"Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13396 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 № 1424 (01.04.2019 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.07.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10628 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларда:

      1 және 2–тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8–бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту және (немесе) мұнай өнімдерін ішкі тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың (бұдан әрі - Өнім берушілер), сондай-ақ мұнай өнімдерін алатын тұлғалардың (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде) немесе Өнім берушіге (бұдан әрі – Алушылар) мұнай өнімдерін қайтару кезінде Мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – МІЖ) ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну тәртібін белгілейді.

      2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде мұнай өнімдерін ішкі тасымалдауды қоспағанда, мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту кезінде, сондай-ақ темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі әрбір операцияларды жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес нысан бойынша МІЖ міндетті түрде ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін экспорттау кезінде МІЖ осы Қағидалардың 9–тармағында көрсетілген тәртіппен Алушының растауына жатпайды.";

      4, 5, 6, 7, 8 және 9–тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. МІЖ–де мынадай деректер көрсетіледі:

      1) МІЖ нөмірі (Бағдарлама автоматты түрде береді);

      2) ресімдеу күні және уақытты (Бағдарлама автоматты түрде береді);

      3) операцияның коды (Бағдарламаның анықтамасынан алынады);

      4) Өнімін берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН). Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде толтырылмайды;

      5) мұнай Өнімін берушінің атауы, оның заңды мекенжайы және орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (Өнім берушінің ЖСН/БСН енгізу кезінде Бағдарлама автоматты түрде береді), жөнелту мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес Бағдарламаның көрсетілген тізімінен (болған жағдайда) алынады). Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде Мұнай өнімін берушінің атауын, оның заңды мекенжайын Алушы қолмен толтырады, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды толтырылмайды.

      Егер Өнім беруші жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаса, онда мұнай өнімдердің нақты жөнелту (сату) мекенжайы көрсетіледі (мұнай базаның (ыдыстың) мекенжайы қолмен толтырылады);

      6) Өнім беруші жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады). Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде толтырылмайды.

      Егер Өнім беруші жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаса, онда мұнай өнімдердің жөнелту (сату) мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органның коды көрсетіледі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      7) Өнім берушінің түрі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      8) алушының ЖСН/БСН (өнім беруші енгізеді). Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде Алушы енгізеді;

      9) мұнай өнімін Алушының атауы, оның заңды мекенжайы (алушының ЖСН/БСН енгізу кезінде Бағдарлама автоматты түрде береді), жеткізу мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес Бағдарламаның көрсетілген тізімінен (болған жағдайда) алынады).

      Егер мұнай өнімін Алушы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаса, онда мұнай өнімдердің нақты жеткізу мекенжайы көрсетіледі (мұнай базаның (ыдыстың) мекенжайы қолмен толтырылады);

      10) Алушы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған Алушының жеткізу мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады).

      Егер мұнай өнімін Алушы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаса, онда мұнай өнімдердің нақты жеткізу (алу орны) мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органның коды көрсетіледі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      11) шарттың немесе шарттың қосымшаларының нөмірі;

      12) шарт жасалған күн;

      13) көліктің түрі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      14) тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтерде (болған кезде) мұнай өнімін тасымалдауды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), ЖСН) және заңды (атауы, БСН) тұлға туралы деректер көрсетіледі (Өнім беруші енгізеді). Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде Алушы енгізеді;

      15) көлік құралы туралы мәліметтерде (Өнім беруші енгізеді, Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде Алушы енгізеді):

      автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – көлік құралының маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірдік белгісі;

      темір жол көлігімен тасымалдау кезінде – вагонның (дардың) нөмірі (лері) әуе көлігімен тасымалдау кезінде – кеменің атауы және борттың тіркелу нөмірі;

      теңіз немесе ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде - кеменің атауы, кеме қатынасының теңіз бойынша тіркеу нөмірі;

      құбыржол тіркелімі арқылы тасымалдау кезінде – құбыржолдың атауы көрсетіледі;

      16) экспедитор туралы мәліметтерде (болған кезде) экспедитордың, жүргізушінің аты–жөні (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

      17) өткізілетін (жөнелтілетін) мұнай өнімінің жалпы саны (тоннада көрсетіледі);

      18) өткізілетін (жөнелтілетін) мұнай өнімінің жалпы құны (теңгеде көрсетіледі);

      19) жолдың реттік нөмірі;

      20) мұнай өнімінің түрі (болған кезде), атауы, маркасы;

      21) дербес сәйкестендіру нөмірі – код (бұдан әрі – Пин–код) (Бағдарламаның Пин–кодтар анықтамасынан алынады);

      22) ыдыстағы өнім саны (тоннада) (мұнай өнімін құбыр өтпесі бойынша тасымалдаған кезде толтыру үшін міндетті емес);

      23) ыдыс саны (данада) (мұнай өнімін құбыр өтпесі бойынша тасымалдаған кезде толтыру үшін міндетті емес);

      24) мұнай өнімі санының жиыны (тоннада);

      25) тонна үшін өнім бағасы (теңгеде) (мұнай өнімін өндірушілердің мұнай берушіге мұнай өнімдерін беруі (жөнелтуі) кезінде немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшілері арасында, сондай–ақ салық салу объектілер және (немесе) салық салумен байланысты объектілер арасында ішкі тасымалдауы кезінде, толтыру үшін міндетті емес);

      26) өнімінің жалпы құны (теңгеде көрсетіледі);

      27) Алушы жазып берген Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктке дейін тасымалдау кезінде, Өнім беруші жазып берген МІЖ нөмір (тек мұнай өнімін қайтарған жағдайда ғана толтырылады);

      28) кестедегі жолдың жалпы саны;

      29) басшының аты–жөні (ол болған жағдайда);

      30) мөр орны;

      31) бухгалтердің аты–жөні (ол болған жағдайда);

      32) "Жүргізуші" бағанындағы деректер тек қағаз тасығышта толтырылады. Жүргізушінің аты-жөні (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетіледі. Осы бағанында автокөлікпен жүргізу кезінде ғана толтырылады.

      5. МІЖ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін Өнім беруші қағаз тасығышта екі данада басып шығарады (Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде – Алушы қағаз тасығышта бір данада басып шығарады) және жеке кәсіпкердің қолымен және мөртабанымен (болған кезде) немесе заңды тұлға басшысының не өзге уәкілетті тұлғаның қолымен және фирмалық немесе мамандандырылған мөртабанымен (МІЖ үшін) расталады.

      6. Тасымалдаушының (жүкті жөнелтушінің, Алушы өкілінің) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетілген, қол қойылған қағаз тасығыштағы МІЖ–дің бір данасы Өнім берушіде қалады (Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдауды қоспағанда).

      7. МІЖ–дің екінші данасы тасымалдаушыға (жүкті жөнелтушіге, Алушы өкіліне) мұнай өнімін межеленген орынға дейін тасымалдау үшін беріледі (Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдауды қоспағанда).

      8. Мұнай өнімін белгіленген орынға дейін жеткізгеннен кейін Мұнай өнімін алушы тасымалдаушыдан МІЖ екінші данасын алады (Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдауды қоспағанда).

      9. МІЖ–ді Алушылар МІЖ және мұнай өнімдерін алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе одан Бағдарламада МІЖ–ді ресімдеген күннен кейін күнтізбелік жиырма бес күн ішінде бас тартылады.

      Бағдарламада МІЖ–дің растауы, Алушымен мұнай өнімдерді алғаннан кейін және МІЖ–де көрсетілген деректермен алшақтық болмаса жүзеге асырылады.

      Мұнай өнімдерін экспорттау және түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде Бағдарламада Алушының растауы талап етілмейді.";

      12–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. МІЖ жойылған жағдайда Алушыға (қажет болған кезінде) жолданатын жаңа МІЖ жазып беріледі. Жаңа МІЖ ресімдеу күнін Бағдарлама автоматты түрде береді. Жаңа МІЖ бастапқы МІЖ жойылған күні ресімделеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қағидаларына 1–қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай–ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 40 бұйрығына
қосымша
  Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу,
алу, беру, есепке алу, сақтау
және ұсыну қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

1) № ілеспе жүкқұжат

2) Ресімдеу күні және уақыты:

_________________________________

4) Өнім берушінің ЖСН/БСН

_____________________

5) Өнім берушінің атауы, заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды мен жөнелту мекенжайы

_________________________________

6) жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды

_________________________________

7) Өнім берушінің түрі

___________________________

3) Операцияның коды________________________________

8) Алушының ЖСН/БСН

_______________________________

9) Алушының атауы, заңды мекенжайы, жеткізу мекенжайы

____________________________________

10) Алушының жеткізу мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органының коды:_________

11) Шарттың (шартқа қосымшаның) нөмірі

12) Шарттың күні 20__ ж. "_______" ____________

13) Көлік түрі: Авто

ТЖ

Әуе

Теңіз немесе ішкі су

Құбыржол

14) Тасымалдаушы туралы мәліметтер

_____________________________________________________________________

15) Көлік құралы туралы мәліметтер

_____________________________________________________________________

16) Экспедитор туралы мәліметтер

_____________________________________________________________________

17) Өткізілетін (түсірілетін) мұнай өнімінің жалпы саны. Барлығы:______(тонна)

18) Өткізілетін (түсірілетін) мұнай өнімінің жалпы құны. Барлығы:______(теңгеде) 

19) №

20) Мұнай өнімінің түрі, атауы, маркасы (бар болса)

21) Пин-коды

22) Ыдыстың сыйымдылығы (тоннада)

23) Ыдыстың саны (данада)

24) Санның жиыны (тоннада)

25) Өнімнің құны (теңгеде)

26) Өнімінің жалпы құны (теңгеде)

27) Өнім беруші жазып берген МІЖ нөмірі (мұнай өнімін қайтарған жағдайда МІЖ күшін жою немесе бас атарту)




















28) Барлығы: __________ жол

29) Басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда): ________________ __________

қолы

 30) МӨ:

31) Бухгалтердің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда): ____________ __________

қолы

32) Жүргізуші: _____________________________________________________

(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің немесе қолы

төлқұжатының сериясы, нөмірі мен берілген күні)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады