Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 841 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қарашада № 19603 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 44 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 120 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13447 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 121 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13459 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 841 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 2 наурызда
№ 120 бұйрығымен
бекітілді

"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13211 болып тіркелген) "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішпен қоса берілген құжаттарды беруі мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырып көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді.

      Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде осы тармақшада көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту ресімделеді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      өтінішті тіркеу;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жауапты орындаушыны айқындауы;

      құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;

      куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы куәлік не дәлелді жауап дайындау;

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының куәлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі тұрғысынан құжаттарды тексеруді жүзеге асырады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлік не электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;

      5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

  "Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы инженер-
техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





 

– мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;



 

– көрсетілетін қызметті берушінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімінің (іс-қимылының) атауы;



 

– келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 841 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 3 наурызда
№ 121 бұйрығымен
бекітілді

"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13210 болып тіркелген) "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" (бұдан әрі – стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттары бар өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті автоматты түрде тіркеуі;

      2) куәлік электрондық нысанда ақпараттық жүйесімен (компьютермен) көрсетілетін қызметті берушінің қатысуысыз 20-40 (жиырма-қырық) минут ішінде беріледі.

      7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      өтінішті автоматты түрде тіркеуі;

      куәлікті электрондық нысанда автоматты түрде беру.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтықтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті автоматты түрде тіркеуі;

      2) куәлік электрондық нысанда ақпараттық жүйесімен (компьютермен) көрсетілетін қызметті берушінің қатысуысыз 20-40 (жиырма-қырық) минут ішінде беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады