"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 мамырда № 13720 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары" деген 2-қосымшасында:

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары" деген 1-қосымшада:

      1-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірінші бағдарлама, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдарына (бұдан әрі – "А" корпусының лауазымдары) арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"(10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"(10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестерді қамтиды.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама "А" корпусы лауазымдарының екінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы"(10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды.

      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.";

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары деген 4-қосымшада:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.".

      2. Заң департаменті (Н.С.Алмабаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алғаннан кейін оны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Мемлекеттік қызмет істері


министрі

Т. Донақов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады