Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жриялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 наурызда № 120 бұйрығымен бекітілді |
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.11.2019 № 841 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13211 болып тіркелген) "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішпен қоса берілген құжаттарды беруі мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырып көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде осы тармақшада көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту ресімделеді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
өтінішті тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жауапты орындаушыны айқындауы;
құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы куәлік не дәлелді жауап дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының куәлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі тұрғысынан құжаттарды тексеруді жүзеге асырады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлік не электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер- техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
– мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы; | |
– көрсетілетін қызметті берушінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімінің (іс-қимылының) атауы; | |
– келесі рәсімге (іс-қимылға) өту. |