Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 31.10.2018 № 252 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берілген:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақтаудағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануы үшін жолдануын;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталлондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Вице-министрі А.А. Шайымоваға жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
2016 жылғы "___"____________ 2016 жылғы 26 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөнiндегi комитетiнің төрағасы
________________ С. Айтпаева
2016 жылғы "____"__________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 14 сәуір № 76 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 сәуір № 186 бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген (бұдан әрі – Әдеп кодексі) сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) және оның аумақтық бөлімшелерімен іріктеп тексеруді тағайындау мақсатында тексерілетін субъектілерді тәуекелдің белгіленген тобына жатқызу үшін Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесіне, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген).
2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
2) тәуекел – мемлекеттік органдар (мемлекеттік қызметшілер) қызметінің нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік органдардағы өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарына, салдардың ауыртпалық деңгейін есептеумен мемлекеттің мүліктік қызығушылығына зардап (шығын) келтіру мүмкіндігі;
3) тәуекелді бағалау жүйесі – тексерулерді тағайындау мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы және қызметтік әдептің тәуекел деңгейін белгілеу үшін Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері жүргізетін іс-шаралар кешені;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын мемлекеттік қызмет саласындағы және қызметтік әдептің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
5) өрескел бұзушылық – мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік органдардағы өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын бұзуға әкеп соғатын мемлекеттік қызмет саласындағы және қызметтік әдеп заңнамасымен бекітілген талаптарды бұзу, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже талаптарын сақтамау, сондай-ақ терiс дәлелдер бойынша мемлекеттік қызметті тоқтату, мемлекеттік қызмет саласындағы және Әдеп кодексінің заңнама талаптарын бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардың 5 және одан да көп расталған өтініштері, мемлекеттік қызметке кір келтіретін 5 және одан да көп тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілерінің болуы;
6) елеулі бұзушылық – мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғау шаралары, шектерді қабылдау, еңбек тәртібі, бағалауы, оқытуы, ротациясы, іссапарға жіберуі, көтермелеуі, олардың сынақ мерзімінен өтуі, мемлекеттік органның құрылуы кезінде жұмысқа қабылдануы, арнайы тексерулерден оң нәтижемен өтулері, басшылары тарапынан жүктелген жазбаша тапсырмалар мен міндеттерін орындау бөлігіндегі талаптардың бұзылуы, есептік ақпаратты жеткіліксіз және уақытылы ұсынбау, мемлекеттік қызметкерлерге толық және ішінара расталған шағымдардың болуы, бір жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін 3-тен 5-ке дейін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілерінің болуы, сондай-ақ 1-ден 3-ке дейін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің болуы;
7) болмашы бұзушылық – мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруін қамтамасыз ету (соның ішінде құжаттамалық) бөлігіндегі талаптарды сақтамау, сонымен қатар бір жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін 1-ден 3-ке дейін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілерінің болуы.
3. Субъективті критерийлер осы Критерийлердің қосымшасында анықталған және төмендегі ақпарат көздері негізінде қалыптастырылады:
1) алдыңғы тексеріс нәтижелері;
2) мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын бұзу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауы бойынша жеке және заңды тұлғалардын шағымдары;
3) "персоналды басқару" бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау нәтижелері;
4) мемлекеттік органдармен ұсынылатын мәліметтер мен есепті мәлімдемелерді талдау нәтижелері;
5) бұқаралық ақпарат құралдарынан және басқа да дереккөздерден алынатын ақпараттарды талдау.
4. Субъективті критерийлерді бұзу дәрежесі осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес өрескел, елеулі, болмашы болып бөлінеді және орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үделі салмағын анықтау жолымен тәуекел деңгейінің көрсеткішін есептеу кезінде қолданылады.
Өрескел дәрежедегі бір және одан да көп талаптың орындалмауы 100 көрсеткішіне теңеледі.
Өрескел дәрежедегі талаптардың бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәреже бойынша қосынды көрсеткіші есептеледі.
Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін анықтаған кезде 0,7 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді:
Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
мұндағы:
Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін анықтаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді:
Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
мұндағы:
Рз – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (
Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формулаға сәйкес елеулі және болмашы бұзушылық көрсеткіштерінің қосындысы арқылы анықталады:мұндағы:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
5. Тексерілетін субьектілердің тізімі келесідей тәртіппен анықталады.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болған кезде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілсе, тексерілетін субъект жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде субъект жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын болып есептеледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
6. Іріктеп тексеру жүргізу мерзімі талдау және бағалау өткізу нәтижелері бойынша жарты жылдыққа қалыптастырылатын тізімдер негізінде жылына бір реттен аспауы тиіс.
7. Іріктеп тексерулердің тізімдері Министрлік және оның аумақтық бөлімшемелерімен:
1) субъективті критерийлер бойынша тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесінің көрсеткіші ең жоғарғы;
2) тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларға жүктеу есебімен құрастырылады.
8. Министрліктің аумақтық бөлімшемелерімен іріктеп тексерулердің тізімдері есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей Министрлікке жіберіледі.
9. Министрліктің және оның аумақтық бөлімшемелерінің қалыптастырылған іріктеп тексерулер жүргізілетін тізімдері тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберіледі.
10. Әр бақылауға алынған субъектіге тексеру жасалады, онда тексеруді тағайындау туралы актілердің, тексеру парақтарының, тексеру қорытындылары (нәтижелері) туралы актілердің көшірмелері, Қазақстан Республикасының Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзушылықпен қабылданған шешімдерді жою туралы лауазымдық тұлғалар мен мемлекеттік органдарға енгізілген ұсыныстардың көшірмелері, тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы және тексерілетін субъектімен қабылданған ұсыныстар тігіледі, сондай-ақ осы Критерийлердің 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген деректер негізінде талдау ақпараты жиналады.
11. Осы Критерийдің 10-тармағындағы көрсетілген құжаттардың түпнұсқасы Министрліктің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің номенклатурасы бойынша тігіледі.
Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша |
Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы
заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілермен
қызметтік әдепті сақтаудағы тәуекел дәрежесін
бағалаудың субъективті критерийлері
№ | Критерийлер | Бұзушылық дәрежесі |
Алдыңғы тексеріс нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды (индикаторларды) сақтамаған жағдайда белгіленеді) | ||
1 | Мемлекеттік қызметке өтетін тұлғалардың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен (бұдар әрі - Заң) белгіленген талаптарға сәйкес келуі | Өрескел |
2 | Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өткен кезінде Заңға сәйкес шектеулерді қабылдау туралы расталуының болуы | Елеулі |
3 | Заңға сәйкес бекітілетін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәртібі қағидаларының болуы | Елеулі |
4 | Мемлекеттік қызметшіге мерзімнен тыс жұмыс күндерінде, демалыс және мейрам күніндерінде жұмысқа қосымша қатыстыру, күндерді (сағаттарды) қосқанда, өтемақы беру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
5 | Мемлекеттік қызметшімен өзінің тікелей басшысына және өкім берген басшыға жазбаша түрде орындау үшін алынған өкімнің дұрыстығына күдік келтірілгені туралы дереу хабарлау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
6 | Мемлекеттік қызметшілермен жоғары тұрған басшыға, ол жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, өкілетті мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, оны басқа тұлғалармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына тарту жағдайларын дереу жазбаша түрде хабарлау міндеттерінің сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
7 | Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша тиісті шаралар қолдану, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауды сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
8 | Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттiк қызметшiнің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салуды сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
9 | Мемлекеттiк органның басшылығы мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақытылы қабылдауға, оның iшiнде: мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруын; мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуінің қабылдануын қамтамасыз ету | Өрескел |
10 | Мемлекеттік қызметшінің құқығын сақтауды қамтамасыз ету: мемлекеттік орган қызметшіні заңнамаға сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберген жағдайларда, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының (мемлекеттік лауазымының) сақтауы; қызметші өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға (оның ішінде тәртіптік жазаға тартылған жағдайда), қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметшінің пікірі бойынша негізсіз кінә жабылған кезде қызметтік тексеріс талаптарын беру құқықтарын сақтаулын қамтамасыз ету | Өрескел |
11 | Мемлекеттiк қызметшiні жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақырып алған жағдайдағы келісімнің болуы | Өрескел |
12 | Мемлекеттік органды қайта құру, жабу (жою) жағдайы болса мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету немесе мемлекеттік органның штат санын қысқарту бойынша Заңмен белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету | Елеулі |
13 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің Мемлекеттік қызметшілермен ант беру қағидаларына сәйкес ант беру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету | Болмашы |
14 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртіптік жаза қолдану ережелерімен белгеленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
15 | Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалауын жүргізу бойынша Заңмен көзделген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Елеулі |
16 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында көзделген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру кезектілігі бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету | Елеулі |
17 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 12639 болып тіркелген) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
18 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген конкурс өткізусіз ауысу тәртібінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
19 | Заңның сынақ мерзімін өту шарттары жөніндегі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Елеулі |
20 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12639 болып тіркелген) "Б" корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымына тағайындалған тұлғалардың "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылған Үлгілік біліктілік талаптарымен көзделген "Б" корпусының A, B, C, D, E санатындағы топтардың әкімшілік мемлекеттік лауазымының санаттарындағы біліктілік талаптарына сәйкес келуі | Өрескел |
21 | Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ротациялаудың Заңмен белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Елеулі |
22 | Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге іс-сапарландыру тәртібінің Заңмен белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Елеулі |
23 | Мемлекеттік қызметшілерді Заңмен белгіленген көтермелеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету | Елеулі |
24 | Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерін сақтауы, оның ішінде: мемлекеттік қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін атқаруы кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуді сақталуын қамтамасыз ету | Елеулі |
25 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің ережелерін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету (бұдан әрі – Әдеп кодексі) | Өрескел |
26 | Мемлекеттік орган құрылу кезінде азаматтарды қызметке тағайындау Заңмен белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Елеулі |
27 | Мемлекеттік қызметшілердің аттестатталуын өткізудің Заңмен белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
28 | Мемлекеттiк қызметшілердің мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
29 | Мемлекеттiк қызметшiлердiң әкімшілік мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы кезінде Заң нормаларының сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
30 | Мемлекеттік қызмет саласында Заңмен белгіленген мемлекеттік қызметке қайта орналастыру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету | Өрескел |
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын бұзу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауы бойынша жеке және заңды тұлғалардын шағымдары | ||
31 | Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардың 5 және одан да көп расталған өтініштерінің бар болуы | Өрескел |
32 | Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардың 5 және одан да көп ішінара расталған өтініштердің бар болуы | Елеулі |
33 | Мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексінің талаптарын бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардың 5 және одан да көп расталған өтініштерінің бар болуы | Өрескел |
34 | Мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексінің талаптарын бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардың 5 және одан да көп ішінара расталған өтініштердің бар болуы | Елеулі |
"Персоналды басқару" бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері | ||
35 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 26 бұйрығымен белгіленген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12693 болып тіркелген) Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесімен белгіленген "Персоналды басқару" бағытының жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің төмендігі | Елеулі |
36 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 26 бұйрығымен белгіленген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 12693 болып тіркелген) Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесімен белгіленген "Персоналды басқару" бағытының жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімсіздігі | Өрескел |
Мемлекеттік органдармен ұсынылған мәліметтер мен есепті мәлімдемелерді талдау нәтижелері | ||
37 | Мемлекеттік қызмет кадрлары ақаулығының мониторингі бойынша есептерді сапалы және уақытылы ұсынбау | Елеулі |
38 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметінің нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдерге есептерді сапалы және уақытылы ұсынбау | Елеулі |
39 | Қайта даярлау мен біліктілікті арттырудан өткен мемлекеттік қызметшілер туралы есепті сапалы және уақытылы ұсынбау | Елеулі |
Бұқаралық ақпарат құралдарынан және басқа да дереккөздерден алынатын ақпараттарды талдау | ||
40 | Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерімен бір жыл ішінде 1-ден 3-ке дейін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің бар болуы | Елеулі |
41 | Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерімен бір жыл ішінде 3 және одан да көп әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің бар болуы | Өрескел |
42 | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99-бабы 1-бөліміне сәйкес жауапкершілік көзделген мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың бір жыл ішінде 3 және одан да көп фактілерінің бар болуы | Өрескел |
43 | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99-бабы 2-бөліміне сәйкес жауапкершілік көзделген мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың бір жыл ішінде 3 және одан да көп фактілерінің бар болуы | Өрескел |
44 | Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік саясат жолын ұстанушының міндеттерін сақтамау және өмірге дәйекті түрде келтіру, өз әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін бекіту, мемлекеттік қызметтің беделін түсіруге себепті болатын әркеттердің жасалуына жол бермеу | Елеулі |
45 | Мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күнмен бес күндік жұмыс аптасын белгілеу туралы Заң талаптарын бұзу | Болмашы |
46 | Мемлекеттік қызметшілермен жоғары тұрған басшының жазбаша тапсырылған тапсырмасын орындау (қылмыстық жазаланатын әрекетке жататын іс-қимылға әкеп соқпайтын болса) | Елеулі |
47 | Демалыс беруге қатысты Заңның 54-бабының 1, 2 және 3-тармақтарымен белгіленген талаптарының сақталмауы | Өрескел |
48 | Сынақ мерзімінен өту кезеңінде тәлімгерді бекіту жөнінде Заң талаптарын сақтамау | Болмашы |
49 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 31 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13461 болып тіркелген) Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын сақтамау | Болмашы |
50 | Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадрлар қызметі) жұмысы Заңмен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі | Болмашы |
51 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12649 болып тіркелген) Мемлекеттік органның қызметшілерді басқару қызметі (кадрлар қызметі) туралы ереженің қызметшілерді басқару қызметі (кадрлар қызметі) туралы үлгілік ережеге сәйкес келмеуі | Болмашы |
52 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 9 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12650 болып тіркелген) Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларына сәйкес келмеуі | Болмашы |
53 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12647 болып тіркелген) Әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлық іс жүргізу құжаттарының Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарына сәйкес келмеуі | Болмашы |
54 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 17 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12648 болып тіркелген) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларының талаптарын сақтамау | Болмашы |
55 | Заңмен белгіленген мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға тыйым салуды сақтамау | Өрескел |
56 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің сәйкес келмеуі | Өрескел |
57 | Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпараттың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және мемлекеттік органдардың ғимараттарында жалпыға бірдей көз шола алатын орындарға орнатпау | Елеулі |
58 | Жауапты хатшылардың, орталық мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астаналардың аппараттары қызметінің Заңға сәйкес келмеуі | Елеулі |
59 | Заңмен белгіленген талаптардың бар болуы бойынша арнайы тексерістердің оң нәтижелерінің болмауы | Елеулі |
60 | Мемлекеттік қызметке кір келтіретін бір жыл ішінде 1-ден 3-ке дейін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілерінің бар болуы | Болмашы |
61 | Мемлекеттік қызметке кір келтіретін бір жыл ішінде 3-тен 5-ке дейін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілерінің бар болуы | Елеулі |
62 | Мемлекеттік қызметке кір келтіретін бір жыл ішінде 5 және одан да көп тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілерінің бар болуы | Өрескел |
63 | Мемлекеттік қызмет саласындағы өткен тексерулер мен басқа нысан бақылау нәтижелері бойынша қайталама бұзу | Өрескел |
64 | Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы есептік мәліметтерде осы Критерийлердегі қаралған жағдайларды ескермегенде мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікте тарту бойынша 5 және одан да көп фактілердің бар болуы | Өрескел |
65 | Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретіне кірмейтін және заңнамада бекітілген тәртіпте қарастыру үшін уәкілетті мемлекеттік органға жолданған, мемлекеттік органдардың әрекетіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың 5 немесе одан да көп расталған шағымдардың бар болуы | Елеулі |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 14 сәуір № 76 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 сәуір № 186 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы
заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілермен
қызметтік әдепті сақтаудағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің БСН_________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы ________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізімі | Қажет | Қажет емес | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | Мемлекеттік қызметке өтетін тұлғалардың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен (бұдар әрі - Заң) белгіленген талаптарға сәйкес келуі | ||||
2 | Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өткен кезінде Заңға сәйкес шектеулерді қабылдау туралы расталуының болуы | ||||
3 | Заңға сәйкес бекітілетін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәртібі қағидаларының болуы | ||||
4 | Мемлекеттік қызметшіге мерзімнен тыс жұмыс күндерінде, демалыс және мейрам күніндерінде жұмысқа қосымша қатыстыру, күндерді (сағаттарды) қосқанда, өтемақы беру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
5 | Мемлекеттік қызметшімен өзінің тікелей басшысына және өкім берген басшыға жазбаша түрде орындау үшін алынған өкімнің дұрыстығына күдік келтірілгені туралы дереу хабарлау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
6 | Мемлекеттік қызметшілермен жоғары тұрған басшыға, ол жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, өкілетті мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, оны басқа тұлғалармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына тарту жағдайларын дереу жазбаша түрде хабарлау міндеттерінің сақталуын қамтамасыз ету | ||||
7 | Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша тиісті шаралар қолдану, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауды сақталуын қамтамасыз ету | ||||
8 | Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттiк қызметшiнің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салуды сақталуын қамтамасыз ету | ||||
9 | Мемлекеттiк органның басшылығы мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақытылы қабылдауға, оның iшiнде: мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруын; мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуінің қабылдануын қамтамасыз ету | ||||
10 | Мемлекеттік қызметшінің құқығын сақтауды қамтамасыз ету: мемлекеттік орган қызметшіні заңнамаға сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберген жағдайларда, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының (мемлекеттік лауазымының) сақтауы; қызметші өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға (оның ішінде тәртіптік жазаға тартылған жағдайда), қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметшінің пікірі бойынша негізсіз кінә жабылған кезде қызметтік тексеріс талаптарын беру құқықтарын сақтаулын қамтамасыз ету | ||||
11 | Мемлекеттiк қызметшiні жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақырып алған жағдайдағы келісімнің болуы | ||||
12 | Мемлекеттік органды қайта құру, жабу (жою) жағдайы болса мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету немесе мемлекеттік органның штат санын қысқарту бойынша Заңмен белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету | ||||
13 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің Мемлекеттік қызметшілермен ант беру қағидаларына сәйкес ант беру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету | ||||
14 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртіптік жаза қолдану ережелерімен белгеленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету | ||||
15 | Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалауын жүргізу бойынша Заңмен көзделген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
16 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында көзделген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру кезектілігі бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету | ||||
17 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 12639 болып тіркелген) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
18 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген конкурс өткізусіз ауысу тәртібінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
19 | Заңның сынақ мерзімін өту шарттары жөніндегі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
20 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12639 болып тіркелген) "Б" корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымына тағайындалған тұлғалардың "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылған Үлгілік біліктілік талаптарымен көзделген "Б" корпусының A, B, C, D, E санатындағы топтардың әкімшілік мемлекеттік лауазымының санаттарындағы біліктілік талаптарына сәйкес келуі | ||||
21 | Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ротациялаудың Заңмен белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
22 | Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге іс-сапарландыру тәртібінің Заңмен белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
23 | Мемлекеттік қызметшілерді Заңмен белгіленген көтермелеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету | ||||
24 | Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерін сақтауы, оның ішінде: мемлекеттік қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін атқаруы кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуді сақталуын қамтамасыз ету | ||||
25 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің ережелерін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету | ||||
26 | Мемлекеттік орган құрылу кезінде азаматтарды қызметке тағайындау Заңмен белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
27 | Мемлекеттік қызметшілердің аттестатталуын өткізудің Заңмен белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
28 | Мемлекеттiк қызметшілердің мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету | ||||
29 | Мемлекеттiк қызметшiлердiң әкімшілік мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы кезінде Заң нормаларының сақталуын қамтамасыз ету | ||||
30 | Мемлекеттік қызмет саласында Заңмен белгіленген мемлекеттік қызметке қайта орналастыру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету |
Лауазымды тұлға (лар)
_____________________ ____________ __________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Тексерілген субъектінің басшысы
_____________________ ____________ __________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні, әкесінің аты
(болған жағдайда)