алғанда);

      отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері;

      өндірістік кооператив мүшелері.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жеке негізде жұмыспен қамтылған адамдарды анықтау:

      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелген және жұмыс істейтін) (бұдан әрі - ТЖЖЖҚ);

      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелген санынан жұмыс істемейтіндер және тіркелмегендер) (бұдан әрі - ТЖТЖЖҚ) зерттеуге сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жеке қосалқы шаруашылығында өндіретін өнімді пайдаланатын жұмыспен қамтылған халық келесі топтар бөлінеді:

      тек өз тұтынуымыз үшін;

      ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін;

      айырбас (сату) үшін.

      13. Бұл ажырату өз жеке қосалқы шаруашылығында жұмыс істейтін және өнімді тек өз тұтынуы үшін, ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндіретін адамдарды, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндіретін адамдарды анықтауға және ажыратуға мүмкіндік береді.

      14. Жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылғандарға жеке аулада, үй іргесіндегі учаскеде, саяжайда (бақшада) жұмыспен қамтылған адамдар жатады.

      15. ТЖЖЖ, ТЖТЖЖҚ, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатындар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері саны орташа айлық табыстары деңгейiн есепке алумен:

      орташа айлық табыстары деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейiнiң шамасынан төмен (бұдан әрі – ЕТКД);

      орташа айлық табыстары деңгейі ЕТКД жоғары болып екі топқа бөлінеді.

      16. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар келесі топтарға бөлінеді:

      нәтижелі жұмыспен қамтылғандар;

      нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар.

      17. Нәтижелі жұмыспен қамтылғандар тобына өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың келесі санаттары кіреді:

      жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер – орташа айлық табыстары деңгейіне тәуелсіз;

      орташа айлық табыстары деңгейі ЕТКД жоғары өндірістік кооператив мүшелері, ТЖЖЖ, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатын жұмыспен қамтылғандар.

      18. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар тобына өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың келесі санаттары:

      орташа айлық табыстары деңгейіне тәуелсіз ТЖТЖЖҚ, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері;

      орташа айлық табыстарының деңгейі ЕТКД төмен өндірістік кооператив мүшелері, ТЖЖЖ, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатын жұмыспен қамтылғандар кіреді.

      19. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық бойынша ресми статистикалық ақпарат көрсетілген санаттарды есепке ала отырып, келесі топтар бойынша қалыптастырылады:

      тұрғылықты жердің типі бойынша;

      өңірлер бойынша;

      жынысы бойынша;

      жас топтары бойынша;

      білім деңгейі бойынша;

      жұмыспен қамтылу мәртебесі бойынша;

      жұмыспен қамтылу топтары бойынша;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің секциялары бойынша);

      табыс тобына тиістілігі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Жұмыссыздарға жұмысы жоқ, жұмыс іздеу үстіндегі және жұмысқа кірісуге дайын адамдар жатқызылады.

      21. Жеке қосалқы шаруашылықта өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатын адамдар, оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар егер олар жұмыс іздеумен айналысып және жұмысқа кірісуге дайын болса жұмыссыздарға жатады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Жеке қосалқы шаруашылықта өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатын адамдар егер олар жұмыс іздеумен айналыспаса немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаса жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар ретінде есепке алынады.

      23. Жұмыссыздық ұзақтығы жұмыс іздеу уақытымен анықталады.

      24. Жұмыссыз халық бойынша ресми статистикалық ақпарат келесі негізгі топтар бойынша қалыптастырылады:

      тұрғылықты жердің типі бойынша;

      өңірлер бойынша;

      жынысы бойынша;

      жас топтары бойынша;

      білім деңгейі бойынша;

      жұмыспен қамтылмау себептері бойынша;

      жұмыспен қамтылмау ұзақтығы бойынша.

3-тарау. Табыс тобына тиістілігі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты бөлу

      25. Табыс тобына тиістілігі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың санын бөлу зерттеу сұрақтарының жауаптарына сәйкес анықталады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Табыстың құрамында респонденттермен алынған еңбекақы, өзін-өзі жұмыспен қамтылудан (сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтен) түскен табыс, әлеуметтік төлемдер, пайыздар, дивиденділер және өзге де жеке меншіктен түскен табыстар, өзге де ақшалай түсімдер (туыстары мен таныстарынан материалдық көмек, алименттер), сондай-ақ үй шаруашылығында өндірілген және тұтынылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бағалау құны түріндегі табыстар ескерілген.

      27. Зерттелетін айда респонденттер алған табыс, келесі интервалдарға бөлінеді:

      1) 0 теңге (табыстың жоқ болуы);

      2) 1 теңгеден 1 ЕТКД теңгеге дейін;

      3) 1 ЕТКД- ден 60 000 теңгеге дейін;

      4) 60 001-ден 100 000 теңгеге дейін;

      5) 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін;

      6) 150 001-ден 200 000 теңгеге дейін;

      7) 200 001-ден 250 000 теңгеге дейін;

      8) 250 001-ден 300 000 теңгеге дейін;

      9) 300 001-ден 400 000 теңгеге дейін;

      10) 400 001-ден 500 000 теңгеге дейін;

      11) 500 001-ден 800 000 теңгеге дейін;

      12) 800 001-ден 1 000 000 теңгеге дейін;

      13) 1 000 000 теңгеден жоғары.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Ұсынылған интервалдық топтамаға сәйкес орташа айлық табыстың деңгейі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың санын бөлу туралы ресми статистикалық ақпарат тоқсан сайын:

      тұратын жерінің типін;

      өңірін;

      жұмыспен қамтылу мәртебесін;

      негізгі экономикалық қызмет түрлерін (Жалпы экономикалық қызмет түрлері жіктеуішінің секцияларына сәйкес) ескере отырып қалыптастырылады.

      29. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың келесі санаттары анықталды:

      жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;

      ТЖЖЖ;

      ТЖТЖЖҚ;

      жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар;

      жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатындар;

      өндірістік кооператив мүшелері;

      отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері.

     

Об утверждении Методики определения численности самостоятельно занятых, уровня их среднемесячных доходов и численности безработного населения

Приказ и.о. Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 19 января 2016 года № 11. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 февраля 2016 года № 13215.

      Сноска. Заголовок приказа в редакции приказа Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики РК от 12.08.2016 № 162 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и подпунктом 20) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемую Методику определения численности самостоятельно занятых, уровня их среднемесячных доходов и численности безработного населения.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики РК от 12.08.2016 № 162 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Управлению статистики труда и уровня жизни совместно с Юридическим управлением Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящий приказ до территориальных органов Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Председателя Комитета по статистике


Министерства национальной экономики


Республики Казахстан

Б. Иманалиев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр здравоохранения и

      социального развития

      Республики Казахстан

      ________________ Т.Б. Дуйсенова

      27 января 2016 г.

  Утверждена
Приказом исполняющего обязанности
Председателя Комитета по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
от 19 января 2016 года № 11

Методика определения численности самостоятельно занятых, уровня их среднемесячных доходов и численности безработного населения

      Сноска Методика в редакции приказа Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики РК от 12.08.2016 № 162 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика определения численности самостоятельно занятых, уровня их среднемесячных доходов и численности безработного населения (далее – Методика) относится к статистической методологии, формируемой в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной статистике".

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Методика определяет основные аспекты и методы для измерения статистических показателей самостоятельно занятого и безработного населения на рынке труда и порядок учета самостоятельно занятого населения по видам экономической деятельности.

      3. Настоящая Методика применяется Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и его территориальными подразделениями для методологического обеспечения показателей рынка труда, используемых при проведении обследования рабочей силы и обобщения их результатов и Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в ходе реализации государственных программ, для анализа социально-экономического развития страны.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Методика разработана на основе международных стандартов и критериев определения самостоятельной занятости и безработицы.

      5. В Методике используются понятия в значениях, определенных в Земельном Кодексе Республики Казахстан, законах Республики Казахстан "О государственной статистике", "О занятости населения" и "О минимальных социальных стандартах и их гарантиях", а также определения принятые Международными Конференциями Статистиков Труда и рекомендации Международной Организации Труда (далее - МОТ).

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Определение численности самостоятельно занятого и безработного населения

      6. Сбор информации по показателям, характеризующим рынок труда, осуществляется путем проведения выборочного обследования населения с целью формирования официальной статистической информации о численности и составе рабочей силы и лицах, не входящих в состав рабочей силы.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Опрос населения осуществляется методом ведения интервью, путем непосредственного посещения интервьюерами домашних хозяйств, попавших в выборку.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. В зависимости от ответов на вопросы обследования население классифицируется по статусу участия в составе рабочей силы на занятых или безработных и лиц, не входящих в состав рабочей силы.

      Рабочая сила определяется как сумма численности занятых и численности безработных.

      В соответствии с рекомендациями МОТ для измерения рабочей силы принят возраст от 15 лет и старше.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8-1. При определении статуса участия в составе рабочей силы отнесение лиц к занятым, безработным и лицам, не входящим в состав рабочей силы, производится с применением правил приоритетности – занятости отдается предпочтение перед безработицей, а безработица имеет приоритет по отношению к лицам, не входящим в состав рабочей силы.

      Сноска. Методика дополнена пунктом 8-1 в соответствии с приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8-2. Выделяют две группы занятых: занятые лица, находящиеся на работе, и занятые лица, не находящиеся на работе.

      Занятые лица, находящиеся на работе, проработавшие не менее одного часа в течение обследуемой недели на рабочем месте.

      Занятые лица, не находящиеся на работе, не проработавшие по причине временного отсутствия на рабочем месте или в связи с организацией рабочего времени (сменная работа, гибкий график работы и другие).

      Сноска. Методика дополнена пунктом 8-2 в соответствии с приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Занятые лица разделяются на наемных работников и самостоятельно занятых лиц на основе Международной классификации статуса занятых.

      10. Распределение самостоятельно занятого населения по положению в занятии осуществляется исходя из ответов респондентов на вопросы обследования:

      работодатели, использующие труд наемных работников;

      индивидуально занятые (включая занятых в личном подсобном хозяйстве для получения дохода);

      неоплачиваемые работники семейных предприятий (хозяйств);

      члены производственного кооператива.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Определения лиц, занятых на индивидуальной основе осуществляется согласно обследованию:

      занятых на индивидуальной основе (зарегистрированных и действующих) (далее - ЗДЗИО);

      занятых на индивидуальной основе (бездействующих из числа зарегистрированных и незарегистрированные) (далее - БЗНЗИО).

      Сноска. Пункт 11 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Занятое население использующие продукцию, полученную из личного подсобного хозяйства делятся на следующие группы:

      только для собственного потребления;

      частично для потребления, обмена (продажи);

      только для обмена (продажи).

      13. Данное разграничение выявляет и разграничивает лиц, работающих в личном подсобном хозяйстве и производящих продукцию только для собственного потребления, частично для потребления, обмена (продажи), а также лиц, производящих продукцию в личном подсобном хозяйстве только для обмена (продажи).

      14. К занятым в личном подсобном хозяйстве относятся лица, занятые на личном подворье, приусадебном и дачном участке (огороде).

      15. С учетом уровня среднемесячных доходов численность ЗДЗИО, БЗНЗИО, занятых в личном подсобном хозяйстве производством продукции частично для потребления, обмена (продажи), занятых в личном подсобном хозяйстве производством продукции только для обмена (продажи), членов производственного кооператива, неоплачиваемые работники семейных предприятий (хозяйств) распределяются на две группы:

      с уровнем среднемесячного дохода ниже величины прожиточного минимума (далее – ВПМ);

      с уровнем среднемесячного дохода выше ВПМ.

      16. Самостоятельно занятые лица распределяются на следующие группы:

      продуктивно занятые;

      непродуктивно занятые.

      17. В группу продуктивно занятых включаются следующие категории самостоятельно занятых лиц:

      работодатели, использующие труд наемных работников – не зависимо от уровня среднемесячных доходов;

      члены производственного кооператива, ЗДЗИО, занятые в личном подсобном хозяйстве производством продукции частично для потребления, обмена (продажи), занятые в личном подсобном хозяйстве производством продукции только для обмена (продажи) – с уровнем среднемесячных доходов выше ВПМ.

      18. В группу непродуктивно занятых включаются следующие категории самостоятельно занятых лиц:

      БЗНЗИО, неоплачиваемые работники семейных предприятий (хозяйств) – независимо от уровня среднемесячных доходов;

      члены производственного кооператива, ЗДЗИО, занятые в личном подсобном хозяйстве производством продукции частично для потребления, обмена (продажи), занятые в личном подсобном хозяйстве производством продукции только для обмена (продажи) – с уровнем среднемесячных доходов ниже ВПМ.

      19. Официальная статистическая информация по самостоятельно занятому населению с учетом указанных категорий формируется по следующим группам:

      по типу местности проживания;

      по регионам;

      по полу;

      по возрастным группам;

      по уровню образования;

      по статусу занятости;

      по группам занятости;

      по видам экономической деятельности (по секциям Общего классификатора видов экономической деятельности);

      принадлежности к доходной группе.

      Сноска. Пункт 19 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. К безработным относятся лица, не имеющие работу, ищущие работу и готовые приступить к ней.

      21. Лица, производящие продукцию в личном подсобном хозяйстве только для собственного потребления, учащиеся, студенты, пенсионеры, лица с инвалидностью учитываются в качестве безработных, если они занимались поиском работы и были готовы приступить к ней.

      Сноска. Пункт 21 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Лица, производящие продукцию в личном подсобном хозяйстве только для собственного потребления учитываются в качестве лиц не входящих в состав рабочей силы, если они не занимались поиском работы или не были готовы приступить к ней.

      23. Продолжительность безработицы определяется временем поиска работы.

      24. Официальная статистическая информация по безработному населению формируется по следующим группам:

      по типу местности проживания;

      по регионам;

      по полу;

      по возрастным группам;

      по уровню образования;

      по причинам незанятости;

      по продолжительности незанятости.

Глава 3. Распределение самостоятельно занятого населения по принадлежности к доходной группе

      25. Распределения численности самостоятельно занятого населения по принадлежности к доходной группе определяется согласно ответам на вопросы обследования.

      Сноска. Пункт 25 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      26. В составе дохода учтены доходы, полученные респондентами в виде оплаты труда, дохода от самостоятельной занятости (в том числе предпринимательской деятельности), социальных выплат, процентов, дивидендов и других доходов от собственности, прочих денежных поступлений (материальной помощи родных и близких, алиментов), а также оценочной стоимости товаров и услуг, произведенных и потребленных в домохозяйстве.

      27. Доход, полученный респондентами за обследуемый месяц, распределяется на следующие интервалы:

      1) 0 тенге (отсутствие дохода);

      2) от 1тенге до 1 ВПМ тенге;

      3) от 1 ВПМ до 60 000 тенге;

      4) от 60 001 до 100 000 тенге;

      5) от 100 001 до 150 000 тенге;

      6) от 150 001 до 200 000 тенге;

      7) от 200 001 до 250 000 тенге;

      8) от 250 001 до 300 000 тенге;

      9) от 300 001 до 400 000 тенге;

      10) от 400 001 до 500 000 тенге;

      11) от 500 001 до 800 000 тенге;

      12) от 800 001 до 1 000 000 тенге;

      13) свыше 1 000 000 тенге.

      Сноска. Пункт 27 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 22.09.2022 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      28. Официальная статистическая информация о распределении самостоятельно занятого населения по уровню среднемесячного дохода согласно предложенной интервальной группировке формируются ежеквартально с учетом:

      типа местности проживания;

      региона;

      статуса занятости;

      основных видов экономической деятельности (согласно секциям Общего классификатора видов экономической деятельности).

      29. Определены следующие группы самостоятельно занятых лиц:

      работодатели, использующие труд наемных работников;

      ЗДЗИО;

      БЗНЗИО;

      занятые в личном подсобном хозяйстве производством продукции частично для потребления, обмена (продажи);

      занятые в личном подсобном хозяйстве производством продукции только для обмена (продажи);

      члены производственного кооператива;
неоплачиваемые работники семейных предприятий (хозяйств).