"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 ақпанда № 16331 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.09.2020 № 343/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.09.2022 № 353/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшке енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.09.2020 № 343/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 84 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13247 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқықғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қағаз және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетелшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
Министрінің бұйрығымен
бекітілген
2018 жылғы 29 қаңтардағы
№ 29

"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру
Ережелері

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Тақырып жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.09.2022 № 353/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшке енгізіледі) бұйрығымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы "электрондық үкіметті" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметті" "ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабына 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" (бұдан әрі – Тізбе) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Осы Ережелер мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы өкілетті орган (бұдан әрі – өкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманы ұйымдастырып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;

      4) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтыуы мен техникалық құралдардың жиынтығы;

      5) "электрондық үкіметтің" архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;"

      6) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

      7) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы - ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру, "электрондық үкіметтің" архитектурасына арналған ақпараттандыру объектісі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы – Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көзделген өзге де функциялар жүктелген, заңды тұлға.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақты 9) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 тарау. Операторға бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі

      3. Мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісін (бұдан әрі – объект) Тізбеге енгізу үшін өкілетті органға келесі құжаттарды ұсына отырып, осы Ережелдің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:

      1) ақпараттық жүйені Тізбесіне қосқан кезде:

      осы ақпараттық жүйенің көмегімен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесіне осы ақпараттық жүйенің көмегімен автоматтандырылатын мемлекеттік органдардың функцияларының тізбесі;

      осы Ережелердің 2-қосымшаға сәйкес операторға бекітілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық жүйенің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі туралы ақпарат (бұдан әрі – өлшемдер).

      2) АБК Тізбесіне қосу кезінде:

      АБК тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәліметтер;

      АБК арқылы мемлекеттік органның пайдаланушылары өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелердің тізбесі;

      әрбір бөлімше (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, Аумақтық бөлімшелер) бойынша АБК пайдаланушылардың түпкілікті санын көрсете отырып, АБК-ні пайдаланатын мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде аумақтық бөлімшелерінің тізімі;

      мемлекеттік органда пайдалануға рұқсат етілген бағдарламалық қамтылымның тізімі;

      АБК өлшемдеріне сәйкестігі туралы ақпарат.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаның жетінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бұл ретте мемлекеттік органдар "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және оларға техникалық құжаттаманың электрондық көшірмелерін орналастыруды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18949 болып тіркелген).

      4. Өкілетті орган Мемлекеттік орган ұсынған, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тексереді және олардың "электрондық үкіметтің" объектінң архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынымдарды, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналастырылған объектілер туралы мәліметтерді ұсыну үшін өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде сервистік интеграторға жібереді.

      5. Сервистік интегратор өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өкілетті органға объектінің, мемлекеттік органның "электрондық үкімет" архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынымдарды, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналастырылған объектілер туралы мәліметтерді ұсынады, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында объект туралы мынадай мәліметтердің бар-жоғын растайды:

      1) Тізбеге ақпараттық жүйені қосқан кезде:

      ақпараттық жүйенің сипаттамасы;

      техникалық құжаттаманың көшірмесі;

      өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру туралы құжат;

      ақпараттық жүйенің тіркелген пайдаланушыларының саны туралы мәліметтер;

      ақпараттық жүйені пайдаланатын мемлекеттік органдардың саны және ақпараттық жүйе енгізілген объектілердің саны (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер);

      ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар хаттамаларының көшірмесі (егер ақпараттық жүйе даму сатысында болған жағдайда, мерзімі өткен сынақтар хаттамалары).

      2) АБК Тізбесіне қосу кезінде:

      АБК сипаттамасы;

      АБК техникалық сипаттамалары.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.04.2024 № 257/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Өкілетті орган объектіні келесі негіздер бойынша енгізуден бас тартады:

      1) егер объект өлшемшарттарға сәйкес іріктеу қорытындысы бойынша үш және одан көп балл жинамаса. Бұл ретте әрбір өлшемшартта кемінде бір балл жинау қажет;

      2) объектінің "электрондық үкімет" архитектурасына сәйкес болмауы.

      3) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында объект туралы орналастырылған мәліметтердің болмауы.

      7. Өкілетті орган сервистік интегратордан ұсыным алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шешім қабылдайды және өзінің шешімі туралы Мемлекеттік органды хабар береді:

      1) объектіні Тізбеге енгізу туралы;

      2) бас тарту себептерін көрсете отырып, объектті Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      8. Объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда өкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде операторды осы Қағидалардың 4-ші және 6-шы тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсына отырып, қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      9. Өкілетті орган объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім негізінде бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті бұйрықты әзірлеу және қабылдауды жүзеге асырады.

      10. Тізбеге енгізілген объектіні пайдалану тоқтатылған жағдайда, Мемлекеттік орган он жұмыс күні өткеннен кейін осы объектіні Тізбеден алып тастау үшін өкілетті органды хабардар етеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тарауды 11-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 611/НҚ (08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ережелерге 1-і қосымша
"электрондық үкімет"
ақпараттық-
коммуникациялық
инфрақұрылымы
объектілерінің тізбесіне
қалыптастыру,
операторына бекітілетін
"электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы
  Пішіні
  Кімге_______________________
  ( ақпраттандыру саласындағы
  өкілетті органның атауы)

ӨТІНІШ
операторға бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық объектілердің тізбесіне қосу

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өкілетті органның атауы) сұрайды

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ("электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде), қолы, күні)

      Мөрге арналған орын

  Ережелерге 2-і қосымша
"электрондық үкімет"
ақпараттық-
коммуникациялық
инфрақұрылымы
объектілерінің тізбесіне
қалыптастыру, операторына
бекітілетін "электрондық
үкіметтің" ақпараттық-
коммуникациялық
инфрақұрылымы

Іріктеу критерийлері, операторға бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесі

Критерий атауы

Нұсқалары

1

Ақпараттық жүйенің және (немесе) аппараттық-бағдарламалық кешеннің (бұдан әрі – АБК) ауқымы



1.1.

Ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК - нің тіркелген пайдаланушылары 1-ден астам орталық мемлекеттік органның (бұдан әрі – ОМО) қызметкерлері болып табылады.

1

0

1.2.

Ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК-нің тіркелген пайдаланушылары бір ОМО-ның барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарының және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері (болған жағдайда) болып табылады.

1

0

1.3.

1-ден астам ОМО ақпараттық жүйесі деректерді алу үшін осы ақпараттық жүйемен интеграцияланған және деректерді тұрақты негізде пайдаланады

1

0

1.4.

Барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың және бір ОМО-ның 20 аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйесі (болған жағдайда) деректерді алу үшін осы ақпараттық жүйемен интеграцияланған және оларды тұрақты негізде пайдаланады

1

0

2

Ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК санаты



2.1.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК эталондық сақтау орны не жекелеген санаттар, азаматтар немесе олардың мүлкі туралы деректер үшін сақтау құралы болып табылады.

1

0

2.2.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК эталондық сақтау орны не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде азаматтардан талап етілетін басқа да бастапқы деректерді сақтау құралы болып табылады.

1

0

2.3.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК 3-тен астам электрондық мемлекеттік қызметті ұсыну үшін іске қосылған немесе жағдай жасайды.

1

0

2.4.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық-цифрлық қолтаңбасының жабық кілттері бар ақпарат жеткізгіштерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және оларды санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді.

1

0

2.5.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасында жұмыс істейді.

1

0

3

Ақпараттық жүйені және (немесе)АБК пайдаланушылардың саны



3.1.

Ақпараттық жүйеде 1000-нан астам белсенді тіркелген пайдаланушылар бар

1

0

3.2.

Ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК-нің бастапқы деректерін 100 000-нан астам адам пайдаланады.

1

0

3.3.

Ақпараттық жүйеге және (немесе) АБК-ге Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік қызметшілерінің кемінде 50%-ы қосылған

1

0

3.4.

Мемлекеттік органның барлық пайдаланушылары АБК құрамдас бөліктерін пайдаланады

1

0



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады