Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 сәуірде № 13642 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 113 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 31.12.2016 № 113 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасын орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Жауапты құрылымдық бөлімшелер ашық деректердің

      интернет-порталында орналастыру үшін ақпаратты уақтылы және сапалы ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелімінен кейін он күнтізбелік күннен кейін оның мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелімінен кейін бес жұмыс күнінен соң оның "Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізілу үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істерінің вице-министрі И.М. Ахметоваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Мемлекеттік қызмет істері


министрі

Т. Донақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________Ә. Исекешев

      28 наурыз 2016 жыл

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 22 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

Ашық деректер жинағының атауы

Өзектілеу кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөз (ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы немесе мемлекеттік орган API жүйесі арқылы)

Жауапты тұлға

1

Лауазымдардың санаттары, жынысы, жас сараптамасына қатысты мемлекеттік қызметшілер бойынша статистикалық ақпарат (кадрлардың жай-күйінің мониторингі)

жыл сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет департаменті
 

2

Мемлекеттік қызметшілердің білімі туралы статистикалық ақпарат (кадрлардың жай-күйінің мониторингі)

жыл сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет департаменті

3

Мемлекеттік қызметшілердің заңнаманы білуге қатысты тестілеудің нәтижелері туралы және жеке қасиеттеріне бағалау жүргізу бойынша статистикалық ақпарат

жыл сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет департаменті
 

4

ҚР МҚІМ Этика бойынша кеңестердің жұмыс нәтижелері туралы ақпарат

тоқсан сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-не дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы

5

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны бойынша статистикалық ақпарат

жыл сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет департаменті

6

Мемлекеттік қызметке үміткерлер үшін талаптар

жыл сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет департаменті

7

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдау анықтамасы

талдау жүргізудің қорытындылары бойынша

анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті

8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша ақпарат

тоқсан сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті

9

Орталық және аумақтық деңгейдегі бөлінісінде бос лауазымдарға конкурстар туралы ақпарат

тұрақты негізде

хабарландыру түсуіне орай

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет департаменті

10

Мемлекеттік органдарда конкурстарды өткізу нәтижелері туралы ақпарат

жыл сайын

есептік жылдық кезеңнен кейінгі 20 ақпанда

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет департаменті

11

Барлық ОМО және ЖАО-ғы бос лауазымдар туралы мәлімет

жыл сайын

есептік жылдық кезеңнен кейінгі
20 ақпанда

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет департаменті

12

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу кестесі

тұрақты негізде

ақпарат түсуіне орай

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

ҚР МҚІМ Мемлекеттік қызмет департаменті


      Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:

      ҚР МҚІМ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері

      министрлігі;

      AЖО – ашық деректер жиынтығын орналастыру үшін мемлекеттік органның

      автоматтандырылған жұмыс орны;

      API – (application programming interface) – қосымшаларды

      бағдарламалау интерфейсі, сыртқы бағдарламалық өнімдерде

      пайдалану үшін қосымшамен (кітапханамен, сервиспен) берілетін

      дайын бағдарламалар жиынтығы.

      ОМО – орталық мемлекеттік органдар;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады