"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 116 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 маусымда № 13785 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кірістер мен мүлік туралы декларацияны және мәліметтерді тұрған орны бойынша салық органдарына тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
      1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасы (Қонаев А.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы          
Ұлттық Банкі Басқармасының        
2016 жылғы 29 сәуірдегі         
№ 116 қаулысына қосымша         

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің   
қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен
еңбек шартын тоқтату қағидаларына     
1-қосымша                

Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер
адамдарға қойылатын талаптар

      1. О2 тобы үшін – департамент директоры, департамент директоры-бас бухгалтер, Өкілдік Басшысы, дербес басқарманың бастығы.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Әкімшілік рәсімдер туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      Департамент директорының орынбасары, дербес басқарма бастығының орынбасары.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде үш жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).
      Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      2. О3 тобы үшін – департамент құрамындағы басқарма бастығы, Ұлттық Банк Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі, консультант, баспасөз хатшысы, бөлім бастығы.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды (магистратура) немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтаған кезде жұмыс стажы кемінде екі жыл.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Әкімшілік рәсімдер туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      Департамент құрамындағы басқарма бастығының орынбасары.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      3. О4 тобы үшін – бас маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог, Басқарма хатшысы, Директорлар кеңесінің хатшысы және басқа да атаулар.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      4. О5 тобы үшін – жетекші маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      5. О6 тобы үшін – маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.
      Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
      Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      6. Ф1 тобы үшін – филиал директоры, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) директоры.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Әкімшілік рәсімдер туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      Филиал директорының орынбасары, филиал директорының орынбасары - бас инженер, филиал директорының режим және күзет жөніндегі орынбасары, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) директорының орынбасары - бас бухгалтер.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде үш жыл не осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).
      Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      7. Ф2 тобы үшін – аумақтық филиалдың бөлім бастығы - бас бухгалтері, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) бөлім бастығы – бас бухгалтерінің орынбасары, бөлімше меңгерушісі, құндылықтар қоймасының бастығы, бөлім бастығы.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл не басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, не шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Әкімшілік рәсімдер туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      Бөлім бастығының орынбасары.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл не басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).
      Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      8. Ф3 тобы үшін – инкассация тобының бастығы, қойма (құндылықтар) меңгерушісі.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Әкімшілік рәсімдер туралы»«Құқықтық актілер туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      Касса (айналым кассасы, қайта есептеу кассасы және басқа да атаулар) меңгерушісі.
      Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
      Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      9. Ф4 тобы үшін – бас маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.
      Білімі – жоғары кәсіби.
      Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды, не Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      10. Ф5 тобы үшін – жетекші маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.
      Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
      Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
      11. Ф6 тобы үшін – маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.
      Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
      Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жыл.
      Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады