"Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына және "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 22107 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 14 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 45 бұйрығымен бекітілген

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң ) 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган – атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу – атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыруға ұйымның құзыреттілігін ресми тану рәсімі.

      3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді және Көрсетілетін қызметті берушінің, сондай-ақ оның ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылатын ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.

      4. Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымның:

      1) аккредиттеу немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласындағы кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;

      2) тиісті аккредиттеу саласындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті персоналы;

      3) мәлімделетін жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері болуы тиіс.

2-тарау. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу тәртібі

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мынадай құжаттарды:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі өтінішті;

      аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;

      тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, болған жағдайда сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер) электрондық көшірмелерін;

      мәлімделетін жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелерінің электрондық көшірмелерін ұсынады.

      Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін талап етілетін нәтижелерді алу үшін бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде – Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы жағдайы көрсетіледі.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсыну ерекшеліктерін ескерумен басқа да мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қарауына береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарау үшін Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына жібереді.

      14 (он төрт) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының қызметкері және ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы кезек тәртібімен Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды, одан кейін Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген басқармаларының басшыларына келісуге енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы ұсынылған қорытындылар негізінде 4 (төрт) жұмыс күні ішінде:

      ұсынылған барлық қорытындыларда ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы қорытынды болған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді;

      осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап Портал арқылы Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) ұсынған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;

      2) ұсынған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) Көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

      4) есептеу әдістемелері мен бағдарламалық құралдарының мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;

      5) мәлімделген түр бойынша қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу нәтижесіне шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 6) тармақшасына сәйкес сотқа шағымдана алады.

  Ядролық, радиациялық және
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге:______________________
(уәкілетті орган
_________________________
басшысының тегі, аты,
________________________
әкесінің аты (болған жағдайда),
________________________
лауазымы)
  Кімнен:_____________________
(заңды тұлға басшысының тегі,
________________________
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда),
________________________
лауазымы (болған жағдайда)
Деректемелер:_______________
бизнес-сәйкестендіру
______________________
нөмірі, мекенжайы,
_____________________
байланыс телефоны)

Өтініш

      __________________________________ қауіпсіздіктің түрі (түрлері) бойынша

      ________________________________________________ жүзеге асыру үшін

      (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)

      ___________________________________________________________ аккредиттеуді сұраймын

      (заңды тұлғаның атауы)

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ___________________________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның басшысы__________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Толтырылған күні 20__жылғы "____" ___________

  Ядролық, радиациялық және
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша

"Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілі (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден жұмаға дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) электрондық түрдегі өтініш;
2) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, болған жағдайда сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер) электрондық көшірмелері;
4) мәлімделетін жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ұсынған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;
2) ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген) бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
4) есептеу әдістемелері мен бағдарламалық құралдарының мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
5) мәлімделген түр бойынша қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөліміндегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде;
Порталда орналасқан;
2) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөліміндегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Ядролық, радиациялық және
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

Нөмірі: [РҚ нөмірі] Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарастырып,. ______________________________________ хабарлайды. [Бас тарту себебі].

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]


 

  Ядролық, радиациялық және
ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы КУӘЛІК

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес

      ____________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________________________

      жүзеге асыру үшін аккредиттеледі (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)

      ___________________________________________________________________________

      ____________________________ қауіпсіздіктің түрі(-лері) бойынша

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      пайдалану (есеп айырысу әдістемесі(-лері) және (немесе) бағдарламалық - техникалық құралдары)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Куәлік 20__ жылғы "___"___________ дейін жарамды

      Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы немесе оның орынбасары

      ________________________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Сериясы ______№ _______________

      Берілген күні

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 14 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 51 бұйрығымен бекітілген

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды.

2-тарау. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібі

      2. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады:

      1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) B (U) типті, С типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту және уран гексафториді үшін:

      физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;

      инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясының толық сипаттамасы;

      жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;

      көліктік қаптама комплектілері пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;

      егер көліктік қаптама комплектілері 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;

      егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;

      көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, көліктік қаптама комплектілерден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет төсеудің кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;

      көліктік қаптама комплектілер құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;

      көліктік қаптама комплектілерінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;

      3) B (М) типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:

      тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;

      көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;

      тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет;

      4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қаптама комплектілер конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      басқа елдің уәкілетті органы бекіткен көліктік қаптама комплектілер конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;

      көліктік қаптама комплектілерін тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы ұсынылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларыннысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосышаға сәйкес "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындау үшін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Көрсетілетін қызметті алушының өтінімді тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтінім берушінің "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімді осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды немесе Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы шешімі 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімі сертификат-рұқсаттың түпнұсқасында көрсетілген мерзімде қолданылады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 6) тармақшасына сәйкес сотқа шағымданады.

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Кімнен _____________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
  (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауы)

Өтінім

      Сізден ___________________ (толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітуді сұраймын.

      Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы

      ____________________________________________________________________________

      Телефон, факс, электрондық пошта

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ___________________________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________________________

      Толтырылған күні 20__ жылғы "___" ____________



  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
  Кімнен _____________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауы)

Өтінім

      Сізден 20__ жылғы "___" ________ дейінгі мерзімге ____________ (толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын ____________________________ (сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі) Қазақстан Республикасының аумағында сертификат-рұқсаттың күшін қолдануға рұқсат беруді сұраймын.

      Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы

      ___________________________________________________________________________

      Телефон, факс, электрондық пошта

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ___________________________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________________________

      Толтырылған күні 20__ жылғы "___" ____________



  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
3-қосымша

"Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы Көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден жұмаға дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін:
өтінім;
2) B (U) типті, С типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын және уран гексафторидін бекіту үшін мынадай құжаттардың электрондық көшірмесі:
физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;
инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясының толық сипаттамасы;
жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
көліктік қаптама комплектілерін пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
егер көліктік қаптама комплектілерінің 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;
егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, көліктік қаптама комплектілерден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;
көліктік қаптама комплектілерінің құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;
көліктік қаптама комплектілерінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;
3) B (М) типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:
тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;
көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;
тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет;
4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:
өтінім;
басқа елдің уәкілетті органы бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;
көліктік қаптама комплектілерінің тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы ұсынылады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген) бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөліміндегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде;
Порталда орналасқан;
2) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөліміндегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде

Өтінімді одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту


Нөмірі: [РҚ нөмірі] Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтінім берген күн] № [Өтінім нөмірі], өтініміңізді қарап, __________________________________________________хабарлайды. [Бас тарту себебі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]



 

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

№ ____________________ от "___" ___________ 201__ года

Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы
[Бұйрық мәтіні қазақ тілінде]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]


  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

№ ____________________ от "___" ___________ 201__ года

Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан

Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттар күшін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуын тарату туралы
"Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес ядролық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау кезінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. ____________________________________________________________

Көліктік қаптама комплектінің аббревиатурасы, құзырлы органның тану белгiсi, радиоактивті ішіндегісі

Сертификат-рұқсаттың қолданылу мерзімі



2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Негіздеме: ______________________________________________________________

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады