Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13792 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 2, 10 және 13-тармақтарына сәйкес БҰЙРАМЫН:
1. Мыналарға:
1) Маңғыстау облысының автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге;
2) «Қазақ газ өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.
2. Мыналарға:
1) Маңғыстау облысының автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге:
Бейнеу ауданында - 1 литрге 45 теңге (қосымша құн салығымен (бұдан әрі - ҚҚС) мөлшерінде;
өзге аудандарда, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында - 1 литрге 35 теңге (ҚҚС - мен) мөлшерінде шекті баға;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап Серіктестіктің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Комитеттің Департаменті) Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге шекті бағаны белгілеу үшін құжаттарды ұсынуына 5 күндік мерзім;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік екі күн өткен соң Маңғыстау облысының автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге;
шекті бағаны белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап Серіктестік Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай көтерме саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеудің 180 күндік қолданыс мерзімі белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми жариялауға тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Комитеттің департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Серіктестіктің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуіне шекті бағаны белгілеуді;
2) Серіктестіктің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуіне шекті бағаны белгілеу туралы шешімді мерзімді баспа басылымдарында жариялау үшін электрондық жеткізгіште елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) Комитеттің интернет-ресурсында Серіктестіктің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуіне шекті бағаны белгілеу туралы шешімді орналастыруды және оны Серіктестіктің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Қ. Бишімбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___» _____________