Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің ең төменгі әлеуметтік стандартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 наурызда № 13516 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің ең төменгі әлеуметтік стандарты бекітілсін.

      2. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Д.Ж. Қаленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне (Е.Н. Иманғалиев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 23 ақпандағы
№ 166 бұйрығымен
бекітілген

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру" ең төмен әлеуметтік стандарт

      1. Ең төмен әлеуметтік стандарттарды әзірлеген және бекіткен орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

      3) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;

      4) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 19 мамырдағы Заңы.

      3. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдікдерді іске асыру;

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі қағидаларды айқындау.

      4. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандарттарда қосымшасында көзделген.

  "Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру" ең
төмен әлеуметтік стандарттың
қосымшасы

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

      Ескерту. Нормалары мен нормативтері жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Норма/нормативтің атауы

Норма/норматив реттелетін нормативтік құқықтық акт

Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаты

Норма/ нормативтің көлемі

1

2

3

4

5

1.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау кезіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының нормалары;

"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен және жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітіледі

2.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары;

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер

класс-комплект

3.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алып жатқан жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың киім-кешегі нормалары;

"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысы

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен реттеледі

4.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған стипендияның нормативі (мөлшері);

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге, (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, мемлекеттік стипендия өткен семестрдің емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен реттеледі.

5.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың жеңілдікпен жол жүру нормативтері;

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12894 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының күндізгі оқыту нысанында білім алушыларға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңінде, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетін 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарын бітірушілерге – жылына бір рет, 2 еселенген АЕК мөлшерінде

6.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормалары;

"Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 тіркелген);
"Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер


7.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормалары;

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 тіркелген).

Білім алушылар, студенттер


8.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққанда орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды жатақханада орындармен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар

"Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 тіркелген).

Білім алушылар, студенттер


9.

Егер білім алушы бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін алғаш рет алса, түлектерге оны (оларды) бере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімге кепілдік беру нормативтері.

"Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).

Білім алушылар, студенттер



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады