"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 22065 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 166 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13516 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің ең төменгі әлеуметтік стандартын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" ең төмен әлеуметтік стандарттың қосымшасы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 11 қаңтардағы
№ 10 бұйрығына
қосымша
  "Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру" ең
төмен әлеуметтік стандарттың
қосымшасы
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 23 ақпандағы
№ 166 бұйрығымен
бекітілді

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норма/нормативтің атауы

Норма/норматив реттелетін нормативтік құқықтық акт

Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаты

Норма/ нормативтің көлемі

1

2

3

4

5

1.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау кезіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының нормалары;

"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен және жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітіледі

2.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары;

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер

класс-комплект

3.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алып жатқан жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың киім-кешегі нормалары;

"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысы

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен реттеледі

4.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған стипендияның нормативі (мөлшері);

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге, (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, мемлекеттік стипендия өткен семестрдің емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен реттеледі.

5.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың жеңілдікпен жол жүру нормативтері;

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12894 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының күндізгі оқыту нысанында білім алушыларға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңінде, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетін 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде; Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарын бітірушілерге – жылына бір рет, 2 еселенген АЕК мөлшерінде

6.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормалары;

"Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 тіркелген);
"Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер


7.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нормалары;

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 тіркелген).

Білім алушылар, студенттер


8.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққанда орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды жатақханада орындармен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар

"Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 тіркелген).

Білім алушылар, студенттер


9.

Егер білім алушы бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін алғаш рет алса, түлектерге оны (оларды) бере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімге кепілдік беру нормативтері.

"Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).

Білім алушылар, студенттер



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады