Коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлеріне сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2016 жылғы 26 ақпандағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 наурызда № 13532 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлеріне сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) олардың тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның


міндетін атқарушы

Б. Иманәлиев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 ақпандағы
№ 40 бұйрығымен бекітілді

Коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлеріне сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлеріне сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы тұтыну бағасының индексін (бұдан әрі - ТБИ) қалыптастыру кезінде оларды бұдан әрі пайдалану мақсатында электр энергиясы, орталықтан жылыту, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз қызметтеріне сараланған тарифтердің орташа өзгерістерін есептеу үшін қолданады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Әдістеме коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлеріне сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу алгоритмін анықтайды.

      4. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қауымдастықтың статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік банкі дайындаған "Тұтыну бағаларының индексі жөніндегі нұсқау: теория және тәжірибенің" (2004 жыл) стандарттары мен ұсынымдарын есепке ала отырып әзірленген.

      5. Осы Әдістемеде "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған ұғымдар пайдаланылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Табиғи монополия субъектілерінің реттелетін коммуналдық қызметтерін пайдаланатын тұтынушылар тобы бойынша тұтынылған қызметтер көлемі және адамдар саны жөніндегі бастапқы деректер мемлекеттік статистиканың аумақтық бөлімшелері ресми жазбаша сауал жолдау арқылы нақты кезеңге (жыл) алған ақпарат болып табылады.

      Тұтынушылардың әрбір топтары бойынша сараланған тарифтердің жаңа деңгейі табиғи монополия саласындағы басшылықты жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен расталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.08.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тұрғындардың барлық топтары бойынша сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу көрсетілетін қызметті тұтынудың жалпы көлемінде тұрғындар топтарының салмағына және тарифтердің өзгерісіне сүйене отырып орташа өлшенген формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:

      І – көрсетілетін қызметке арналған тарифтердің орташа өлшенген өзгерісі;

      іj – j тұтынушылар тобы үшін сараланған тарифтің өзгерісі;

      k – тұтынушылар топтарының саны;

      wj – j тұтынушылар тобының салмағы.

      Тұрғындардың әр тобы бойынша ij тарифтің өзгерісі жаңа тарифтің деңгейін (tесеп) ескі тарифтің деңгейіне (tбаз) бөліндісі ретінде анықталады:



      мұнда:

      ij – тұтынушылар j тобы үшін сараланған тарифтің өзгерісі;

      t – есепті немесе базистік кезеңде белгіленген тариф.

      j тұрғындардың әр тобының салмағы көрсетілетін қызметтің осы түрінің төлеміне жұмсалған жалпы шығындардағы олардың ақшалай шығыстарының негізінде анықталады:



      мұнда:

      wj – j тұтынушылар тобының салмағы;

      pj – көрсетілетін қызмет үшін төлемге j тұтынушылар тобының ақшалай шығыстары;

      k – тұтынушылар топтарының саны.

      8. Тұтынушылардың әр тобының ақысы төленген көрсетілетін қызметінің құны туралы ақпарат болмағанда, ақшалай көріністегі мұндай шығыстарға статистикалық бағалау жүргізіледі, соның негізінде салмақ анықталады.

      Тұрғындардың әр тобы бойынша ақшалай шығыстарды статистикалық бағалау үшін мына формула қолданылады:



      мұнда:

      pj – көрсетілетін қызметтің төлеміне j тұтынушылар тобының ақшалай шығыстарын бағалау;

      rj – төлемі tj тарифі бойынша жүргізілетін j тұтынушылар тобындағы адамдардың саны;

      nj – j тұтынушылар тобындағы бір адамға есептегендегі тұтынудың орташа айлық көлемі (немесе тұтынудың нормасы);

      tj – j тұтынушылар тобы үшін белгіленген тариф.

      9. Шартты түрде "суық сумен жабдықтау" көрсетілетін қызмет түрі бойынша ақшалай шығындарды статистикалық бағалау келесі жүйемен жүзеге асырылады.

      Бірінші кезең – Заңға сәйкес табиға монополия субъектілері белгілейтін сараланған тарифтерге сәйкес тұтынушылардың әрбір топтары бойынша көрсетілетін коммуналдық қызметтерге жеке шоттар бойынша төлейтін тұратындардың санын анықтау.

      Осы көрсетілетін қызмет түрі бойынша тұтынушылар келесі топтарға бөлінеді:

      бірінші топ – көрсетілетін қызметтерді тұтынудың ең аз көлеміне дейін тұтынатын тұрғындар;

      екінші топ – көрсетілетін қызметтерді тұтынудың ең аз және шекті көлемі аралығында тұтынатын тұрғындар;

      үшінші топ – көрсетілетін қызметтерді тұтынудың шекті көлемінен жоғары тұтынатын тұрғындар.

      Тұрғындардың бірінші тобына арналған тариф бойынша яғни, қызметті тұтынудың ең аз көлемі үшін тұрғындардың барлық топтары төлейді (тұрғындардың бірінші тобы қосу тұрғындардың екінші тобы қосу тұрғындардың үшінші тобы). Тұрғындардың екінші тобы үшін тариф бойынша яғни, қызметті ең төменгі көлемде және шекті көлемде тұтыну арасындағылар үшін, тұрғындардың бірінші тобы төлемейді, тұрғындардың екінші және үшінші топтары төлейді. Шекті белгіленгеннен жоғары көлем үшін тұрғындардың үшінші тобы ғана төлейді.

      Тұратындардың бастапқы санын қайта бөлу үлгісі осы Әдістемеге

      1-қосымшада көрсетілген.

      Екінші кезең – тұрғындардың әрбір тобы бойынша бір адамға есептегендегі орташа айлық тұтыну көлеміне байланысты тұрғындар топтары бойынша тұтыну көлемін анықтау.

      Тұрғындардың әрбір тобы бойынша бір адамға есептегендегі орташа айлық тұтыну көлеміне байланысты тұрғындар топтары бойынша тұтыну көлемін анықтау үлгісі осы Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген.

      Тұрғындардың топтары бойынша бір адамға есептегендегі орташа айлық тұтыну көлемі туралы нақты деректер болмағанда, есептеуде сараланған тарифтерге енгізілген көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары негізінде шығарылған деректер қолданылады.

      "Суық сумен жабдықтау" көрсетілетін қызмет түрі бойынша тұрғындардың бірінші тобы үшін тұтыну көлемі 2-ші м3-ге дейін, екінші топ үшін – 2 м3-ден 3,5 м3-е дейін, үшінші топ үшін – 3,5 м3-ден жоғары белгіленген. Шартты түрде айына адам 5 м3-ге дейін тұтынады. Әрбір топ бойынша шекті тұтынудың орташа көлемі былай анықталады:

      1) тұрғындардың бірінші тобы үшін – 1 м3, яғни 2/2=1;

      2) тұрғындардың екінші тобы үшін – 0,75 м3, яғни (3,5-2)/2=0,75;

      3) тұрғындардың үшінші тобы үшін – 0,75 м3, яғни (5-3,5)/2=0,75.

      Үшінші кезең – қолданыстағы тарифтерге сәйкес тұрғындардың әрбір тобы бойынша ақшалай шығыстарды бағалау.

      Қолданыстағы тарифтерге сәйкес тұрғындардың әрбір тобы бойынша ақшалай шығыстарды бағалау үлгісі осы Әдістемеге 3-қосымшада көрсетілген.

      Төртінші кезең – көрсетілетін қызмет төлеміне жұмсалған жалпы шығындардағы тұрғындардың әр тобының ақшалай шығыстарының салмағын анықтау.

      Көрсетілетін қызмет төлеміне жұмсалған жалпы шығындардағы тұрғындардың әр тобының ақшалай шығыстарының салмағын анықтау үлгісі осы Әдістемеге 4-қосымшада көрсетілген.

      10. Сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу үшін тұрғындардың әр тобы бойынша тарифтер өзгерісі оның салмағына көбейтіледі және содан кейін тұрғындардың барлық топтары бойынша қосылады. 100-ге көбейтілген және бір ондық санға дейін дөңгелектеп алынған сома – тарифтердің жаңа деңгейін енгізу кезінде қалыптасқан, сараланған тарифтер деңгейінің орташа өзгерісі болып табылады.

      Сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу үлгісі осы Әдістемеге 5-қосымшада көрсетілген.

      "Суық сумен жабдықтау" көрсетілетін қызметі бойынша сараланған тарифтердің анықталған орташа өзгерісі есепті ай үшін тұтыну бағаларының индексін одан әрі есептеуде бағаның қарапайым индексі ретінде пайдаланылады. Ұқсас түрде тұтынушылардың нақты топтарына байланысты көрсетілетін қызметтердің басқа түрлері бойынша сараланған тарифтердің орташа өзгерістерін есептеу жүзеге асырылады.

  Ақылы қызметтердің
жекелеген түрлеріне сараланған
тарифтердің орташа өзгерісін есептеу
әдістемесіне 1-қосымша

Тұратындардың бастапқы санын қайта бөлу үлгісі

      үлгідегі сандар шартты түрде

Тұрғындар тобы

Тұтыну көлеміне сүйене отырып, тұратындардың бастапқы саны

r – тұтыну төлеміне сүйене отырып, тұратындардың қайта бөлінген саны

r есептеу формуласы

Бірінші топ (N1)

12788

112509

= N1 + N2 + N3

Екінші топ (N2)

16191

99721

= N2 + N3

Үшінші топ (N3)

83530

83530

= N3

  Ақылы қызметтердің
жекелеген түрлеріне сараланған
тарифтердің орташа өзгерісін есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

Тұрғындардың әрбір тобы бойынша бір адамға есептегендегі орташа айлық тұтыну көлеміне байланысты тұрғындар топтары бойынша тұтыну көлемін анықтау үлгісі

      үлгідегі сандар шартты түрде

Тұрғындар тобы

r - тұратындардың қайта бөлінген саны

n – тұтынудың орташа көлемі, адам басына м3

Тұрғындардың әрбір тобы бойынша тұтыну көлемі, м3 (r*n)

Бірінші топ

112509

0,9

101258

Екінші топ

99721

0,85

84763

Үшінші топ

83530

3,4

284002

  Ақылы қызметтердің
жекелеген түрлеріне сараланған
тарифтердің орташа өзгерісін есептеу
әдістемесіне 3-қосымша

Қолданыстағы тарифтерге сәйкес тұрғындардың әрбір тобы бойынша ақшалай шығыстарды бағалау үлгісі

      үлгідегі сандар шартты түрде

Тұрғындар тобы

Тұрғындардың әрбір тобы бойынша тұтыну көлемі, м3 (r*n)

Тариф (t), ҚҚС-мен теңге

Ақшалай шығыстар (k*n*t), теңге

Бірінші топ

101258

31,25

3164313

Екінші топ

84763

48,71

4128806

Үшінші топ

284002

86,84

24662734

  Ақылы қызметтердің
жекелеген түрлеріне сараланған
тарифтердің орташа өзгерісін есептеу
әдістемесіне 4-қосымша

Көрсетілетін қызмет төлеміне жұмсалған жалпы шығындардағы тұрғындардың әр тобының ақшалай шығыстарының салмағын анықтау үлгісі

      үлгідегі сандар шартты түрде

Тұрғындар тобы

Ақшалай шығыстар (r*n*t), теңге

Тұрғындар тобы бойынша салмағы (w)

Есептеу формуласы w

Бірінші топ (N1)

3164313

0,099022

= N1 / (N1 + N2 + N3)

Екінші топ (N2)

4128806

0,129203

= N2 / (N1 + N2 + N3)

Үшінші топ (N3)

24662734

0,771775

= N3 / (N1 + N2 + N3)

  Ақылы қызметтердің
жекелеген түрлеріне сараланған
тарифтердің орташа өзгерісін есептеу
әдістемесіне 5-қосымша

Сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу үлгісі

      үлгідегі сандар шартты түрде

Тұрғындар тобы

Тұрғындар тобы бойынша салмақ (w)

Ескі тариф (tнегіз)

Жаңа тариф (tесеп)

Тарифтің өзгерісі (i)

Тарифтің өлшенген өзгерісі (i*w)


1

2

3

4=3/2*100

5=1*4

Бірінші топ

0,099022

31,25

35,66

114,1

11,299598

Екінші топ

0,129203

48,71

53,12

109,1

14,090050

Үшінші топ

0,771775

86,84

102,56

118,1

91,148369

Тарифтің орташа өлшенген өзгерісінің қорытындысы

116,5

116,538018


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады