Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте № 29754 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
Ж. Шаймарданов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Еңбек

      және халықты әлеуметтік қорғау

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2022 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 29 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамада:

      8-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы аурухана мекемелерінде ұзақ мерзімді ем алып жатқан, ведомстволық үйлерде, қосалқы шаруашылықтарда, мал жайылымдарында, жатақханаларда, оқушыларға арналған интернаттарда, балалар үйлерінде, стационар жағдайында қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын азаматтардың отбасыларының болуын тексереді.";

      12-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "стационар жағдайында қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі (ұйымдарындағы) қарттар мен мүгедектігі бар адамдар";

      12-тармақтың алтыншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, балалар үйлеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелеріне (ұйымдарына) қызмет көрсететін жұмысшылар және қызметшілер және осы жергілікті жерде тұрақты тұратындар кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағында уақытша тұратындар болып саналмайды, әр шаруашылық бойынша есепке алуда тұрғылықты жері бойынша есепке алынады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұсақ елді мекендердің үй шаруашылықтары "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 3-тармағының екінші бөліміне сәйкес ЭӘШБЕА БҚ-ға енгізіледі.";

      көрсетілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға 6-қосымша осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жұмыс уақыты индикаторларын қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12954 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс уақыты индикаторларын қалыптастыру жөніндегі әдістемеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жұмыс уақыты индикаторларын қалыптастыру жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) қазіргі халықаралық статистика жұмыс сағаттарының стандарттарын есепке ала экономиканың барлық секторларында және қызметтің барлық өндірістік түрлерінде жұмыспен қамтылған адамдардың жұмыс уақытын көрсету үшін әзірленген, ресми статистикалық деректердің жүйелілігін және халықаралық салғастырмалылығын, сондай-ақ ұлттық қажеттіліктері мен талаптарын есепке ала статистиканың түрлі пайдаланушылары үшін сәйкес статистикалық қорды қамтамасыз етеді. Әдістеме халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі зерттеу деректерін пайдалана отырып, жұмыс уақытын өлшеуге бағытталған.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы және ұлттық шоттар құрылымдық бөлімшелері қолданады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әдістемеде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында (бұдан әрі – ЕСХК) қабылданған анықтамалар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Зерттеу сұхбат жүргізу әдісімен (сұхбат интервьюердің респондентпен жеке сөйлесуін білдіреді, бұл ретте интервьюер сұрақтарды өзі қойып, жауаптарды белгілейді) интервьюердің үй шаруашылықтарына тікелей баруы арқылы жүзеге асырылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Барлық жұмыспен қамтылған қызметкерлермен нақты өтелген сағаттар саны зерттеу деректері бойынша қалыптастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Нақты өтелген сағаттар саны туралы ақпарат алу үшін әр респондентке (үй шаруашылығының мүшесіне) мына сұрақ қойылады:

      "Сіз өткен аптада өзіңіздің негізгі жұмысыңызда нақты қанша күн және сағат жұмыс істедіңіз?". Бұл сұраққа жауап берген кезде, респондент негізгі жұмысында нақты жұмыспен өтеген аптадағы күндер және сағат санын көрсетеді. Бұдан әрі респондентке қосымша жұмысы (егер бар болса) бойынша ұқсас сұрақ қойылады.

      Егер респондент көрсетілген қысқа мерзім ішінде жұмыс істемеген болса, онда жауапта "0" қойылады.

      Жеке аулада жұмыспен өтелген сағаттар нақты жұмыспен өтелген уақыттың жалпы санына кіретіндіктен, қосымша, жеке аулада немесе үй іргесіндегі учаскеде жұмыспен қамтылғандардың уақытын белгілеу үшін респонденттерге мына сұрақ қойылады:

      "Сіз өткен аптада ең болмағанда 1 сағат жеке аулаңызда (үй іргесіндегі, саяжай учаскесінде) ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен байланысты қандай да бір жұмыс атқардыңыз ба?".

      Егер респонденттен құптарлық жауап алынса, онда оған мына сұрақ қойылады:

      "Сіз жеке аулаңызда (үй іргесіндегі, саяжай учаскесінде) қанша уақыт жұмыс істедіңіз?" Осы сұраққа жауап берген кезде респондент жеке аулада нақты жұмыспен өтелген аптадағы күн және аптадағы сағат санын көрсетеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығына төлеммен, жұмыс уақытының қысқа ұзақтығы көзделеді.

      Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін көзделген (он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшін, ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін).";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Толық емес жұмыс уақыты болып қалыпты жұмыс ұзақтығынан аз уақыт есептеледі, оның ішінде, толық емес жұмыс күні, яғни (жұмыс ауысымының) күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасын төмендету, толық емес жұмыс аптасы (жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту), күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымының) ұзақтығының нормасын бір мезгілде төмендеуі және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқартуы болып табылады.

      Толық және толық емес жұмыс уақытына бөлу үшін Бюро аптасына 40 сағат өлшемшартын қолданады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ақы төленетін жұмыспен қамтылу (еңбекақы үшін) аясында, жалдамалы қызметкерлер үшін еңбек шарт бойынша сағат саны қалыпты жұмыс сағатына, (аптасына 40 сағат) эквивалентті болып табылады.

      Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.".

      3. "Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13215 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері жұмыс күшіне зерттеу жүргізу кезінде қолданылатын еңбек нарығы көрсеткіштерін әдіснамалық қамтамасыз ету және олардың нәтижелерін жалпылау үшін және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін қолданады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әдістемеде Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, "Мемлекеттік статистика туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында қабылданған ұғымдар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Еңбек нарығын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпарат жинау жұмыс күші және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдардың саны және құрамы туралы ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында халыққа іріктемелі зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Халыққа сауал салу интервьюерлердің іріктемеге түскен үй шаруашылықтарына тікелей барып, сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Зерттеу сұрақтарының жауаптарына байланысты халық жұмыс күші құрамына қатысу мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға жіктеледі.

      Жұмыс күші жұмыспен қамтылғандардың саны және жұмыссыз халық санының сомасы ретінде анықталады.

      ХЕҰ ұсынымдарына сәйкес жұмыс күшін өлшеу үшін 15 және одан үлкен жас қабылданды.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Жұмыс күші құрамына қатысу мәртебесін анықтау кезінде адамдарды жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға жатқызу басымдық қағидасын қолданумен жүргізіледі – жұмыссыздық алдында жұмыспен қамтуға басымдық береді, ал жұмыссыздық жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға қатысты басымдыққа ие.";

      мынадай мазмұндағы 8-2–тармақпен толықтырылсын:

      "8-2. Жұмыспен қамтылғандар екі топқа бөлінеді: жұмыста бар жұмыспен қамтылған адамдар және жұмыста жоқ жұмыспен қамтылған адамдар.

      Жұмыста бар жұмыспен қамтылған адамдарға жұмыс орнында зерттеу жүріп жатқан апта ішінде бір сағаттан кем емес жұмыс істегендер жатады.

      Жұмыста жоқ жұмыспен қамтылған адамдарға жұмыс орнында уақытша болмауына немесе жұмыс уақытын ұйымдастыруына байланысты (ауыспалы жұмыс, икемді график және басқалары) жұмыс орнында болмағандар жатады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қызметтегі жағдайы бойынша бөлу зерттеудің сұрақтарына респонденттердің берген жауаптарына сүйене отырып жүзеге асырылады:

      жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;

      жұмыспен жеке айналысатындар (табыс алу үшін жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылғандарды қоса алғанда);

      отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері;

      өндірістік кооператив мүшелері.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жеке негізде жұмыспен қамтылған адамдарды анықтау:

      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелген және жұмыс істейтін) (бұдан әрі - ТЖЖЖҚ);

      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелген санынан жұмыс істемейтіндер және тіркелмегендер) (бұдан әрі - ТЖТЖЖҚ) зерттеуге сәйкес жүзеге асырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық бойынша ресми статистикалық ақпарат көрсетілген санаттарды есепке ала отырып, келесі топтар бойынша қалыптастырылады:

      тұрғылықты жердің типі бойынша;

      өңірлер бойынша;

      жынысы бойынша;

      жас топтары бойынша;

      білім деңгейі бойынша;

      жұмыспен қамтылу мәртебесі бойынша;

      жұмыспен қамтылу топтары бойынша;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің секциялары бойынша);

      табыс тобына тиістілігі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жеке қосалқы шаруашылықта өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатын адамдар, оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар егер олар жұмыс іздеумен айналысып және жұмысқа кірісуге дайын болса жұмыссыздарға жатады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Табыс тобына тиістілігі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың санын бөлу зерттеу сұрақтарының жауаптарына сәйкес анықталады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Зерттелетін айда респонденттер алған табыс, келесі интервалдарға бөлінеді:

      1) 0 теңге (табыстың жоқ болуы);

      2) 1 теңгеден 1 ЕТКД теңгеге дейін;

      3) 1 ЕТКД- ден 60 000 теңгеге дейін;

      4) 60 001-ден 100 000 теңгеге дейін;

      5) 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін;

      6) 150 001-ден 200 000 теңгеге дейін;

      7) 200 001-ден 250 000 теңгеге дейін;

      8) 250 001-ден 300 000 теңгеге дейін;

      9) 300 001-ден 400 000 теңгеге дейін;

      10) 400 001-ден 500 000 теңгеге дейін;

      11) 500 001-ден 800 000 теңгеге дейін;

      12) 800 001-ден 1 000 000 теңгеге дейін;

      13) 1 000 000 теңгеден жоғары.".

      4. "Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Әдістемені халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы қолданады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әдістемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында (бұдан әрі – ЕСХК) қабылданған анықтамалар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. СТҮҚТ дерекқоры екі кестеден тұрады, үй – негізгі кесте, ол жалпы тұрғын үй бойынша ақпаратты қамтиды; пәтер – қосымша кесте, ол тұрғын үйдегі әрбір пәтер бойынша ақпаратты қамтиды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бас жиынтықты қалыптастырудың ерекшеліктері:

      1) бас жиынтыққа жалпы коммуналдық пәтерлерді, жатақханаларды, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерді (ұйымдарды), балалар үйлерін, түрмелерді, қонақ үйлерді, діни қауымдастықтарды және басқа да ұқсас тұрғын үй-жайларды қоспағанда тұрғын үй-жайдың барлық типтері кіреді;

      2) ақпарат жинау кезінде интервьюерлерге жүктемені төмендету мақсатында бас жиынтықтан тұратындар саны 100 үй шаруашылығынан кем елді мекендер алынып тасталады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11.Аудандық деңгейді ескере отырып ХЖҚІЗ ұйымдастыру үлгісі үстемелеу іріктемесі негізінде әзірленген, интервьюерлерге жүктемені төмендету мақсатында он екі айға біркелкі бөлу арқылы жылына бір рет қалыптастырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14.Үстемелеу үшін каталогты ай сайын қалыптастыру аумақтық деңгейде бағдарламалық кешенде автоматты түрде есепті ай бойынша енгізілген есептер каталогы және берілген үй шаруашылықтарының саны Z негізінде (Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті ағымдағы жылға іріктемелі жиынтықты қалыптастыру негізінде есептейді) Nn қадамын қолдану жолымен жүргізіледі, мұнда n-іріктелген үй шаруашылықтары қолданылатын ай. Қадам Nn = Notc/Z, мұнда Z – осы өңір бойынша үстемелеу үшін анықталған үй шаруашылықтарының саны, ол есепті жылдың барлық айлары үшін тұрақты болады, Notc – ағымдағы айда нақты есеп берген үй шаруашылықтарының саны.";

      19- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ХЖҚІЗ үшін іріктемені қалыптастыруда аудандық деңгейді ескере отырып, келесі стратификация рәсімі қолданылады:

      бас жиынтық аудан бойынша, жергілікті жердің типі (қала, ауыл) бойынша, ғимараттардың өлшемдік кластарына (1 пәтерлі, 2-20 пәтерлі, 21-80 пәтерлі, 80 пәтерден көп) байланысты стратификацияланады;

      әр стратадағы үйлер санын қосындылау арқылы бас жиынтықтың көлемі анықталады.";

      мынандай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізу барысында объективті себептермен жауаптың болмауы кезінде резервті тізімдер құрастырылады. Объективті себептермен жауаптардың болмауы бойынша үй шаруашылықтарын ауыстыру мүмкіндігі үшін резервті іріктемелі жиынтықты іріктемелі жиынтықты қалыптастыру жөніндегі мамандар құрастырады. Резервті іріктемелі жиынтық нақты зерттеу бойынша негізгі іріктемелі жиынтық қалыптастырылған әдіспен құрастырылады.

      Үй-жайлардың мекенжайларын ауыстыруға резервті тізімінен алынған нақты субстит болуға арналған үй шаруашылығына немесе объективті себептермен жауап бермеген үй шаруашылығын ауыстыруға ғана жол беріледі. Бұл ыңғайлы" үй шаруашылығына ауыстыруға жол бермеу үшін жасалады, бұл кезде іріктеменің қатесі көбейе түседі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Жеке салмақтарды есептеуде есепті кезеңге ең жақындатылған кезеңдегі (зерттеудің сыни аптасына) халықтың жалпы санына қатысты іріктемені итеративті салмақтау әдісі қолданылады.

      Рәсімнің мәні жыныстық – жастық және өңірлік сипаттамаларын есепке ала отырып іріктеме жиынтықты, осы сипаттамалары бойынша топтарға бөлінген халықтың барлық жиынтығын салыстыруда болып табылады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Іріктеме жүргізген кездегі кездейсоқ, сондай-ақ кездейсоқ емес жүйелік қателерді теңестіру мақсатында:

      пікіртерім өткізілмеген белгілі жағдайларды теңестіру – орнын толтыру жүргізіледі;

      бас жиынтыққа СТҮҚТ көрсеткіштеріне – бейімделу немесе экстраполяцияға дейін тарату жүргізіледі.

      Ол үшін тиісті факторлар, орнын толтыру факторы және экстраполяция факторы есептеледі.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жеке негізгі салмақты өлшеу үшін бейімделу факторын есептеудің келесі формуласы қолданылады:



      мұндағы,

      K2 – бейімделу факторы;

      S – бас жиынтық бойынша халық саны;

      S1 – нақты сұралған үй шаруашылықтарының саны;

      K – фактор есептелетін тұлғаның жалпы сипаттамасына қарай ерекше белгісі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Аудандар бойынша зерттеудің нақтылығы жұмыспен қамтылғандар саны, жұмыссыздар саны, жұмыс күшінің саны, жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар саны, халық санындағы жұмыс күшінің үлесі, жұмыссыздық деңгейі көрсеткіштері бойынша жылына бір рет есептеледі.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. ХЖҚІЗ-ның қорытындысы бойынша респондент мәртебесі респонденттердің сұрақтарға берген жауаптарынан анықталады (мысалы: иә немесе жоқ). Екі балама жауаптың біреуін таңдау арқылы анықталатын айнымалылар бинарлы болып табылады. Ықтималдылық теориясы бойынша бинарлы айнымалы үшін дисперсия есептеледі. ХЖҚІЗ салыстырмалы стандартты қатесін есептеу үшін жауаптардың үлестік мәні (иә немесе жоқ) пайдаланылады. Үлестің дисперсиясы анықталады, содан кейін салыстырмалы стандартты қате есептеледі.

      Іріктемелі үлестің стандартты қатесі (g) мына формула бойынша анықталады:



      мұндағы,

      w- жауаптардың үлесі ("табыс" үлесі), пайызбен;.

      n – іріктемелі жиынтық көлемі;

      N – бас жиынтық көлемі.";

      мынадай мазмұндағы 54-тармақпен толықтырылсын:

      "54. Көбінесе стандартты қатенің абсолюттік мәні емес, оның мәнінің бағаланатын статистикалық шамаға қатысты қарастыру талап етіледі. Стандартты салыстырмалы қате (бұдан әрі – ССҚ) бағаланатын статистикалық шаманың орташа мәніне қатынасы ретінде есептеледі.

      ССҚ келесі формула бойынша анықталады:



      мұндағы,

      RSE – іріктеменің стандартты салыстырмалы қатесі;

      SE – іріктеменің стандартты қатесі;


–стандартты салыстырмалы қате шамасын бағалау үшін қолданылған, орташа ауыспалы мәні


      мұндағы,

      Ni– бас жиынтық элементтерінің саны i-страта;


– көрсеткіш i-страта.".

      5. "Құрылыс статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14444 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрылыс статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемеде:

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Белгіленген тәртіппен пайдалануға берілген жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер, жатақханалар және әлеуметтік топтар үшін тұрғын ғимараттар (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары) тұрғын үй құрылысының объектілері болып табылады".

      6. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша әдістемеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) байланыс қызметінің көлемі – кәсіпорындар мен ұйымдардың халыққа көрсетілген байланыс қызметтері үшін төлеу мерзіміне қарамастан есептелген қаражаты;

      2) курьерлiк пошта қызмет көрсетуi - пошта байланысының курьердi пайдалана отырып пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау және табыс ету жөнiндегi қызмет көрсетуi;

      3) электронды сауда – Интернет желісі арқылы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе сату әдісі.";

      8-1), 8-2) және 8-3) тармақтар алынып тасталсын.

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ортақ коммуналдық пәтерлерде, жатақханаларда, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарында), балалар үйлерінде, түрмелерде, қонақүйлерде, діни қоғамдастықтарда және басқа да осыған ұқсас тұрғын үй-жайларда тұратындарды қоспағанда тұрғын үй-жайлардың барлық түрлерінде тұратын үй шаруашылықтары зерттеуге жатады.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
қосымша
  Әр шаруашылық бойынша
есепке алуды жүргізу және
тіркеу жазбаларын жүргізуді
ұйымдастыру нысандары
бойынша статистикалық
әдіснамаға
6-қосымша

Күнкөрістің қаражат көздерінің тізбесі

Код

Күнкөрістің қаражат көздері

Анықтама

1

жалдамалы жұмыстан түскен табыс

жалақы (айлықақы); жалақыға үстемеақы; ақшалай немесе заттай түрдегі көтермелеу төлемдерінің барлық түрлері; қаламақылар; сыйлықақылар; пайдадан түскен және еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемақылар.

2

өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыс

өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың жеке өзі үшін немесе олардың отбасының мүшелеріне қатысты алған табысы. Өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табысқа мүліктен пайыз, дивидендтер түріндегі табыс, рента және жеке меншіктен түскен басқа да табыс түрлері, сондай-ақ сыйлықтар және әлеуметтік көмек кірмейді.

3

ауылшаруашылық өнімдерін сатудан түскен табыс

жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыс (ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табыс) өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығының өндірілген өнімдерін сатудан алынатын табыс.

4

оқушыларға арналған стипендиялар

тамақтануға, тұруға және оқу әдебиетін сатып алу шығыстарын ішінара өтеу үшін білім алушыға берілетін ақша сомасы.

5

жасы бойынша зейнетақы

жасы бойынша: азаматтық зейнеткерлермен қатар әлеуетті құрылымдар зейнеткерлері алатын сома.

6

мемлекеттік жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік көмек түрлері

Жәрдемақы:
облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген, орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы кедейліктің шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) мемлекет ұсынатын ақшалай түрдегі төлемақы

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға бала 1 жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырушыға жәрдемақы, сондай-ақ айлық табысы орта есеппен жан басына шаққанда облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген азық-түлік қоржыны құнынан төмен аз қамтылған отбасыларға мемлекет ұсынатын жәрдемақылар.

мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты азаматтарға бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлемақылар.

жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға жәрдемақының өзге де түрлеріне қарамастан төленетін ақшалай төлемақылар.

үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету төлемақылары; азаматтарды жерлеуге берілетін жәрдемақы; экологиялық апат аймағында тұруына жатуына байланысты біржолғы өтемақылық төлемақылар; саяси қуғын-сүргін құрбандарына және басқаларына ақшалай өтемақылар.

жергілікті бюджеттерден жұмыс орны бойынша және басқа қаржыландыру көздерінен (әкімдіктерден, ардагерлер кеңесінен және өзгелері) заттай түрдегі біржолғы төлемақылар.

7

туыстар мен таныстардан материалдық көмек

туыстарынан немесе жақындарынан материалдық көмек: үй шаруашылықтарының туыстарынан және достарынан алған трансферттері

 
8

меншіктен түскен табыс

жеке меншіктен табыс, дивидендтер, сыйлықақылар:
үйді, пәтерді, саяжайды және жер учаскелерін сатудан түскен табыстар, саяжайды бұзудан түскен төлемақылар және өзгелері

көлік құралдарын, киім-кешекті, зергерлік бұйымдарды және өзгелерді сатудан түскен табыс.

бағалы қағаздардан немесе акциялардан дивидендтер, ақшалай салымдар бойынша пайыздар, авторлық қаламақылар.

тұрғын үйді, сонымен қатар тұрғын емес (өндірістік) үй-жайларды: гараждар, қойма үй-жайларын жалға беруден түскен пайда мен шығындар.

жерді, ауылшаруашылық техникасын жалға беруден алынатын сома.

9

біреудің асырауындағы адам

басқа тұлғалар тарапынан ұзақ немесе үнемі материалдық немесе ақшалай қамтамасыз етілетін адамдар.

10

өзге де

өзге де:
үй шаруашылықтарының:
тамақтануға (толық немесе ішінара);
қоғамдық көлікпен жол жүруге;
автомобильмен қалааралық, теміржол, әуе, теңіз және өзен жолаушылар көлігімен жол жүруге;
демалыс үйлеріне, санаторийлерге, балаларға арналған демалыс лагерлеріне жолдамаларға;
дәрі-дәрмектерге;
тісті протездеуді қоса алғанда, медициналық қызмет көрсетуге;
мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстауға, балаларды оқытуға;
кәсіптік білім алуға;
мәдени-спорттық іс-шараларға;
тұрғын үйге, отынға ақы төлеуге;
мал, жемшөп сатып алуға;
арнаулы киімге, киіндіруге алған жеңілдіктерінің;
дотацияларының және жеңілдіктерінің сомасы;
дотациялардың және жеңілдіктердің басқа да түрлері.

коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстары осы мақсаттарға арналған жол берілетін шекті үлесінен асатын аз қамтылған отбасыларға ақшалай төлемақы немесе олардың дербес шоттарына ақшалай қаржының аударымдары түрінде мемлекеттің беретін көмегі.

неке бұзылғанда жұбайының көмегіне мұқтаж кəмелетке толмаған балаларды, ата-аналарды асырауға алынған сомалар.

жоғарыда аталмаған табыстар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады