Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10628 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 № 1424 (01.04.2019 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген

Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8–бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту және (немесе) мұнай өнімдерін ішкі тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың (бұдан әрі - Өнім берушілер), сондай-ақ мұнай өнімдерін алатын тұлғалардың (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде) немесе Өнім берушіге (бұдан әрі – Алушылар) мұнай өнімдерін қайтару кезінде Мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – МІЖ) ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 40 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде мұнай өнімдерін ішкі тасымалдауды қоспағанда, мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту кезінде, сондай-ақ темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі әрбір операцияларды жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес нысан бойынша МІЖ міндетті түрде ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін экспорттау кезінде МІЖ осы Қағидалардың 9–тармағында көрсетілген тәртіппен Алушының растауына жатпайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 40 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. МІЖ ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну тәртібі

      3. МІЖ "Салық төлеушінің кабинеті" (бұдан әрі - Бағдарлама) интернет-ресурсы (web-қосымша) арқылы электрондық түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ресімделеді.

      Бағдарлама мұнай өнімдерінің айналымы саласында сату және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) интернет-ресурсында (web-порталы) орналастырылады.

      4. МІЖ-де мынадай деректер көрсетіледі:

      1) МІЖ нөмірі (Бағдарлама автоматты түрде береді);

      2) ресімдеу күні және уақытты (Бағдарлама автоматты түрде береді);

      3) операцияның коды (Бағдарламаның анықтамасынан алынады);

      4) Өнімін берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН). Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде толтырылмайды;

      5) мұнай Өнімін берушінің атауы, оның заңды мекенжайы және орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (Өнім берушінің ЖСН/БСН енгізу кезінде Бағдарлама автоматты түрде береді), жөнелту мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес Бағдарламаның көрсетілген тізімінен (болған жағдайда) алынады). Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде Мұнай өнімін берушінің атауын, оның заңды мекенжайын Алушы қолмен толтырады, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды толтырылмайды.

      Егер Өнім беруші жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаса, онда мұнай өнімдердің нақты жөнелту (сату) мекенжайы көрсетіледі (мұнай базаның (ыдыстың) мекенжайы қолмен толтырылады);

      6) Өнім беруші жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады). Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде толтырылмайды.

      Егер Өнім беруші жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаса, онда мұнай өнімдердің жөнелту (сату) мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органның коды көрсетіледі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      7) Өнім берушінің түрі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      8) Алушының ЖСН/БСН (өнім беруші енгізеді). Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде Алушы енгізеді;

      9) мұнай өнімін Алушының атауы, оның заңды мекенжайы (алушының ЖСН/БСН енгізу кезінде Бағдарлама автоматты түрде береді), жеткізу мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес Бағдарламаның көрсетілген тізімінен (болған жағдайда) алынады).

      Егер мұнай өнімін Алушы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаса, онда мұнай өнімдердің нақты жеткізу мекенжайы көрсетіледі (мұнай базаның (ыдыстың) мекенжайы қолмен толтырылады);

      10) Алушы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған Алушының жеткізу мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады).

      Егер мұнай өнімін Алушы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаса, онда мұнай өнімдердің нақты жеткізу (алу орны) мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органның коды көрсетіледі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      11) шарттың немесе шарттың қосымшаларының нөмірі;

      12) шарт жасалған күн;

      13) көліктің түрі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      14) тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтерде (болған кезде) мұнай өнімін тасымалдауды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН) және заңды (атауы, БСН) тұлға туралы деректер көрсетіледі (Өнім беруші енгізеді). Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде Алушы енгізеді;

      15) көлік құралы туралы мәліметтерде (Өнім беруші енгізеді, Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде Алушы енгізеді):

      автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – көлік құралының маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірдік белгісі;

      темір жол көлігімен тасымалдау кезінде – вагонның (дардың) нөмірі (лері);

      әуе көлігімен тасымалдау кезінде – кеменің атауы және борттың тіркелу нөмірі;

      теңіз немесе ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде – кеменің атауы, кеме қатынасының теңіз бойынша тіркеу нөмірі;

      құбыржол тіркелімі арқылы тасымалдау кезінде – құбыржолдың атауы көрсетіледі;

      16) экспедитор туралы мәліметтерде (болған кезде) экспедитордың, жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

      17) өткізілетін (жөнелтілетін) мұнай өнімінің жалпы саны (тоннада көрсетіледі);

      18) өткізілетін (жөнелтілетін) мұнай өнімінің жалпы құны (теңгеде көрсетіледі);

      19) жолдың реттік нөмірі;

      20) мұнай өнімінің түрі (болған кезде), атауы, маркасы;

      21) дербес сәйкестендіру нөмірі-код (бұдан әрі – ДСН-код) (Бағдарламаның ДСН-кодтар анықтамасынан алынады);

      22) ыдыстағы өнім саны (тоннада) (мұнай өнімін құбыр өтпесі бойынша тасымалдаған кезде толтыру үшін міндетті емес);

      23) ыдыс саны (данада) (мұнай өнімін құбыр өтпесі бойынша тасымалдаған кезде толтыру үшін міндетті емес);

      24) мұнай өнімі санының жиыны (тоннада);

      25) тонна үшін өнім бағасы (теңгеде) (мұнай өнімін өндірушілердің мұнай берушіге мұнай өнімдерін беруі (жөнелтуі) кезінде немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшілері арасында, сондай-ақ салық салу объектілер және (немесе) салық салумен байланысты объектілер арасында ішкі тасымалдауы кезінде, толтыру үшін міндетті емес);

      26) өнімінің жалпы құны (теңгеде көрсетіледі);

      27) Алушы жазып берген Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктке дейін тасымалдау кезінде, Өнім беруші жазып берген МІЖ нөмірі (мұнай өнімін қайтарған, МІЖ күшін жойған немесе бас тартқан жағдайда толтырылады);

      28) кестедегі жолдың жалпы саны;

      29) басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. МІЖ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін Өнім беруші қағаз тасығышта екі данада басып шығарады (Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде – Алушы қағаз тасығышта бір данада басып шығарады) және жеке кәсіпкердің қолымен немесе заңды тұлға басшысының (не өзге уәкілетті тұлғаның) қолымен расталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Тасымалдаушының (жүкті жөнелтушінің, Алушы өкілінің) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетілген, қол қойылған қағаз тасығыштағы МІЖ–дің бір данасы Өнім берушіде қалады (Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдауды қоспағанда).

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 40 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. МІЖ–дің екінші данасы тасымалдаушыға (жүкті жөнелтушіге, Алушы өкіліне) мұнай өнімін межеленген орынға дейін тасымалдау үшін беріледі (Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдауды қоспағанда).

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 40 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мұнай өнімін белгіленген орынға дейін жеткізгеннен кейін Мұнай өнімін алушы тасымалдаушыдан МІЖ екінші данасын алады (Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдауды қоспағанда).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 40 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. МІЖ–ді Алушылар МІЖ және мұнай өнімдерін алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе одан Бағдарламада МІЖ–ді ресімдеген күннен кейін күнтізбелік жиырма бес күн ішінде бас тартылады.

      Бағдарламада МІЖ–дің растауы, Алушымен мұнай өнімдерді алғаннан кейін және МІЖ–де көрсетілген деректермен алшақтық болмаса жүзеге асырылады.

      Мұнай өнімдерін экспорттау және түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде Бағдарламада Алушының растауы талап етілмейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 40 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. МІЖ-ден бас тарту, оны алғанын растау немесе растамау мерзімі бұзылған жағдайда, Бағдарламада автоматты режимде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес хабарландыру қалыптастырылады.

      11. Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп ресімделген МІЖ-ді Өнім беруші осындай МІЖ ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоюға тиісті.

      12. МІЖ жойылған жағдайда Алушыға (қажет болған кезінде) жолданатын жаңа МІЖ жазып беріледі. Жаңа МІЖ ресімдеу күнін Бағдарлама автоматты түрде береді. Жаңа МІЖ бастапқы МІЖ жойылған күні ресімделеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 40 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. МІЖ-ді есепке алу Бағдарламаның МІЖ тіркеу журналында осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде жүргізіледі.

      МІЖ ресімделгеннен кейін МІЖ тіркеу журналына МІЖ түседі және уәкілетті органның серверінде сақталады.

      14. Қол қойылған МІЖ Өнім берушілер мен Алушыларда қағаз тасымалдағышта МІЖ-ді ресімдеу күні бойынша тізілімге тігіледі және бес жыл бойы сақталады.

      Өнім берушілер мен Алушылардың МІЖ түпнұсқасын жоғалтуына және бүлдіруіне жол берілмейді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Өнім берушіні (Алушыны) - заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін МІЖ-ді сақтау жөніндегі міндеттеме оның мирасқорына (құқықтық мирасқорына) жүктеледі.

  Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу,
алу, беру, есепке алу, сақтау
және ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Ілеспе жүкқұжат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1) № Ілеспе жүкқұжат

2) Ресімдеу күні және уақыты: _______________________

3) Операцияның коды _________________________

4) Өнім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ______________________________
5) Өнім берушінің атауы, заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды мен жөнелту мекенжайы ______________
___________________________________
6) Жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды ______________
7) Өнім берушінің түрі ____________________________

8) Алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________
9) Алушының атауы, заңды мекенжайы, жеткізу мекенжайы _______________________________
__________________________________
10) Алушының жеткізу мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органының коды ___________

11) Шарттың (шартқа қосымшаның) нөмірі __________

12) Шарттың күні 20__ жылы "____" ________

13) Көлік түрі:

Авто

Темір жол

Әуе

Теңіз немесе ішкі су

Құбыржол
14) Тасымалдаушы туралы мәліметтер ______________________________________
15) Көлік құралы туралы мәліметтер ________________________________________
16) Экспедитор туралы мәліметтер _________________________________________

17) Өткізілетін (түсірілетін) мұнай өнімінің жалпы саны. Барлығы:______(тонна)
18) Өткізілетін (түсірілетін) мұнай өнімінің жалпы құны. Барлығы:______(теңгеде)

19)

20)
Мұнай өнімінің түрі, атауы, маркасы (бар болса)

21)
Дербес сәйкестендіру нөмір - коды

22)
Ыдыстың сыйымдылығы (тоннада)

23)
Ыдыстың саны (данада)

24)
Санның жиыны (тоннада)

25)
Өнімнің құны (теңгеде)

26)
Өнімнің жалпы құны (теңгеде)

27)
Алушы жазып берген Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктке дейін тасымалдау кезінде, Өнім беруші жазып берген мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжатының нөмірі (мұнай өнімін қайтарған, мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжатын күшін жойған немесе бас тартқан жағдайда толтырылады)



















28) Барлығы: __________ жол

29) Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде): ____________________ ___________
қолы


  Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу,
алу, беру, есепке алу, сақтау
және ұсыну қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттан бас тарту,

оны растау немесе растамау туралы

хабарландыру

20__ ж. "___" _________

____________________________________________________________

(салық органының атауы)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы "___" ______ бұйрығымен бекітілген Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларына 10-тармағына сайкес

Сізге

___________________________________________________________________

(Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы)

ЖСН(БСН) _____________________________________________________

мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты растамағаныңыз немесе бас тартқаныңыз, мерзімінде растамағаныңыз туралы хабардар етеді

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

(табыс ету нөмірі мен кезеңі)

Осыған байланысты Сізге 5 жұмыс күні ішінде тіркеу орны бойынша салық органына келіп түсініктеме беруіңіз қажет.

  Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу,
алу, беру, есепке алу, сақтау
және ұсыну қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

МІЖ тіркеу журналы

МІЖ күні МІЖ растау/бас тарту күні

___ жылғы ____ бастап _____ _____ жылғы ______ бастап ______

жылғы ________ қоса алғанда жылғы ________________ қоса алғанда

Өнім берушінің ЖСН/БСН_____ Алушының ЖСН/БСН____________________

МІЖ нөмірі:________________

МІЖ мәртебесі:

Шимай

Жойылды

Жіберілді

Расталды

Алынды

Бас тартылды

МІЖ күні

МІЖ нөмірі

Өнім берушінің ЖСН/БСН

Алушының ЖСН/БСН

Операцияның коды

Өнім берушінің түрі

Растау/бас тарту күні

Күндер өтті

Мәртебесі

Іс-қимыл


































Барлығы: __________________ көрсетілген жол саны _____________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады