"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 139 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 85 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 сәуірде № 13589 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 214 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 119 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2019 № 214 және ҚР Энергетика министрінің 16.04.2019 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 241 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11000 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      9-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырыс беруші жеңімпазды анықтау рәсімі және нәтижелер хаттамасын жасау сәтіне дейін осы Қағидаларға сәйкес нормаларды бұзған жағдайда, тапсырыс беруші осы сатып алуды өткізуден және осындай сатып алуды (алуларды) қайтадан өткізуден бас тартады.";

      17-тармақтың бесінші бөлімінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған шарттың шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (шарттың әрекет ету мерзіміне немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады) конкурстық комиссияның ашық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушінің:

      "жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі" (егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындаған немесе қызметтерді көрсеткен жағдайда);

      "тауарлардың қазақстандық өндірушісі" (егер, әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу нысанасы болып табылатын тауарларды өндірген жағдайда) мәртебесіне сәйкестігін немесе сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын жасай отырып, ашық конкурстың талаптарына сәйкес келуіне конкурстық өтінімдерді қарауы;";

      25-тармақта:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген тиісті өлшемге сәйкес келетін тапсырыс берушінің шартты жеңілдіктер ұсыну туралы міндеттемесі және әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасын есептеу үшін осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (шарттың әрекет ету мерзіміне немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) қолданылады сатып алынған: тауарлардағы әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін);

      жұмыстардағы немесе көрсетілген қызметтердегі әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жергілікті қамту бойынша ең аз талаптар;";

      34-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (шарттың әрекет ету мерзіміне немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) сатып алынған: әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы;

      әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша ең аз талаптар;";

      40-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған шарттың шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (шарттың әрекет ету мерзіміне немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) ұсынылатын:

      әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы;

      әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;";

      42-тармақ мынадай редакциядағы екінші бөліммен толықтырылсын:

      "1) тармақшаның ережелері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (шарттың әрекет ету мерзіміне немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) қолданылады.";

      66-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау кезінде, әлеуетті жеткізушінің Заңның 78-бабының 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 4 және 5-тармақтарында көзделген өлшемге сәйкес келетіндігін айқындау үшін әлеуетті жеткізуші ұсынған мәліметтерді әр лот бойынша бөлек ескереді.";

      71-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Конкурстық комиссия, егер ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасында өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, конкурстық баға ұсыныстарын ашуды және соңғы қабылдау күнін ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасына қол қойған күннен бастап екі жұмыс күнінен кейінгі күнге белгілейді.";

      84, 85, 86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Осы Қағидалардың 82-тармағында келтірілген шарт бойынша қабылданған конкурстық баға ұсыныстары тізілімде салыстырылады және бағаланады және Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты төмендету өлшемін ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төмен бағасының негізінде (лот бойынша) ашық конкурстың жеңімпазы айқындалады.

      85. Ашық конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты төмендету бойынша критерийді қолдануды ескере отырып, ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарының бағасы тең болған жағдайда, басымдық қазақстандық тауар өндірушіге, қазақстандық жұмысты, көрсетілетін қызметті өндірушіге беріледі.

      86. Осы Қағидалардың 25-тармағы 21) тармақшасының ережелерін ескере отырып өткізілген ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің ең үлкен пайызын ұсынған ашық конкурсқа қатысушысы мынадай жағдайларда:

      1) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабы 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты төмендету бойынша өлшемді қолдануды ескере отырып, тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылатын ашық конкурстың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болғанда;

      2) тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болған жағдайларда, ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-де жергілікті қамту бойынша ең көп пайыз ұсынғанда жеңімпаз болып танылады.

      87. Конкурстық баға ұсынысы басқа ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарынан тізіліміне бұрын түскен ашық конкурсқа қатысушысы:

      1) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты төмендету бойынша критерийді қолдануды ескере отырып, конкурстық баға ұсыныстары және тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылатын ашық конкурсқа қатысушылар ұсынған ашық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болғанда;

      2) конкурстық баға ұсыныстары және тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын ашық конкурсқа қатысушылар ұсынған ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ–дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болғанда;

      3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе әрекет ету мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде өткізілетін ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлардың конкурстық баға ұсыныстары конкурстық баға ұсынысы басқа ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын жүйеде түскен ашық конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.";

      96-тармақтағы:

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) қазақстандық жұмыс (көрсетілетін қызмет) өндірушілерінен ғылыми-зерттеу және/немесе тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді);";

      25) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын (қайсысының бұрынырақ болуына байланысты, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін) тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі кемінде 65 (алпыс бес) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алу үшін);

      26) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын (қайсысының бұрынырақ болуына байланысты, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін) тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі кемінде 50 (елу) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алуды қоспағанда);";

      106-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде сатып алуды орындау кезінде (келісімшарттың әрекет ету мерзіміне немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) ұсынылатын:

      әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы;

      әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша ең аз талаптар;";

      113-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      6) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде сатып алуды орындау кезінде (келісімшарттың әрекет ету мерзіміне немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) ұсынылатын:

      әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы;

      әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Осы Қағидалардың 106-тармағы 11) тармақшасының талаптарын ескере отырып ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті жеткізуші ұсынған жағдайда, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің ең үлкен пайызын ұсынған әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.

      Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары мен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің пайыздық көрсеткіші тең болған жағдайда, осы Қағидалардың 106-тармағы 11) тармақшасының талаптарын ескере отырып баға ұсынысын басқа әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.";

      139, 140 және 141-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Конкурстық баға ұсыныстарының бағаларын бағалау және салыстыру тізілімде жүзеге асырылады және Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты түрде азайту өлшемін ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төменгі бағасының негізінде оның жеңімпазы айқындалады.

      ТЖҚ-ны электрондық сатып алу жүйесі тәсілімен сатып алу жеңімпазын айқындау кезінде, Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты азайту өлшемінің қолданылуын ескере отырып, сатып алуға қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда, тауарларды қазақстандық өндірушіге, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісіне артықшылық беріледі.

      140. Мынадай жағдайларда:

      1) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты азайту критерийінің қолданылуын ескере отырып, тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылатын электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса;

      2) тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын, электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса;

      Тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы тармақтың ережелері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша (келісімшарттың әрекет ету мерзімінің аяқталуына немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) қолданылады.

      141. Мынадай жағдайларда:

      1) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты азайту өлшемінің қолданылуын ескере отырып, конкурстық баға ұсыныстарының бағалары және тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылатын электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушылар ұсынған электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алудың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-ның жергілікті қамтуы бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болса;

      2) конкурстық баға ұсыныстарының бағалары және тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушылар ұсынған электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алудың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-ның жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болса;

      3) ашық конкурстың қатысушыларымен ұсынылған 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе әрекет ету мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде өткізілетін электрондық сатып алу жүйесі арқылы тәсілімен тауарды алудың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса.";

      150-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
________________ Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2016 жылғы 4 наурыз



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады