Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13323 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 240 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 31.05.2018 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықта Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 127 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе
дамытуға техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидалары
Жалпы ереже

      1. Осы Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға техникалық тапсырмаларды жасау және қарау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу арқылы белгілі бір технологиялық әрекетті іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешетін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырып реттелген жиынтығы;

      2) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

      3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      4) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

      5) "Электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі - сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

      5. Уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі - архитектуралық портал) арқылы құжаттарды қабылдау, мемлекеттік органмен, сервистік интегратормен және мемлекеттік техникалық қызметпен құжаттармен алмасу, техникалық тапсырманы келісу және келісу барысында басқа да қажетті әрекеттер туралы хабарламаларды уақытылы жүргуді жүзеге асырады.

2. Уәкілетті органмен техникалық тапсырмаларды жасау және қарау тәртібі

      6. Мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) бекітілген, Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органнан оң экономикалық қорытынды алғаннан кейін, сондай-ақ оларды мемлекеттік орган ресми бекіткеннен кейін, Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік инвестицияларға инвестициялық ұсынысқа, техникалық-экономикалық негіздемеге (бұдан әрі - ТЭН) және қаржы-экономикалық негіздемеге (бұдан әрі - ҚЭН) техникалық тапсырманы құрастырады.

      7. Мемлекеттік орган мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға техникалық тапсырманы құрастырған кезде техникалық тапсырманың:

      1) "Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелердің стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйені құруға техникалық тапсырма" ҚР СТ 34.015-2002 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына;

      2) бюджеттік инвестициялардың бекітілген ТЭН-ге және ҚЭН-ке және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсынысқа;

      3) "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту бойынша талаптарға;

      4) Заңның 7 бабының 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін, мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеудің, іске асырылуын сүйемелдеудің және дамытудың қағидаларына сәйкес мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына (мемлекеттік органдар үшін);

      5) Заңның 7 бабының 18) тармақшасына сәйкес бекітілген, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасына (жергілікті атқарушы органдар үшін);

      6) Заңның 51 бабының және Заңның 49 бабының 2 тармағының талаптарына;

      7) Заңның 6 бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігін ескереді;

      8. Мемлекеттік орган техникалық тапсырманы архитектура порталында жасайды және оны уәкілетті органның қарауына электронды құжат түрінде бағыттайды.

      9. Техникалық тапсырмаға қосымша келесі құжаттар:

      1) инвестициялық ұсыныс;

      2) мемлекеттік органмен бекітілген бюджеттік инвестиция ТЭН-і және ҚЭН-і қоса беріледі.

      10. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға техникалық тапсырманы келісуі, осы Қағидалардың 9 тармағында көрсетілген құжаттар пакетінің түскен күнінен бастап отыз жұмыс күні мерзімінінен кешіктірілмей уәкілетті органмен жүргізіледі.

      11. Егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты шешім болып табылып не ведомствоаралық немесе өңірлік құрауыштарды құраған жағдайда, келісу мерзімі елу жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      12. Уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін техникалық тапсырманы сервистік интеграторға және мемлекеттік техникалық қызметке жолдайды.

      13. Сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызмет техникалық тапсырманы алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысын уәкілетті органға бағыттайды.

      Егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты шешім болып табылып не ведомствоаралық немесе өңірлік құрауыштарды құраған жағдайда, сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызмет құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді.

      14. Уәкілетті орган сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызметтен сараптама қорытындыларын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде техникалық тапсырманы келіседі немесе айқындалған ескертпелерді ескеріп пысықтау талабымен мемлекеттік органға қайта жолдайды.

      Егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты шешім болып табылып не ведомствоаралық немесе өңірлік құрауыштарды құраған жағдайда, уәкілетті орган сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызметтен сараптама қорытындыларын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде техникалық тапсырманы келіседі, келісуден бас тартады немесе айқындалған ескертпелерді ескеріп пысықтау талабымен мемлекеттік органға қайта жолдайды.

      15. Сервистік интегратор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға, "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту бойынша талаптарға сәйкестікке, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасына және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп реттік пайдаланылуға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану мүмкіндігіне техникалық тапсырманың сараптамасын жүргізеді.

      16. Мемлекеттік техникалық қызмет техникалық тапсырманың ақпараттық қауіпсіздікті және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер және стандарттар талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады