Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 14763 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 226 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 27.12.2019 № 226 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) жауапты құрылымдық бөлімшелері ашық деректер тізбесінде көзделген іс-шаралардың тиісті ақпараттарды ашық деректердің интернет-порталында орналастыра отырып, уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13642 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Агенттіктің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Агенттіктің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын осы бұйрықпен оны әрі орындау үшін таныстырылуын;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне косу үшін жолдануын;

      4) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________Д. Абаев

      ______ жылғы "____"___________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 113 бұйрығымен бекітілген

Ашық деректер интернет-порталында орналасатын ашық деректер тізбесі

Ашық деректер жиынының атауы

Өзекті ету кезеңі

Ұсыну мерзімі

Ашық деректер интернет-порталының дереккөзі (автоматтандырылған жұмыс орны арқылы (бұдан әрі – АЖО) немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы)

Жауапты бөлімше

1.

ҚР МҚІжСЖҚА құрылымы туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Персоналды басқару қызметі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

жыл сайын

15 қаңтарға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет көрсету департаменті

3.

Ведомство, аумақтық органдар,
ҚР МҚІжСЖҚА ведомствоға қарасты ұйымдары туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Персоналды басқару қызметі

4.

ҚР МҚІжСЖҚА бос орындар туралы ақпарат

тоқсан сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың
15 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Персоналды басқару қызметі

5.

ҚР МҚІжСЖҚА басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

тоқсан сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың
25 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Әкімшілік департаменті

6.

ҚР МҚІжСЖҚА Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы ақпарат

жыл сайын

20 қаңтарға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Әкімшілік департаменті

7.

Мемлекеттік қызмет кадрларының гендерлік құрамы туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті

8.

Мемлекеттік қызмет кадрларының жас құрамы туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті

9.

Мемлекеттік қызметшілердің білімі туралы статистикалық ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті
ҚР Президенті жанындағы МБА

10.

Мемлекеттік қызметшілердің өтілі туралы статистикалық ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті

11.

Мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті

12.

Мемлекеттік органдарда конкурстар өткізу нәтижелері туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпаныға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті

13.

Мемлекеттік қызметшілерді заңдарды білуге тестілеу нәтижелері және жеке қасиеттерін бағалау бойынша статистикалық ақпарат

жыл сайын

20 ақпаныға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті

14.

ҚР МҚІжСЖҚА Әдеп жөніндегі кеңестерінің жұмыс нәтижелері туралы ақпарат

тоқсан сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың
15 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті

15.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелді сырттай талдау нәтижелері бойынша ақпарат

талдау жүргізу қорытындысы бойынша

анықтамаға қол қойған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті

16.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде ақпарат

тоқсан сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың
5 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті

17.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпарат

тоқсан сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың
20 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет көрсету департаменті

18.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық шарттар тізбесі

жыл сайын

15 қаңтарға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті

19.

ҚР МҚІжСЖҚА желісі бойынша жүргізілетін халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат

тоқсан сайын

15 қаңтарға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті

20.

ҚР МҚІжСЖҚА
стратегиялық жоспары

бекіту қорытындысы бойынша

оны бекіткен күннен бастап
10 күнтізбелік күн ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті

21.

ҚР МҚІжСЖҚА
операциялық жоспары

жыл сайын

ҚР МҚІжСЖҚА
стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті
 

22.

ҚР МҚІжСЖҚА
Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті

23.

Оқиғалар күнтізбесі

жыл сайын

20 ақпанға
бірге орындаушылар үшін:
5 ақпанға
ҚР МҚІжСЖҚА
Журтшылықпен байланыс департаментіне ақпарат ұсыну

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті
ҚР МҚІжСЖҚА Әкімшілік департаменті
ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті
ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті
ҚР МҚІжСЖҚА
Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті
ҚР МҚІжСЖҚА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті
ҚР МҚІжСЖҚА
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті

24.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша ақпарат

жыл сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті
ҚР Президенті жанындағы МБА

25.

Анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат

тоқсан сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың
15 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы

26.

Ұсынылатын мемлекеттік қызметтер тізбесі

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызметтер департаменті

27.

Персоналды басқару бойынша жұмыс тиімділігін бағалау нәтижелері

жыл сайын

1 шілдеге

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті

28.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметіне қатысу

жыл сайын

20 ақпаныға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті
ҚР Президенті жанындағы МБА

29.

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді оның ішінде шетелде даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қызметі туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпаныға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті

30.

Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау нәтижелері

тоқсан сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 10-ші күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Әкімшілік департаменті

31.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау нәтижелері туралы ақпарат

жарты жылда бір рет

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың
15 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті

32.

Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынымдарды орындау мониторингінің нәтижелері

тоқсан сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті

33.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері

тоқсан сайын

есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 25 күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті

34.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі

жыл сайын

20 ақпаныға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІжСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті

      Қысқартулардың толық жазылуы:

      ҚР МҚІжСЖҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;

      AЖО – ашық деректердің жиынын орналастыру үшін интернет-порталда мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны;

      API – (application programming interface) – сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшін қосымшамен (кітіапхана, сервис) ұсынылатын қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі, дайын бағдарламалар жиыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады