"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13352 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________Е. Досаев

      2016 жылғы 29 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 54 бұйрығымен бекітілді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 9-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) баға белгілеу – Мемлекеттік кәсіпорын көрсететін қызметтерді бағаларды қалыптастыру және қарау процесі;

      3) инфляция коэффициенті – тиісті қаржылық жылға Мемлекетік корпорация көрсететін қызметтерге бағалардың жалпы деңгейінің артуы (ағымдағы және бұрынғы баға айырмашылығы);

      4) негізделген баға – Мемлекеттік корпорацияның негізделген нақты шығын мен табысы негізінде белгіленген баға;

      5) қызметтер – ақылы негізде, мемлекеттік монополия қызметіне жатпайтын Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтер;

      6) өзіндік құн – Мемлекеттік корпорация қызметтерді көрсету бағаларына уәкілетті орган ескере отырып шығындар жиынтығы;

      7) уәкілетті орган – орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган;

2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметтердің көлемдері шеңберінде өндірілетін бағаларды Мемлекеттік корпорация дербес белгілейді.

      4. Баға белгілеу бизнес-процестің негізделген бағаға (нақты), сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның үстеме шығыстар қағидасына сүйене отырып, Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге бағаларды қарау және шығындар калькуляциясын қалыптастыру процесін қамтиды.

      5. Қажет болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтерге баға қалыптастыру Мемлекеттік корпорацияның жарғылық қызметіндегі көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша шығындарды бөлек есепке алу негiзiнде жүзеге асырылады.

      6. Көрсетiлетiн қызметтерге негiзделген баға қалыптастыру кезiнде өзіндік құнда қызметті көрсетумен тікелей байланысты тікелей шығындар, оның ішінде:

      1) растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) көзделген бағаларға және шығыстардың қолданылатын нормаларына сүйене отырып материалдық ресурстардың нақты көлеміне негізделе отырып айқындалатын тауар-материалдық қорлар;

      2) еңбекақы төлеу қоры және еңбекақы төлеу қорында есептелген міндетті төлемдер;

      3) Мемлекеттік корпорацияның теңгерімінде тұрған негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

      4) Мемлекеттік корпорацияның теңгерімінде тұрған автокөлікті, ғимараттарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету, ұйымдастыру техникасын тасымалдау, жұмыс қабілеттілігін техникалық сүйемелдеу жөніндегі сыртқы ұйымдардың қызметтері, инкассациялық-банктік, аудиторлық, консалтингтiк, маркетингтiк және (немесе) қызметтер қажет болған жағдайда;

      5) кезең шығыстарында ескерiлетiн мiндеттi сақтандыру түрлерiне, салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер есепке алынады.

      7. Қызметтерге бағаларды қалыптастыру кезiнде қызметтердi өндiруге тiкелей жатпайтын, сондай-ақ негiздеушi материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық және бухгалтерлік құжаттар) расталмаған шығыстар ескерілмейді.

      8. Баға белгілеу жыл инфляциясының коэфициентін есепке ала отырып, өткен қаржы жылында көрсетілген қызметтер жөніндегі деректер қолданылады.

      Қызметтердің бағасы инфляция коэффициентін есепке ала отырып жыл сайын түзетіледі.

      9. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады